Алғы сөз психология ғылымы қазақ елінің өткен дәуірлерінде жеке ғылы-мы пән



Pdf көрінісі
бет88/124
Дата29.03.2023
өлшемі0,87 Mb.
#77283
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124
Байланысты:
Ә,Алдамұратов Жалпы психология

32-сурет. Қолдың түрлі жағдайларына сәйкес адамның қиялымен жасалған аспаптар.
150


33-сурет Шығармашылық қиял туындылары—сфинкс және кентавр.
К. Э. Циалковский- менің ғарышқа сапар шегу талабым фан-тастикалық шығармаларды оқудан пайда болды. Ынта
соңынан акыл-ой әрекеті туды. Егер ғылым тарапынан көмек келмегенде, тек ақыл-ой еш нәтиже бермеген болар еді,—
дейді. Қазақ халқы-ның ертедегі қиялы да ұшқыш кілем, таусоғар, көлтауысар, желаяқ тәрізді басқа да кереметтер
жөніндс қиялғажайып ертегілер туғызды. Сол арман-тілектің көпшілігі бүгінде нақты шындыққа айналып отыр, Қазіргі
танда ел қажеттілігін, мұқтаждығын өтеп отырған пойыздар мен автокөліктер, ұшақ типтерінің сан алуан түрі —
адамның жасампаздық және шығармашылық қиялының жемісі.
Шығармашылық қиялдың көркем әдебиет пен өнер саласында да алатын орны айрықша. Қоғамдық өмір мен
әлеуметтік құбылыстар-ды, адамдардың топтарың, типтерін көрсетуде шығармашылық қиял арқылы сан алуан бейнелер
жасалып, типтік тұлгалар туындайды Бұл ретте, М. Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясы түрлі топтарға, кесек бейнелер
мен кейіпкерлерге толы. Мәселен, Құнанбай, Майбасар, Ысқақ, Тәкежан мен Әзімбай — бір топ болса, Абай, Әбіш,
Мағауия, Базаралы, Дәркембай ~ өз алдына бір бағыттағы кейіпкерлер Сонымен қатар жазушының шығармасында
Тоғжан, Әйгерім, Зере мен Ұлжан тәрізді әйел образдары да тарихн түлғалық бейнелер ретінде суреттеледі.
Шығармашылық қиялды түсіншілік, сәулет, сурет, әдебиет, мәдениет сынды өнер салаларына тән деуге болады.
§ 4. Арман, мұң
Адам қиялының ерекше бір түрі — арман. Бұл — актнв әрекетшіл қиял, өз мақсатымыз бен мүддемізге орай
бейнелср жасау, игі мақсат-мүддемізді іс жузіне асыруды қиялдау. Басқаша айтқанда, арман — келешектегі әрекеттсрге
151


арналған киял. Ол — шығармашылық қиял емес, бірақ, соған дайындыктың бастапқы сатысы. Арманды бағалауда
ескеретін жайттар: а) арманның әре-кстке қатысы; ә) шындықпен жанасуы; б) оның келешек үшін мәні.
Арман бос қиялдаумен түк те жанаспайды. Бос қиялдың өмір үшін ешбір пайдасы жоқ, ол — арманның тиімсіз
түрі. Бұл — қажырсыз қиял. Мұндай қиял адамды белгілі бір мақсатқа не нәтижеге жетелемейді Арман — қиялдың
ерікті түрі, ол әрі саналы, әрі белсенді сипатқа ие. Әрекет етудің орнына адам бос қиялға берілсе, онда оның бұл
жағдайы босқа адасу, жігерсіз әрекет болар еді.
Адамның жігерсіз іс-әрекетіндегі қиялдың бір түрі — мұң. Мұн — адамның бұрын басынан кешірген қолайсыз
оқиғадары мен сәтсіз істері жайындағы ойы, мақсатты істерінің жүзеге аспауы туралы, оған себепкер болған жайттар
жайындағы қиялы. Осындай қолайсыз бейнелердің тізбегі кім-кімнің болмасын тынышын кетіріп, ойын бөледі. Бұл —
қиялдың әрекетсіз түрі, сондай-ақ, шындықтан жалтару болып саналады. Әдетте, еркі күшті адам мұндай қолайсыз
қиялдан арылудьщ жолын іздестіріп, мақсатгы істі жүзеге асыру әрекетіне ауысады да, өзің-өзі меңгереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет