Қатынас жасаудың түрлері қандай? Адамның қарым-катынасында субъектіні (сөйлеуші адам) және объектіні
(басқа адамдар, ал оның мәлін білдіретін құрал — тіл) ажыратып қараймыз. Қатынас әрекетіндегі объект — өзге адамдар
және олардың санасы мен ниет- тілектері, сезім күйлері меп эмоциясы Қатынас жасаудағы негізгі әрекет түрлері ең,
алдымен, білімдік маңызы бар
жаңа хабардарды алмасу болса, екіншіден, сол карым-қатынас
жасау нәтижесіиде
адамдардың ниет-тідектерінің бағалы болуы, үшіншіден, белгілі іс-әрекеттер жасауға түрткі болатын себептер. Қарым-
қатынас жасауда бұл жайттардың бәрі пеихологиялық жағынан түрліше мазмұнда болуы мүмкін.
Тіл арқылы адамдардың қарым-қатынас жасауы жеке адамдар (үш-төрт адам) арасында, не
көптеген адамдар
тобымен де болып отырады. Мұндай катынас қоғамдық қатынас деп аталады. Бұлардан өзге топтар арасында да
қатынастар болады,
Қарым-қатьшас сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асып огырады. Бұл ретте сөйлеу әрекетінің бірнеше сатылардан
тұратын заңдылығы бар. Мұны сөйлеудің фазалары не сөйлеу әрекетінің сатылары дсп атайды. Бұлар' — а) сөйлеуге
даярлық; б) жоспарлау; б) жүзеге асыру, с) бақылау сатылары, Сөйлеудің көптеген сипаттары ойлау әрекетіне ұқсас.
Ойлау әрекеті адамның танып білу мақсатын көздейтін болса, ал сөйлеу әрекеті арқылы қатынас жасау (коммуникация)
мақсаты көзделеді.
Ерте замандардан бері адамдар арасындағы қарым-қатынастың кең тараған түрінің бірі — зат алмасу қатынасы
болып саналады. Этнопсихологияда әрбір тайпаның халықтың үлттық дәстүрлерге байланысты әдет-~ғұрпы, мысалы,
абысын-ажын арасында сақина-жүзік, білезік алмасу, ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу, сауға тарту, сәлемдеме
жолдау тәрізді қатынастың басқа да сан алуан түрлері болған. Сол сияқты, ізет, кұрмет, сыйластық сезімдері де адамдар
арасындағы қатынастың бір түрі больш саналады. Қатынас жасаудың ымишара білдіру, бет құбылысы мен көзқарас
арқылы үсінісу сияқты түрлері де бар. Сонымен, қатынас -- дегеніміз белгілі мәні бар, айтылатын ой-пікірді, сезім күйі
мен эмоцияны басқа адамдарға білдірудің тәсілі болып саналады. Коммуникативті әрекет сөзсіз де жүзеге асады.
Дегенмен, адамдардың қатынасында сөйлеу
арқылы қарым-қатынас жасаудың, маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: