Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән


§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет80/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

§ 5, Ойлаудың түрлері және оның даралық ерекшеліктері
Біріншіден, ойлаудың түрі нақтылы іс-әрекет пен: қимыл-қозғалыс жайындағы практикалық існен ұштасқан.
Бөбектердің ойы осы іс-әрекеттермен байланысты. Екінші, бейнелі ойлау мектеп жасына дейінгі балаларда қарқынды
дамып, олардың заттарды ұстап-тұтынуы нәтижесінде қалыптасады. Олар сол заттардың бейснесін көрнекі түрде
137


қабылдап отырады. Үшінші, абстрактылы ой. Ойлаудың бұл түрі бойынша адамның ұғымды менгеруі нәтижесінде
пайымдау әрекеттері дамьш, ғылыми түсініктері өрістейді.
Ойлаудың даралық ерекшеліктері адамның танып білуінің сапалық сипаттары мен ерекшеліктерін қамтитын ақыл-
ойдың қызметі болып саналады. Ондай салаларға өз бетінше ойлау, оның оралымдылығы, ойдың тездігі мен ұшқырлығы
сияқты қасиеттер жатады. Барлық ойлау әрекетіне тән басты қасиет — дара адамның әрбір нәрсенің мәнді қасиеттерін
өздігінен ажыратып, олардан жаңа қорытындылар жасай білуі. Ойлау әрекетіндегі адамның мұндай сапалық қасиеті —
нәрсслердің мән-жайын дұрыс ұғынып, олардың жалпы заңдылықтары мен өзара байланысын ашып беруге қабілетті
болатындығы. Мұндай әрекет ойлау жүйесін жетілдіріп, адамның ақыл-ойын өрістетеді, Адам ойлауынын дамуына
ықпал етудегі бір мақсат — ойлау әрекетінің жасампаздық қасиетін арттыру, сөйтіп, адам ойының мүмкіндіктерін толық
пайдалануды жүзсте асыру болып табылады.
6. Ой болжамы арқылы жұмбақ мәселелерді шешу
Ой болжамы ғылымда гипотеза деп аталады. Гипотеза дегеніміз — әр турлі деректер негізінде объектілер мен
құбылыстардың байланысы, олардың себебі туралы қортынды жасау. Бұл — ойлаудың дамуындағы өзіндік тәсіл-
Алайда, мұндай шешім — ой болжамын анықтау жолындагы алғашқы қадам. Ал мәселенің шындығында жету үшін ой
болжамының ықтималдық сипатын әлі де тексеріп, оны дәлелдеу керек болады. Осындай тексеруден кейін ғана ой
болжам анықталса, ол ғылыми теорияға айналады. Егер тексеруде теріс нәтиже алынса онда ол өзгертіледі не теріске
шығарылады, Біріне- бірі қайшы ой болжамдары бір объектінің әрқилы қырлары мен байланыстарын түсіндіргеннен
кейінгі басқа жағдайларда, екеуі бірдей ақиқат бола алмайды. Қазіргі кездегі позитивистер, эмпириктер т. б. ой
болжамдары ғылыми объективтік дүниенің заңдылықтарын қарасты-руға міидетті емес, деректерді тек қана нақтылап
тіркеп отыруы қажет дейді. Өйткені, олардың пікірінше, -ой болжам тек “жанама” рөл атқарады да, оның маңызы
болмайды. Осы заманғы ғылыми эксперименттік зерттулердің күрделене түсуі әралуан әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
құпиясы ашылмаған мәселелердің сырын ашып отыр. Осы орайда, ғылыми тұрғыда құрылған ой болжамы адамның
ойлау процесін дамытуға зор ыкпал ететін қуатты күш болып саналады. Ойлау әрекеті — ғылыми болжам ғана емес,
жұмбақ мәселелердің мән-жайын ұғыну үшін күнделікті тәжірибеде қолданылып отыратын күрделі психнкалық процесс
және адам-ақыл-ойының жемісі.
138




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет