Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет86/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

ХҮтарау. Қиял
§ 1. Қиял және оның өзге психикалық процестермен байланысы
Адам бұрын өзі көріп білмеген нәрселерінің бейнесін көз алдына елестетіп, олардан жаңа бейне жасайды. Немесе
бұрынғы қабылданған, жиналған бейнелерге сүйене отырып, өз басында тың, соны, жаңа елестер мен идеялар тудырады.
Осындай жаңа, соны бейнелер мен идеяларды қиял деп атаймыз, Қиял — тек адамға ғана тән, соған меншікті
психикалык. процесс. Жануарлар дүниесінде мұндай функіция болмайды. Өйткені, қиял — адамның. енбек әрекетімен
дамитын психикалык, кызмет. Ол басқа да психикалық процестердің түрлері сиякты шындықты бейнелеп, болмыстағы
оқиғалармен бірлікте пайда болып отырады. Қиял арқылы пайда болып отыра-тын жаңа бейнелер адамның білім
қорына, нақты образдарға, тұрақты елестерге негізделеді. Адамның әрқилы психиаалық әрекеттерінде бір ғана процестің
дараланып жеке кездееуі мүмкін емес. Ондай процестер бір бағыт-пен, арнамен өзара ұштасып, араласьш жатады.
Солардың ішінен адам әрекетінде бір-екеуі жетекшілік кызмет атқарады. Сонымен, қиял дегеніміз — бізді қоршаған
сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың образдарын жаңғыртьш, оларды өңдеп бейнелеуден тұратын, тек адамға
ғана тән психикалық процесс.
Адам қиялына меншікті бірсыпыра ерекшеліктерді мынадай етіп топтастырьш көрсетуге болады: а) әрбір адамның
киялы оның жеке басының қызығуы мен ерекшелігіве, алдына қойған мақсат-мүддесіне байланыста болып отырады.
Мысалы, жаңадан машина жасауды ойластырып жүрген инженердің белгілі тетіктерді жетілді-ру үшін оларды жасап
шығарудың әдіс-тәсілдерін қарастыруын, емтихан тапсырайын деп жүрген студенттщ іс-әрекетін, шөл далада сусап келе
жатқан жолаушының қиялын салыстыра отырып, олардың әрқайсысының мүдде-мақсатын айқындауға болады. ә)
Қиялдың мазмұн-мәнісі, түр-сипаты адамның жас ерекшелігіне, білім дәрежесі мен өмір тәжірибесіне, дара басының
ерекшелік-теріне байланысты. Мысалы, өмір-тіршілігінде көріп білгені мен көкейге түйгені көп білімдар адамның қиялы
мен жеткіншек жастың қиялын бір мөлшермен салыстырып қарауға болмайды. б) Қиял адамның барлық психикалық
құбылыстарымен тығыз үштасып жатады Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі
жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік-жігері, қайраты оньщ жоспарлаған мудделі ісін
жүзеге асыруынан көрінеді. Киял-да ойлау процесі ерекше орын алады. Осы ретте, кенес. психологі А. В. Брушлинский
қиялды ойлаудың ерекше бір түрт деп санайды. Бұл пікірді қостаушылар казірігі уақытта да кездесіп жүр. Өйткені,
ойлау белсенділігі адамды шығармашылық істер мен әрқилы әрекеттергс жетелейді.
146


Физиолог И. М. Сеченевтьщ қиялға байланысты пікіріне сүйенсек, адамның басына оның есіндс орын тепкен
элементтсрден кұралмаған бірде-бір ойдың келуі мүмкін емес. Ол тіпті ғылыми табыстарға негі болатын жаңа ойлардың
өзін бұл ережеден шығарьш тастауға болмайды дсген пікір айтқан еді. в) Адамнын қиялы еңбек процесінде іс~әрекет
үстінде дамып отырады. Мұндағы шарттар: синалы максат, болашакты болжай білу,оны өңдеп елестеге алу. Адам
қиялына тән мұндай қасиеттер оның психикасын жануарлар психикасынан өзгешелеп тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет