Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет211/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
құтылатыныңды білесің бе?» – дейді. Ол: «Жоқ!» – деп жауап 
береді. Сонда ол: «Онда не деп күлесің?» – деген екен»
1

в) Мүміндердің сират көпірінен өтіп, екіжүзділерден 
біржолата құтылуы 
Ол жерде мүміндерге жарық нұр беріліп, сираттан өтеді. 
Екіжүзділердің нұрлары сөндіріліп, оларға: «Арттарыңа қайтып, 
нұр іздеңдер», – делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір 
дуал орнатылады. Оның ішінде мейірім, ал сырт жағында азап 
бар. Пенделер көпірдің үстінен иман дәрежелеріне қарай 
жылдамдықпен өтеді. 
Әбул-Ғизз әл-Ханафи «Тахауия ақидасы» атты кітабында 
«Осы жерде мүміндер екіжүзділерден бөлінеді. Мүміндер алға 
кетіп, екіжүзділер артта қалып кояды. (Араға) екіжүзділер 
мүміндер жаққа өте алмайтындай дуал тұрғызылады. Абдуллаһ: 
«Аллаһ Қиямет күні адамдарды жинайды. Олардың кейбірінің 
алдына таудай нұр беріледі, кейбірінің нұрлары одан да 
үлкенірек (етіп) беріледі, кейбірінің нұры оң қолына құрма 
ағашындай беріледі, ал кейбірінің оң қолына одан кішірек (етіп) 
беріледі. Ең ақырында берілгеннің нұры аяғының бас бармағында 
болады. Ол (нұр) бірде жарық беріп, бірде сөніп тұрады. (Нұры) 
жанса, ол аяғын басып жүреді де, сөніп қалса тоқтап тұрады», – 
деген. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Ол да, басқалар да сираттан өтеді. 
Сират – қылыштың жүзі сияқты, тайғанақ әрі сырғанақ. 
Оларға: «Нұрларыңа жараса өтіңдер!» – делінеді. Олардың 
кейбірі жұлдыз аққандай (жылдамдықпен) өтеді, кейбірі жел 
сияқты өтеді, кейбірі қас қаққандай өтеді, ал кейбірі кісінің 
жүгіргеніндей өтеді, олар амалдарына қарай жылдамдықта 
жүреді. (Ең соңында) нұры бас бармағына (берілген) адам 
өткен кезде, оның бір қолы салбырап, бір қолы жоғары 
1
Ибн Кәсир. 


232


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет