қабілетіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, тиімді басшылар, әдетте,
физикалық орта мен мінез-құлыққа
басты көңіл бөледі, содан соң
көшбасшылық міндетті бөлу мен деректерді пайдалану, тек соңында ғана жеке
басы мен оқу бағдарламасын жақсартуға назар аударады» (Дэй және басқалар,
2009)
.
Көшбасшылық
Көшбасшылықты мен қажетті нәтижеге қол жеткізу мақсатында басқалардың
әрекетіне ықпал ету қабілеті деп танимын. Көшбасшылар – басқалардың
мақсаты, уәжі мен әрекетін қалыптастыратын адамдар. Бекітілген және жаңа
мақсатқа қол жеткізу үшін олар түрлі өзгерістерді енгізуге бастама жасайды.
Көшбасшылық
шығармашылық, қуат пен біліктілік дегенді білдіреді.
Табысты мектеп көрсеткіштері алты түрлі көзқарасқа байланысты
болуы
Ұлыбритания тәжірибесінен (оқушы, мұғалім, ата-аналар, басшылық,
оқу-көмекші
персонал, жоғары басшылық/ білім беру басқармалары
(бөлімдері)).
Мұғалім
ұжымның барлық мүшелері арасында жақсы ақпараттық қарым-қатынас
орнаған;
қызметкерлердің кәсіби дамуына және жұмыстан қол үзбей біліктіліктерін
арттыруға
мүмкіндік
берілген;
жұмыс істеуге жағдай жасалған (ғимарат,
жөндеу жұмыстары, көрнекі
құралдар);
оқушылар
бақытты
және
уәждері
мықты;
барлық оқушыларға өздерінің қабілеттеріне қарай жетістікке жетуге
көмектеседі.
Даму жөніндегі жұмыс процесі басқаларды ынтымақтастыққа, рефлексия мен
өзін-өзі бағалауға тартуға арналған тапсырмаларды қамтиды.
Мұндай іс-
шаралар жиі өткізіледі, мысалы: әріптестермен пікірталас жүргізу, желіде
орналастырылған есептерін оқу, оқушылардың тәжірибесі туралы пікірлерін
жинау, бақылау немесе жоспарлау мақсатында басқа сыныптарға
әріптестерінің сабақтарына қатысу. Команда көшбасшысы жалпы мақсатпен
біріктірілген білімді және уәжделген (мотивированных)
адамдардың
әрекеттерін үйрететін және үйлестіретін көмекші болуы тиіс. Іс-әрекеттердің
үйлесімділігіне және іскерлігін жетілдіруге баса назар аударылады. Әр
адамның есінде өздерінің үлкен жетістіктерге жеткен кездері жақсы сақталып
қалады.
Көшбасшылық – екінің бірінде бола бермейтін қасиет. Оны дамытпасаң ол
өшеді. Кез келген мұғалім алдымен өз көшбасшылығын жетілдіріп, үнемі
ізденісте болуы керек. Көшбасшысы бар жерде іс те нәтижесін береді.