Ақырет өткелдері


шұқырынан шығатын от және



Pdf көрінісі
бет110/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

шұқырынан шығатын от және 
Мәриямұлы Исаның (аләйһис-сәләм) түсуі», – деген
3

Жоғарыдағы екі хадистен ұғарымыз, Қияметтің үлкен 
белгілерінің келу тәртібі туралы кесімді дәлел жоқ. Ғұламалар 
Қияметтің үлкен белгілерін екі түрге бөледі: оның бірі 
ақырзаманның жақын қалғандығын көрсетсе, бірі басталғанын 
білдіреді. Ақырзаманның жақын қалғанын білдіретін белгілер: 
Дәжжал, Исаның (аләйһис-сәләм) түсуі, Яжуж-Мажуж және үш 
рет жердің ойылуы. Ал ақырзаманның басталғанын білдіретін 
белгілер: түтін, күннің батыстан шығуы, жануардың пайда болуы 
және адамдарды жинайтын от. 
Қияметтің үлкен белгілері бой көрсетсе, олар бірінің артын 
бірі алып, алқаның моншақтары сияқты тізіліп, тез жалғасын 
1
Муслим. 
2
Йемендегі Араб теңізі жағалауындағы қала. 
3
Муслим. 


124
 
 
табады. Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) 
риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «(Үлкен) белгілер жіпке 
тізілген моншақтар сияқты. Егер жіп үзілсе, бірінің артынан 
бірі түседі», – деген
1

Имам Мәһди 
Қияметтің он үлкен белгісінің алдында Пайғамбарымыздың 
(с.а.с.) әулетінен жер бетінде әділ билік жүргізетін имам Мәһди 
келеді. Енді осы Мәһди туралы бізге жеткен хабарларға көңіл 
бөлсек: 
а) Имам Мәһдидің есімі мен сипаты 
Бұл адамның есімі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) есіміндей. 
Әкесінің есімі де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әкесінің есіміндей. 
Яғни Мұхаммед немесе Ахмад ибн Абдуллаһ. 
Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбар (с.а.с.): «Менің әулетімнен бір кісі арабты 
билемейінше, дүние аяқталмайды. Оның есімі менің есіміме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет