Cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті



Pdf көрінісі
бет1/20
Дата02.04.2023
өлшемі0,79 Mb.
#78464
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
1 курс 2 ші сабаққа материалдар



Ауыз қуысы 
 
Ауыз қуысы,cavitas oris, екі бөліктен: ауыз кіреберісінен және меншікті 
ауыз қуысынан тұрады.


Ауыз кіреберісі, vestibulum oris, - алдынан еріндер мен ұрттар, ал 
артынан қызыл иек пен тістер шектеген шағын кеңістік. Еріндер, labia – 
қабысқанда, шеттері езулермен, anguli oris, аяқталатын, көлденең орналасқан 
ауыз саңылауын, rima oris, шектейтін бұлшықеттік қатпар. Еріннің: терілік, 
аралық және шырышты үш бөлігі ажыратылады. Еріннің терілік бөлігінде 
май және тер бездері, түктер орналасады, еркектерде сақал – мұрт өседі. 
Аралық аймақты жұқа тері қабаты жауып жатады, сондықтан, оның 
эпителиінің астындағы қан капиллярлары бұл аймаққа қызғылт түс береді. 
Еріндердің ішкі бетін түзген шырышты қабық қызылиектің шырышты 
қабығына өтеді, осы өтудің нәтижесінде екі бойлық қатпарлар: жоғарғы ерін 
жүгеншігі, frenulum labii superuoris және төменгі ерін жүгеншігі,frenulum 
labii inferiorioris, пайда болады. Еріндердің шырышасты негізінде шырышты 
қабыққа ашылатын көптеген майда бездер орналасқан. 


Ұрттар,виссае, негізін ұрт бұлшықеті, m.buccinator, түзетін, сыртынан 
терімен, ішкі жағы шырышты қабықпен жабылған беттің бөлігі. Ұрттың 
майлы денесі сыртқы атмосфералық қысымның әсерін азайтып, емшек ему 
үдерісін жеңілдететін анатомиялық құрылым, сондықтан емшектегі балада 
жақсы жетілген.
Ауыз кіреберісіне, жоғарғы екінші үлкен азу тіске қарама - қарсы 
ұрттың шырышты қабығында шықшыт безінің түтігі ашылады.Жоғарғы 
және төменгі жақсүйектердің ұяшықтық өсінділерін жауып жатқан 
шырышты қабық – қызылиек, gingiva, деп аталады. Ол тістердің мойнын 
жауып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет