127
I белгі: Мәсих Дәжжал
а) «Дәжжал» сөзінің мағынасы
«Дәжжал» сөзі – өтірікші, алдампаз деген мағынаны білдіреді.
Адамзат тарихындағы ең үлкен өтірікші осы Дәжжал
болғандықтан, ол бұл есіммен аталған.
Сондай-ақ оның Мәсих
Дәжжал деген де аты бар. Ибн Әсир: «Оның «Мәсих» деп аталуы
– көзінің сипалып,
жабылып қалғандығынан, ал «Дәжжал» деп
аталуы оның жалғаншы болғандығынан», – деген. Ал Исаның
(аләйһис-сәләм) «Мәсих»
деп аталуына келсек, ол адамдарды
сипап, ауруларын жазатын.
ә) Дәжжалдың сипаттары
Дәжжал Адамның (аләйһис-сәләм) ұрпағынан шығады. Аллаһ
тағала оған бірнеше ерекше мүмкіндіктерді беріп, оны адамдарға
сынақ үшін жібереді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмбеті Дәжжалдың
ылаңынан аман қалуы үшін
бізге оны сипаттап әрі одан
құтылудың жолдарын үйретіп кеткен. Оның сипаттарына келер
болсақ, ол –
қызыл өңді, қысқа бойлы,
қисық аяқ, бұйра басты,
ашық маңдайлы, жуан мойынды және оң көзі соқыр ер адам. Оң
көзі солған жүзім сияқты, кіріп те кетпеген, әрі шығып та тұрған
жоқ. Сол көзін шел басқан. Екі көзінің
арасына арабша бөлек-
бөлек к - ф - р деп немесе «кәпір» деп жазылған. Оны сауаты
болсын, болмасын әрбір мұсылман оқи алады.
Сондай-ақ
Дәжжалдың ұрпағы болмайды.
б) Дәжжал туралы хадистер
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят
еткен хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.):
«Мен түсімде Қағбаны
Достарыңызбен бөлісу: