Ақырет өткелдері


«Кітап иелері Исаға өлуінен бұрын, әлбетте, иман келтіреді



Pdf көрінісі
бет130/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

«Кітап иелері Исаға өлуінен бұрын, әлбетте, иман келтіреді. 
Және ол Қиямет күнінде оларға куә болады»
3
, – дегенді 
оқыңдар», – депті
4

Сондай-ақ Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят 
еткен келесі бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Араларыңа 
Мәриямның ұлы түсіп, имамдарың өз іштеріңнен болса, 
қандай болады екенсіңдер?!» – деп айтқан
5

1
«Ниса» сүресі, 157-159 аяттар. 
2
Жизия – мұсылмандардың қол астындағы басқа дін өкілдерінен 
алынатын жан басы салығы. 
3
«Ниса» сүресі, 159-аят. 
4
Әл-Бұхари, Муслим. 
5
Әл-Бұхари, Муслим. 


146
 
 
г) Исаның түсуіндегі даналық 
Исаның түсуі туралы ғұламалар бірнеше пікірлер айтқан: 
1. Бұл «Исаны өлтірдік» деген яһудилердің сөздерін өтірікке 
шығару үшін. Иса пайғамбар оларды және басшылары Дәжжалды 
өлтіреді. 
2. Иса Інжілде Ислам үмбетінің: 
«Бұл бас жарып, сосын қуаттанып, жуандап, сабағында тік 
тұрған егін сияқты»
1
, – деп сипатталғанын көріп, солардың 
қатарында болуға дұға қылған. Аллаһ оның дұғасын қабыл етіп, 
тірі қалдырып, ақырзаманда Исламды қайта жаңғырту үшін 
түсіреді. 
3. Иса христиандардың сенімдерін жоққа шығару үшін түседі. 
Ол түскенде, Исламнан басқа дін қалмайды. Крестерді 
сындырады, шошқаларды өлтіреді және жизияны тоқтатады. 
ғ) Иса қай шариғатпен үкім жүргізеді? 
Иса пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) жолына ілесіп
соның шариғатымен үкім жүргізеді. Ол өзімен жаңа шариғат 
әкелмейді. Себебі Ислам – Қияметке дейін жалғасатын ең соңғы 
дін. Иса Ислам басшыларының бірі болып, оның ісін 
жаңғыртады. 
д) Иса пайғамбардың кезіндегі береке 
Ән-Наууас ибн Самған (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «...Сосын жерге: «Жемісіңді шығар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет