Қазақ тілі (фонетика, лексика)


-жаттығу. 1. Әңгімені оқып шығып, жай сөйлемдерді көшіріңдер.  8  ЕДІГЕ БИ



Pdf көрінісі
бет6/63
Дата02.04.2023
өлшемі0,83 Mb.
#78435
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
3-жаттығу. 1. Әңгімені оқып шығып, жай сөйлемдерді көшіріңдер. 



ЕДІГЕ БИ 
Едіге – Арғын тайпасының Сүйіндік атасынан шыққан атақты би-шешен. 
Фольклоршы Машһүр Жүсіп Көпейұлының жазуына қарағанда Едіге тіптен 10-
12 жасынан билікке араласқан есті бала бопты. Бұған ол мынадай бір аңызды 
тілге тиек етеді. 
Қазақ даласына қалмақтар баса-көктеп жайлаған кезде қалмақтың бір ханы. 
Арқаға шабуыл жасап, малын айдап әкетеді. Арғындар малдарының артынан 
қуып баруға бата алмапты. Сонда он жасар Едіге: - Сіздер бата алмасаңыздар
мен барайын, мені елшілікке жіберіңдер? – деп, атан түйеге екі кебежені 
теңдетіп, біріне өзі отырып, екіншісіне бір дәу көк текені салып алыпты. Түйені 
бір жігітке жетектектетіпті. Сөйтіп қалмақ ханының аулына жақындағанда 
ауыл иті абалап алдынан шығыпты. Едіге иттерді садағымен атып тастай 
беріпті. Едіге хан ордасына барып түйесін шөгеріп түсіп жатады: 
- Қазақтың елшісімін. Мал соңынан қуып келемін. 
Хан оған күле қарап: 
- Ауылыңның үлкені қайда? 
Кең құрсақ, келелі билерің қайда? 
Көпті көрген ақсақалдарың қайда? – деп сұрақты жаудырыпты. Сонда 
Едіге: 
- Үлкеніміз мынау, - деп түйені, 
- Кең құрсақ биіміз мынау, - деп кебежені, 
- Ақсақалымыз мынау, - деп текені көрсетіпті. 
Хан бұған ашуланып: 
- Адамы жоқ, өңкей айуан ел ме едіңдер? – дейді. 
- Тақсыр, онда маған неге сөз айтып тұрсыз? Ендеше, сізде адам 
болмағаныңыз ба?! 
- Сөзін қара, ал елші екенсің, неге жұрттың итін ата бересің? 
- Тақсыр, мен қойшымын. Қойыма қасқыр шапты. Бар итті шақырып 
едім, келмеді. Қойды қасқыр қырып кетті. Ауылға келсем, иттер алдымнан 
абалап шықты. Ит көрсем атып тастай беруге ант еттім. 
- Шақырғанда келмеген өз итіңді атқаның мақұл, ал біздің итте не ақың 
бар?! Сонау Арқадағы сенің айтқаныңды, Сырдағы қалмақ иттері қайдан 
естіген?! 
- Өзіңіз айтқандай, Арқадағы қазақ айғырының азынағаның. Сырдағы 
сіздердің билеріңіз қайдан естісін? – дегенде хан: 
- Е, енді түсіндім сенің тұспалыңа. Жөн сөз екен. Хан жігіттерін 
шақырып алып: 
- Айдап келген барлық малын қайтарыңдар, - деп бұйрық беріпті. Міне, 
осыдан бастап Едіге «бала би» атанып, билік айтуға жолдама алыпты. 
2. Фольклоршы, кебеже, өңкей деген сөздердің жазылуын біліп алыңдар да, 
мағынасын түсіндіріңдер. 
3. Сөз мағынасын важыратып тұрған дыбыстарды атаңдар. (дала-шала, сана -
дана). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет