Ақырет өткелдері


ауырғанда көңілін сұрап бармадың. Сен білмедің бе? Егер оның



Pdf көрінісі
бет199/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

ауырғанда көңілін сұрап бармадың. Сен білмедің бе? Егер оның 
көңілін сұрап келгеніңде, Мені оның алдынан табар едің», – 
дейді. 
(Сосын): «Ей, Адам баласы! Сенен тамақ сұрадым, Маған 
тамақ берген жоқсың», – дейді. (Пенде): «Уа, Раббым! Сені 
1
«Һуд» сүресі,15-16 аяттар. 
2
«Һуд» сүресі, 18-аят. 
3
Әл-Бұхари, Муслим. 


219
 
 
қалай 
тамақтандырамын?! 
Өзің әлемдердің 
Раббысы 
болсаң», – дейді. (Аллаһ тағала): «Сен білмедің бе? Сенен пәлен 
деген пендем тамақ сұрағанда, тамақтандырмадың. Сен 
білмедің бе? Егер оны тамақтандырғаныңда оныңды Менің 
алдымнан табар едің», – дейді. 
(Сосын): «Ей, Адам баласы! Сенен су сұрадым, су бермедің», 
– дейді. (Пенде): «Уа, Раббым! Саған қалай су беремін?! Өзің 
әлемдердің Раббысы болсаң», – дейді. (Сонда Аллаһ тағала)
«Сенен пәлен деген пендем су сұрағанда бермедің. Егер оған су 
бергеніңде, оныңды Менің алдымнан табар едің», – деп 
айтады», – деген
1

Амал дәптерлері 
Есептен кейін адамдарға дүниеде жасаған амалдары жазылған 
дәптерлері таратылады. Әрбір адам баласының көзі тірісінде 
иықтарында екі періште отырып, оның бар ғұмырында үлкенді-
кішілі, жақсылы-жаманды қандай амалдар жасағанын, не 
істегенін толығымен жазып отырады. Аллаһ тағала осы амал 
дәптерлері ашылар күнді: «Дәптерлер ашылған сәтте»
2
, – деп 
сипаттаған. 
Амал дәптері яки кітабы мүміндердің оң қолына беріледі. 
Аллаһ тағала: «Ал енді кімнің дәптері оңынан берілсе, сонда ол 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет