VIII. Спорт психологиясы спортшылардың іс-әрекетіндегі психологиялық ерекшеліктерін қарастырады, Спорт
жетекшілері мен бағынушылардың өзара карым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен
қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш-қуатын жинақтау деңгейін,
жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәседелернің психологиялық факторларын зерттсйді Әрбір ел мен халықтың спорт
өнеріндегі срекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады.
IX, Сауда психологиясы — қазіргі заманда кенінсн дамып отырған сала. Бұл сала бойынша әрбір елдің саяси-
экономикалық және мәдени-материалдық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына қарай дамыту шаралары белгіленеді,
Сонымен қатар, әсіресе, жарнамалардың психологиялық ықпалы, елдегі адамдардың жас ерекшеліктері, сатьш
алушылардың мұқтаждығы, оларға қызмет көрсетудің факторлары қарастырылады.
X. Ғылыми-шығармашылық (творчество) психологиясы --- соңғы кездерде зерттеле бастаған сала, Бұл салада
шығармашылық адамның жасампаздық қызметі, өзіндік ерекшеліктері, белсенділігі айқын көрініп, ғылыми
жаңалықтарды ашудағы интуициясы, сезімдік рөлі т, б. сипаттары зерттеледі. Осы бағыттағы ерекше ма-нызды
заңдылық — эвристика тәсілі.
XI. Көркемөнер, әдебиет пен шығармашылыққа қатысты психология. Бұл сала бойынша қарастырылатын
мәселелер —- әсемдікті қабылдау және оның адам жан дүниесін байытуға ықпал ету факторлары. Бұл саланың өзекті
мәселелері әлі күнге дейін жүйелі түрде вз дәрежссінде зерттеле қойған жоқ.
XII. Салыстырмалы психология психиканын филогенетикалық түрлерін карастырады. Мұнда адам мен
хайуанаттар психикасын салыстыра отырып зерттейді. Олардың психикасындағы айырмашылықтары мен ерекшеліктері
ажыратылады. Бұл саланың жануарлар пснхологкясын зерттейтін тармағы әрбір түр мен тектің, олардың тобындағы
жан-жануар, жәндіктердің. құлқьш. әрқылы механизмдерін қарастырады,. Мысалы, өрмекші, құмырсқа, ара, ит, құс,
жылқы және маймылдың психикасы едәуір деңгейде зерттелген. Қазіргі кезде бұл тармаққа биология мен
психологияның тоқайласқан жерінде этология деп аталатын тармақ қосылып отыр. Бұл орайда, кнттер сияқты
дельфиндердің де қылықтары бақылауға алынып, хайуанаттар құлқындары туа пайда болатын механизмдер зерттелудс.