Кеңірдектің ішкі беті шырышасты негізде орналасқан, үсті көпқабатты
кірпікті эпителиймен жабылған шырышты қабықпен көмкерілген.
Шырышты қабықта, оның шырышасты негізінде көптеп кеңірдектік және
шырыштық бездер мен қатар бірлі-жарым лимфа шоғырлары кездеседі.
Кеңірдекті кеуделік ішкі артерия, төменгі қалқанша артерияның тармақтары
(бұғанаасты артериясы жүйесі) және қолқа қанмен қамтамасыз етсе, веналық
ағым оң және сол иық-бас веналары арқылы жүзеге асады. Лимфа мойынның
терең лимфа түйіндеріне (жоғарғы және төменгі трахеобронхиальдық,
паратрахеальдық, претрахеальдық) ағады.
Кеңірдекті көмейдің оң және сол қайырылма нервтері (кезбе нерві, Х-жұп),
симпатикалық сабау тармақтары нервтендіреді.
Достарыңызбен бөлісу: