147
сиырдың бір сауым сүті бір руға жетеді, ал қойдың бір сауым
сүті бір әулетке жетеді», – деген
1
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбар (с.а.с.):
«...Сосын жер бетінде тыныштық болады.
Түйелер арыстандармен, сиырлар жолбарыстармен, қойлар
қасқырлармен жайылады. Балалар жыландармен ойнайды, ал
(жыландар)
оларға еш зиянын тигізбейді», – деген
2
.
Сондай-ақ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят
еткен келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Сендерге
Мәриямның ұлы әділ басшы болып түседі. Крестерді
сындырады, шошқаларды өлтіреді, жизияны жояды. Мал-
дүниені жайына қалдырады, оған ешкім ұмтылмайтын
болады.
Дұшпандық,
жеккөрушілік
және
қызғаныш
жоғалады», – деген
3
.
е) Исаның жер бетінде тұратын мерзімі
Абдуллаһ ибн Амр (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят
еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«Аллаһ Мәриямұлы Исаны
жібереді... сосын адамдар екеудің арасында дұшпандық орын
алмайтын жеті жыл тұрады. Содан кейін Аллаһ Шам
жақтан суық жел жібереді де, ол жер бетіндегі жүрегінде
тозаңның салмағындай жақсылық немесе иманы бар бірде-бір
адамды қалдырмай, жанын алады», – деген
4
.
1
Муслим.
2
Ахмад.
3
Муслим.
4
Муслим.