айтыңдар», – деді. «Ол Меккеден шығып, қазір Ясрибте 1 тұрып жатыр», – дедік. «Арабтар онымен соғысты ма?» – деді. «Иә», – дедік. «Ол не істеді?» – деді. Біз оның арабтарды жеңіп, олардың оған бағынғанын айттық. Ол: «Солай болды ма?» – деді. «Иә», – дедік. Ол: «Олар үшін оған бағыну қайырлы. Енді өзім жайлы айтып берейін: Мен – Мәсихпын. Мен шығуыма рұқсат берілудің алдында тұрмын. Сосын шығамын да, жер бетін шарлаймын. Қырық күннің ішінде тоқтамаған жерім қалмайды. Тек Мекке мен Тайибадан 2 басқа, ол екеуі де маған харам қылынған. Олардың қайсыбіріне кіруді қаласам, қолына жалаңдаған қылыш ұстаған періште қарсы тұрып, мені одан қайтарады. Расында, олардың әр тарапында қорғаушы періштелер бар», – деп айтты», – деді».
(Фатима бинт Қайс): «Сонда Аллаһ елшісі (с.а.с.) мінберді асасымен түртіп: «Бұл – Тайиба!» – деп үш рет айтты. Сосын: «Сендерге осы жайлы айтқан емес пе едім?» – деді. Адамдар: «Иә», – деді. Сосын (Пайғамбар (с.а.с.)): «Тәмимнің әңгімесі сендерге айтып жүрген әңгімеме және Мәдина мен Мекке туралы (айтқаныма) сай келгеніне сүйсіндім. Ол Шам теңізінде емес пе? Немесе Йемен теңізінде емес пе? Жоқ! Керісінше, шығыс жақта, шығыс жақта, шығыс жақта», – деп шығысты нұсқады», – дейді
3
.
Абдуллаһ ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын):
«Пайғамбар (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін, арада біраз уақыт өткенде Ибн Сайяд байи бастады. Тіпті ең бай-дәулетті, бала- шағалы адамдардың біріне айналды», – деген.
Ибн Сайяд өмірінің соңғы шағында барлық балалары дүние
салып, тұяқсыз қалады. Адамдардың оған деген күдік-күмәндары
арта түседі. Арада біршама уақыт өткен соң, умәуилер кезінде
1
Мәдинаның ескі атауы.
2
Мәдинаның атауларының бірі.
3
Муслим.