Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет9/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

Зерттеу әдістерінің түрлері. Бакылау және тәжірибелік әдістердің қолдану тәсілдері әр қилы. Бақылау арқылы
байқалғаи фактілер мен құбылыстардың табиғаты пснхологиялық тұрғыдан түсіндіріледі.
Өмір тәжірибесінде әдеттегі бақылаудан ғылыми бақылаудың негізгі айырмашылығы құбылыстардың себеп-
салдар принципі бойынша әрбір нәрсенін сыры ашып көрсетіледі. Ғылыми бақылау мынадай сатылардан тұрады
:
а) сырттай бақыланған мінез көріністері мен әрекеттерді түсіндіру; ә) оның ішкі психологиялық ) мәнін ашып
көреету, б) жорамал жасап, онын анықтығын танып білу.
Эксперимент — психологиядағы негізгі зерттеу әдісі. Экеперименттін, (тәжірибенің) қолданыла бастағанына бір
ғасырдан астам уақыт өтті. Эксиерименттін, лабораторкялық эксперямент және табиғи эксперимент дейтін екі түрі бар.
Табиғи экспериментті психологияға 1910 жылы. орыс оқымыстысы А. Ф. Лазурский енгізді, Бұл әдіс психологиялық
және педагогикалық эксперимент деп те аталады. Мұның рөлі ерекше. -Табиғи эксперимент бойынша психологиялык
зерттеулер адамның өмір- -тіршілігіндегі үйреншікті жағдайына сәйкес жүргізіледі. Сонаай-ақ, психологиялық-
педагогикалык зерттеу бойынша әр түрлі жас кезеңдерінде адамның (оқушьшың) қальштасуы карастырылады. Әр түрлі
кезеңдерге сәйкес зергтеу арқылы түрлі жастағылардың айырмашылықтары шартты түрде алынған белгілерге
14


негізделеді.Лабораториялық эксперимент, мысалы, балалардың сезгіштік қасиеттерін, ақыл-ойының даму деңгейін,
белгілі мамандыққа икемділігін аныктау құрал-жабдықтарды қолдана отырып, белгілі орында, арнайы жабдықталған
лабораторияларда жүргізіледі.
Сынау (тест) әдісі — адамның бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі
мақсат етіп қояды. Психологиялық әдістер тек ғылыми зерттеу жұмысы үшін ғана емес, сонымен бірге сынау
мақсаттары үшін де қолданылады. Мысалы, психолог сьшау әдісі арқылы адамның бойындағы ерекше қасиеттерді
ажыратьш, оның ұшқыш не астроном, не өзге де мамандықтарды игеруге деген бейімдік қабілетінің қаншалықты
екендігін анықтайды. Жете тексерілмеғен сынау әдісімен жасалған кейбір қорытындыларда қателіктер де кетуі мүмкін.
Мұндай қателер көбінесе кей-бір балалардың бойындағы психологиялық процестер мек ерекшеліктердің кешігіп барып
оянатынына жете мән бермей, асығыс қорытьшды жасауға байланысты.
Психологиялық зерттеу әдістерін нақты психикалық процестер мен психологиялық қасиеттерді анықтауға қолдану
сипаттарьша орай, негізгі әдістер және көмекші не қосалқы әдістер деп екі топқа бөліп қарастырамыз. Мысалы,
оқушылардың мамандықты игеруге бейімділігін анықтау үшін сынау (тест) негізгі әдіс деп саналса, ал сол оқушының өз
қольшен жасап шығарған затын не оқу кұралдарын көмекші әдіс деп атаймыз, Кейбір жағдайда көмекші әдістер негізгі
әдіске айналып отыруы да мүмкін. Мәселен, окушының орындаған жазба (бақылау) жұмысы оның белгілі пәнді
менгеруін анықтауда негізгі әдіс болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет