Лимфа ағымы. Мойынның терең латеральді және паратрахеальді лимфа
түйіндеріне (кейде лимфа түйінінен өтіп кетіп венаға құяды)
Нервтенуі. Кезбе нерв (Х – жұп) тармақтары мен
симпатикалық мойын
түйіндері.
Қалқанша жанындағы бездер.
Жоғарғы және төменгі қалқанша маңы бездер (gl.
parathyroideae superior et
inferior), хордалылар эволюциясында тек қана құрлықтағы ең төменгі сатылы
омыртқалыларда пайда болады. Адамдарда олар
төрт кішкене денешіктер
түрінде (6х4х2 мм), қалқанша бездің әр бөлігінің ұшында орналасып жоғарғы
және төменгі қалқанша маңы бездер деп аталады.
Қалқанша без және қалқанша маңы бездері
сыртынан ортақ фиброзды
қапшықпен қапталған.
Қалқанша маңы бездердің негізгі қызметі
ағзада кальцийдің алмасуын
реттеу.
Қалқанша маңы бездер өзінің ерте эмбриогенез сатысында үшінші және
төртінші, оң және сол желбезек қалталарынан дамиды.
Қанмен қамтамасыздануы және нервтенуі. Қалқанша безбен бірдей.