КӨМЕЙ ШЕМІРШЕКТЕРІНІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
ҚАЛҚАНША-ЖҮЗІКТӘРІЗДІ БУЫН (articulatio crico-thyroidea) үйлесімді
буындарға жатады, бұнда фронтальды біліктің бойында қозғалыс мүмкін.
Жұп, жүзіктәрізді шеміршектің табақшасының бүйір жақтарының буын
беттерімен қалқанша шеміршектің төменгі мүйізшелерінің
қосылуынан
түзілген.
Жүзік-ожаутәрізді буын (articulatio cricoarytenoidea). Буында вертикальды
біліктің бойымен қозғалыс болады. Буын жүзіктәрізді шеміршектің
табақшасының буын беттерінің ожаутәрізді шеміршектің негізімен
қосылуынан түзілген.
Көмей шеміршектерінде үздікті қосылыстармен бірге үздіксіз қосылыстарда
кездеседі. Қалқанша шеміршектің жоғарғы жиегі, қалқанша-тіласты жарғағы
(membranо thyrohyoidea) арқылы тіласты сүйегімен байланысқан, жарғақтың
ортаңғы және бүйір бөліктерінің қалыңдаған аймақтары, ортаңғы қалқанша-
тіласты
(lg.thyrohyoidea
medianum)
және
бүйір
қалқанша-тіласты
(lg.thyrohyoidea lateralis) байламдарына айналады.
Көмей қақпақшасы қалқанша шеміршекпен
қалқанша-көмей қақпақшасы
байламы (lg.thyroepiglotticum), ал тіласты сүйегімен тіласты-көмей
қақпақшасы байламы (lg.hyoepiglotticum) арқылы қосылады.
Жүзіктәрізді шеміршек кеңірдектің бірінші
сақинасымен арасында керіле
орналасқан жүзік-кеңірдек байламы (lg.cricоtracheale), ал қалқанша
шеміршекпен жүзік-қалқанша байламы (lg.cricothyroideum),
арқылы
қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: