Ақырет өткелдері


Одан қашып, жолықпауға тырысу керек



Pdf көрінісі
бет127/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

4. Одан қашып, жолықпауға тырысу керек. 
Имран ибн Хусайн (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім Дәжжал жайлы естісе, 
одан қашсын! Аллаһпен ант етейін! Өзін мүмін санап келген 
кісі көңіліне ұялаған күдік-күмәндары себепті оған еріп 
кетеді», – деген
3

и) Дәжжалдың ақыры 
Бізге келіп жеткен хадистерге сүйенсек, Дәжжалдың оқиғасы 
былайша өрбиді. Ол шыққаннан кейін қырық күнде бүкіл жер 
бетін өте үлкен жылдамдықпен шарлап шығады. Жүрген жерінде 
өзін «құдаймын» деп үгіттеп, көп адамдарды сендіреді. Тек 
азғана шынайы мүміндер оның фитнасынан аман қалады. Оның 
әскерінің басым бөлігі яһудилер болады. Мұнан соң Дәжжал 
Шамға бет алады. Осы кезде бәлекет Мәсихқа қарсы игі Мәсих – 
Мәриямұлы Иса түседі. Исаның (аләйһис-сәләм) айналасына 
мүміндер жиналады. Сөйтіп, Иса Дәжжалдың артынан қуып 
барып, оны өлтіреді. Бұл туралы келесі белгіде кеңірек айтылады. 
1
Муслим. 
2
Муслим. 
3
Әбу Дауд, әл-Хаким. 


143
 
 
II белгі: Исаның (аләйһис-сәләм) 
жер бетіне түсуі 
а) Исаның түр-тұлғасы 
Иса – орта бойлы, қызыл реңді, денелі, кең кеуделі, таралған 
шашы моншадан шыққандай теп-тегіс және құлағынан төмен 
түсіп, иығына жетіп тұратын ер кісі. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исра түні пайғамбарлармен кездескенін 
айтқанда, Исаны сипаттап: «Орта бойлы, қызыл шырайлы
моншадан шыққандай», – деген
1

Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Исаны, Мұсаны және 
Ибраһимді көрдім... Ал Иса болса қызыл шырайлы, кең кеуделі, 
денелі екен», – дейді
2

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Исаға ең ұқсас адам – Уруа ибн Масғуд 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет