7
Жанқұтты:
- Шам
жарығының түспесі бола ма?
Абай:
- Шам жарығы түбіне түспейді.
Жанқұтты:
- Болат пышақтың кеспесі бола ма?
Абай:
- Болат пышақ өз сабын өзі кеспейді.
Жанқұтты:
- Тамағына тартпайтын
махлұқат бола ма?
Абай:
-
Өз тамағына тартпайтын махлұқат болмайды («Қазақтың би-
шешендері»).
2. Қарамен жазылған сөздерде неше әріп бар екенін айтыңыздар.
3. Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай екенін түсіндіріңіздер.
2- жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына
әріптердің тиістісін қойып,
өлеңді
көшіріп жазыңыздар.
Ашу...ңа сүйенсең,
Адасуд...ң белгісі.
Аңғал бол...аң әр іске,
Алжасу...ң белгісі.
Екі адам...а жалта...дау,
Ерінш...ктің белгісі.
Есел..п шашу ша...қаны.
Кө...ілшектің белгісі.
Артық ішу тамақ...ы.
Ақылс...здан шық...ан іс.
Ақшас...з берсе аңғар...п,
Қарыны...а өлшеп іш!
Аш...лып кетсе араның,
Аур...дың түбі ас болар.
Ақылы ж...тпей кейб...реу,
Ақ...лдыға қас болар
(«Қазақтың би-шешендері»).
2. Тіл дыбыстары қалай жасалады?
3. Өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: