Ақырет өткелдері


муфлис, ол Қиямет күні намазбен, оразамен және зекетпен



Pdf көрінісі
бет202/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

муфлис, ол Қиямет күні намазбен, оразамен және зекетпен 
келеді. (Алайда ол адам) біреуді тілдеген, біреуді балағаттаған, 
біреудің мал-дүниесін жеген, біреудің қанын төккен және 
біреуді ұрған болады. Оның ізгі амалдарынан (тілденгенге, 
жәбірленгенге, ақысы желінгенге, қаны төгілгенге, таяққа 
жығылғанға) беріледі де, (егер әлгі адамның) мойнындағы 
(күнәлары) өтелгенше ізгі амалдары таусылып қалса, олардың 
1
«Зумәр» сүресі, 69-70 аяттар. 
2
«Кәһф» сүресі, 49-аят. 


222
 
 
(жәбірленушілердің) күнәларынан алынып, бұған қосылады. 
Сөйтіп, ол тозаққа тасталады», – деген
1

Қарыздар адам қарызын өтемей дүние салса және туыстары да 
оның атынан қарызын төлемесе, онда қарызы мөлшерінде 
сауабымен есептеседі. Егер өзара тепе-тең зұлымдық жасалса, ол 
сол күйінше қалады. Егер бірінің зұлымдығы екіншісінен 
үлкенірек болса, соған сай есептеседі. 
Сол сияқты қан төгу мәселесінде де кек алынады. 
Абдуллаһ ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Қиямет күні адамдар арасында ең 
бірінші қан төгу (мәселесінде) үкім беріледі», – деген
2

Аллаһ тағала тек адамдар арасында ғана емес, тіпті жындар 
мен жануарлар арасында да кек қайтартады. Мүйізді қошқар 
мүйізсіз қошқарды сүзген болса да, ол кегін алады. 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қиямет күні ақылар иелеріне 
қайтарылады. Тіпті мүйізсіз қойдың мүйізді қойдан ақысы 
әперіледі», – деген
3

Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен келесі бір 
хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаһ жануар, құс, адамнан болған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет