балаға қатысты дауын шешуі, қазақ билерінің жоғалған мал-мүліктердің
ізін анықтап, иесіне қайтару жөніндегі
шешімдері халқымыздың ақыл-ойы мен өмір тәжірибесінен
жинақтаған білім қорын, сана-сезімінің даму деңгейік
көрсететін пснхологиялық қасиеттер екенін дәйектейді.
§ 5. Психологияның мақсат-міндеттері
Психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын
ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен жасампаздық іскерлігін
өрістетіп отыруға жетелейді. Пспхология ғылымының. рөлі өскелең буынға тәлім-тәрбие беру ісінде айқын көрінеді.
Психологиялық таным процестері —түйсік
қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму заңдылықтары — оқыту
теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім-тәрбие істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауға, оқту әдістерін ғылыми
негізде ұйымдастыруға, оқу құралдарын жасауға қажет болатын ғылыми тірек.
'Адамның жеке басына тән психологиялық касиеттердің бірі—оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық
жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратын айқын ақикат. Осы орайда, адамның жан дүниесінің қыр-сырын
жандандыру, оның жеке басының қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбнешілердің таным процестері
мен психологиялық зандылық-тарды жетс білуі шәкірттерге тәлім-тәрбне беру жұмысын жеңілдетеді.
Адам өз психологиясының дамуы процесінде ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірді. Дене еңбегін жеңілдетін, оның
нәтижелі болуы үшін қажетті құрал-саймандар жасап шығарьш, тиісті амал-тәсілдер-ді менгерді. Қазіргі заманда адам
өзінің психикалық әрекетін жеңілдететін және оны нәтижелі ететін тәсілдерді ойлап табуды мақсат етуде. Ондай мақсат
қазіргі кезде автоматика,
телемеханика, раднотехника,
электроника, бионика, ғарышкерлік және баска ғылыми
жетістіктердің салалары арқылы жүзеге асып отыр.
Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының
қажеттері болып табылатьш
дүниетанымдык көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетіи, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру — психология ғылымының
басты міндеті. Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімсн тығыз байланысты болып
отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын. оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамды өз
басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытьш отырура баулиды.
16