мейірім. Қашан Раббымның уәдесі келсе, оны жермен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уәдесі хақ!» – деді. Қиямет күні оларды бір-біріне қосылған түрде қоямыз және сүр үріледі де, оларды тұтас жинаймыз» 1 , – деген.
б) Яжуж-Мажуждың шығатынына қатысты хадистегі дәлелдер Зәйнәб бинт Жахш (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте бір күні Зәйнәбтың алдына Аллаһ елшісі (с.а.с.)
үрейленіп кіріп: «Лә иләһә иллаллаһ! Жақын қалған пәледен арабтардың соры құрысын! Яжуж-Мажуждың бөгетінен мынадай ашылды», – деп сұқ саусағы мен бас бармағының
ұштарын түйістіріп, домалақ шеңбер көрсеткен.
Зәйнәб: «Мен: «Уа, Аллаһтың елшісі! Біздің арамызда ізгілер болса да опат боламыз ба?» – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): «Иә, егер бұзықтық көбейсе», – деп жауап берді», – деген
2
.
Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Аллаһ Исаға: «(Оларға) қарсы соғысқа ешкім төтеп бере алмайтын бір құлдарымды шығардым! Пенделерімді Турға алып бар!» – деп уахи етеді. Сөйтіп, Аллаһ тағала Яжуж-Мажужді жібереді. Олар әр төбеден ағылады. Олар Табария көлінен өтіп, одан ішеді. Ал олардың соңғы лектері өтіп бара жатып: «Мына жерде су болған екен», – деседі. Иса мен онымен бірге болғандар қоршауға түсіп, тіпті оларға өгіздің бір басы бүгінгі жүз алтын динардан құндырақ болады. Осыдан кейін Иса және онымен бірге болғандар дұға қыла бастайды. Сонда Аллаһ (Яжуж-Мажуждердің) желкелеріне құрт түсіреді де, бір кісі 1
«Кәһф» сүресі, 93-99 аяттар.
2
Әл-Бұхари, Муслим.