№1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен



Pdf көрінісі
бет48/86
Дата30.03.2023
өлшемі1,35 Mb.
#77831
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86
Байланысты:
91 эссе

Ауызша насихат – бұл балабақшалардың педагогикалық кеңестерінде
аудандық әдістемелік кабинеттерінде, педагогтардың білімін жетілдіру 
институттарында өткізілетін арнайы маслихаттарды, семинарларды озық 
тәжірбие туралы лекциялар және баяндамалар жасалынып, оларды озық 
мұғалімдердің жұмыстарының мәні мен негізгі идеяларының мазмұны 
анықталады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, оқу-тәрбие процесін 
жетілдірудің кейбір бағыттарын белгілейді. 
Баспасөз насихаты – бұл педагогикалық теория мен практиканың саласында 
әр түрлі формаларда жүргізіледі. Оларға психологиялық-педагогикалық 
еңбектер, 
ғылыми-әдістемелік 
ұсынбалар, 
жинақтар 
т.б. 
жатады. 


Педагогикалық озық тәжірбиені таратуда, оны тұтас педагогикалық процеске 
енгізуде, әсіресе, «Педагогикалық оқулардың» маңызы өте зор. 
«Педагогикалық оқуларды» өткізу нәтижесінде ұжымдық түрде талқыланған 
және мақұлданған жақсы тәжірбие оқу мен тәрбие процесіне енгізу үшін 
жинақталады және таратылады. Практикаға жаңа бір нәрсені енгізу үшін оқу-
тәрбие жұмысының озық әдістерін біліп қоймай, оларды практикада да 
тыңғылықты игеру қажет 
Сонымен, педагогикалық озат тәжірибе жұмысын ұйымдастыру арқылы – 
ұстаз шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін 
оқыту және тәрбие тәжірибесі және шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар 
тәжірибе, 
жаңашылдардың 
тәжірибесі 
анықталады. 
Педагогтың 
тәжірибесіндегі жаңалық арқылы басқа педагогтарға үлгі болып, озат 
тәжірибесі таратылады, ендеше ол жұмысты ұйымдастыру, жүргізу білім беру 
мекемесінің жаңашыл бағытының көрінісі. 
№49 БІЗ ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТЕ АЛАМЫЗ 
Қазіргі таңда өзгеруге талпынған жандар мен өзгертемін дейтін семинарлар 
көбейді. Әрине, жаңалыққа ұмтылудың еш сөкеттігі жоқ. Алайда көп нәрсенің 
тетігі тек қана өзімізде екенін түсінбейтініміз қиын. 
Ұстаз тапсырмасын орындау нәтижесінде бүгінгі желілік бизнеске айналған 
кестені ойлап тапқан баланы идеясы о баста жақсылық жасау болатын. 
Былыққа толған қоғамды жамандықтан тазартқысы келген оқушының 
қарапайым сызбасы әуелі үш адамды, үш адам тағы да тоғыз адамды өзгерту 
әрі қарай жалғасады. Мектеп оқушысы нашақорға бар жиған-терген тиынын 
ұстатып, оны үйіне қондырып, жұмыс тауып береді. Жұмыс тапқанымен, ол 
үйренген әдетінен айнығысы келмей, қайта бұрынғы күйіне түседі. Алайда 
оның ойында кішкентай баланың «мен сені өзгерткім келеді, сен де біреуді 
өзгертуге тиіссің» деген сөзі қалып қояды. Таң атпай көше кезіп, қиналған 
жанына «дауа» таппай келе жатқан нашақорға көпірден секіргелі тұрған 
бойжеткен кездеседі. Нашақор шошып кетеді. Кенет миының бір қыртысында 
қалған кішкентай баланың сөзі есіне түсіп, жалма-жан қызды құтқарады. 
Еңіреп жылаған қыз «мені не үшін құтқардың» дегенде, «енді сен де мен 
сияқты қиналған бір жанға көмектес, маған бұл ойды кішкентай бала үйретті» 
дейді. Не керек, мектеп оқушысы ойлап тапқан жақсылық жасаудың желілік 
кестесі осылайша АҚШ-та көп қолдауға ие болыпты. 2000 жылы америкалық 
жазушы, қысқа әңгіме жазудың шебері Кэтрин Райан Хайдтың идеясымен 
түсірілген режиссер Мими Ледердің «Заплати другому» атты фильмі бүгінде 
әлемге танымал. Қазір аталмыш киноны көптеген тренерлер пайдаланып 
жүр.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – қоғамдық сананы ұлттық кодты сақтай 
отырып өзгерту, жаңғырту. Ал сананы өзгерту бір күннің немесе бір жылдың 
аясына сыймайтыны тағы белгілі. Тіпті күнделікті дағдыңызға өзгеріс енгізу 
үшін өзіңізбен өзіңіз күресесіз. Адам шын ниеттенсе, мақсатына жетпей 


қоймайды. Сондықтан да «жақсылық көрсем өзімнен, жамандық көрсем 
өзімнен» деген мақал біз айтқан ойды айқындай түседі. 
Жуырда облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы «Мен әлемді өзгертемін» 
атты видеоролик жабық конкурсын өткізді. Аймақтағы барлық аудан, қала 
мектептерінен қатысқан оқушылардан 26 жұмысы сарапқа салынды. 
Байқаудың мақсаты – сананың ашықтығын қалыптастыру, оқушылардың 
шығармашылық қабілетін арттырып, қоғам жайлы ойларына түрткі болу, 
идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету. 
Конкурсқа қатысушылардың шығармашылық туындыларын №2 «Мұрагер» 
мектебінің киностудия режиссері Жеңіс Сүйіндіков, педагог-психолог
«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Сымбат 
Әбдірахманова, қалалық оқушылар сарайының әдіскері Ақтілек Темірбайұлы 
қарап, бағасын берді. 
Қазіргі уақытта білім алу, білімді болу трендке айналды. Қарап отырсаңыз, 
шетелде оқу Қазақстандағы білім алудан әлдеқайда арзан. Сондықтан 
балаларды оқуға, білімге үйрете берген дұрыс. Оқушының олимпиадаға, 
конкурстарға қатысуына кедергі жасамай, оларға ой салып, бағыт сілтеп 
отырса, жақсы нәтижеге жетеді. Балаға жақсы атаулыны көрсетуден 
жалықпауымыз керек. 
Әсіресе ақпараттық технологияны меңгеру – бүгінгі күні табыс көзі. Ал білімді 
табысқа айналдыру үлкен жетістікке жетелейді. 
Әрине, әлемді өзгерту – өзекті тақырып. Сондықтан да оқушылардың 
белсенділік танытып, байқауға қатысқаны қатты қуантты. Алғаш рет 
ұйымдастырылған байқауға барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. 
Бір сөзбен айтқанда, жас ұрпаққа білім берумен қатар, олардың бәсекелік 
қабілетін, санасына озық тәжірибелерді сіңіре білуге үйретуден еш 
ұтылмасымыз анық, – деді марапаттау салтанатында сөз алған «Тәрбие және 
білім» бөлімнің басшысы Әлима Әбдіхалықова. 
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалған, №2 «Мұрагер» мектебі 
киностудиясының режиссері Жеңіс Сүйіндіковтің айтуынша, байқауға келіп 
түскен видеороликтер тақырыпқа сай және оқушылар тың идеяларымен 
қуантты. Бастысы – шынайы еңбек еткендер жеңіске жетті.Жақсылық жасау 
арқылы қоғамды өзгертуге болатынын білдірген қатысушылардың жұмысы 
бізді қуантты. Балалардың конкурсқа 
қатысу белсенділігі өте жоғары. Осындай өзекті тақырыпқа конкурс 
ұйымдастырған облыстық «Рухани жаңғыру» орталығына ерекше алғысымды 
білдіремін. Балалардың біреуді қайталау, еліктеу дегенге түсіністікпен қарап, 
оларды қолдай білсек, келешекте керемет идеялар дүниеге келері сөзсіз.
Қазақстанда алғаш рет «Мұрагер» мектебі жанынан ашылған киностудияға 
қатысушы оқушылар болашақ мамандықтарына таңдау жасап та үлгерді. 
Сондай-ақ, оқушылар бос уақыттарын текке кетірмей, өздеріне қажетті 
ақпараттарды іздеп, өздері жаңалық жасаға ұмтылуда. Алдағы уақытта 
осындай мектеп студиялары көбейетіні сөзсіз. Осы орайда жастардың 
шығармашылық ізденістеріне дұрыс бағыт беру ғана жетіспейтінін айтқым 
келеді. 


Конкурста 1-орын алған А.Байтұрсынов атындағы №211 мектептің оқушысы 
Бисембаев Нұрдәулет «Қазіргі қоғамда балаларға зорлық-зомбылық жасау 
көбейіп кетті. Егер балаларды ешкім қорламаса, ұрмаса, соқпаса, онда бүкіл 
әлем мейірімге толар еді. Біз видеороликте осы ойымызды жеткізгіміз келді. 
Мен балаларды зұлымдықтан қорғағым келді, - дейді. 
Бізді байқауға қатысушылардың қоғамды өзгертуге талпынған ойлары 
қуантты. Зұлымдық пен зорлық – адамзат баласына жат нәрсе. Соған 
қарамастан ең ауыр зорлықты адамдар жасайтыны да ащы шындық. Әсіресе 
соңғы жылдары балалар арасындағы бұзақылық пен қылмыстық оқиғалар 
азаймай тұр. Нұрдәулет өзінің видеоролигінде балалар арасындағы 
қатыгездікті көрсете отырып, оның соңы жақсылыққа апармайтынын 
түсіндіргісі келген.
Ал 3-орын иегері №273 мектептің оқушысы Жұмаділов Бағдаттың айтуынша, 
адамдар қоқыс тастамаса, табиғатқа зиян жасамаса, әлем өзгеретінін айтады. 
Біз бәріміз таза жерде, таза қалада тұрғымыз келеді. Алайда көшеде шашылған 
қоқысты өздігімізден жинауға құлықсызбыз. Егер адамдар күнделікті 
тұрмыста қоқыс жинауға дағдыланса, онда біздің айналамыз да, табиғат та 
тамаша болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет