Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет212/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
көтеріліп, бір аяғы салбырап, бір аяғы жоғары көтеріліп 
қалады және бүйірлеріне от тиеді. Сөйтіп, (бәрі де) 
құтылады. Құтылған кезде олар (тозаққа): «Сені өзімізге 
көрсеткеннен кейін, бізді сенен құтқарған Аллаһқа мақтау 
болсын! Ол бізге ешкімге бермегенін берді», – деп айтады», – 
деген
1

Аллаһ тағала мүміндердің екіжүзділерден бөлінуі жайлы: 
«Сол күні мүмін ерлер мен мүмін әйелдердің нұрлары 
алдарында әрі оң жақтарында жүгіргенін көресің: «Сендерге 
бүгін қуаныш. Астарынан өзендер ағатын жұмақтар бар. Ол 
арада мәңгі қаласыңдар. Міне, бұл – зор табыс», – (делінеді)
Сол күні мұнафиқ ерлер мен мұнафиқ әйелдер мүміндерге: 
«Бізге көздеріңнің қырын салыңдар! Нұрларыңнан біз де 
пайдаланайық!» – дейді. Оларға: «Арттарыңа қайтып, нұр 
іздеңдер!» – делінеді. Сонда олардың араларына есігі бар бір 
дуал орнатылады. Оның ішінде рақым, сырт жағында азап 
бар. Мұнафиқтар мүміндерге: «Сендермен бірге болмап па 
едік?» – деп айғайлайды. Олар: «Әрине, бірақ сендер 
өздеріңді сұмдыққа салдыңдар, күттіңдер, күмәндандыңдар. 
Сендерді бос үміттерің Аллаһтың әмірі келгенге дейін 
алдады. Сондай-ақ сендерді Аллаһқа байланысты алдаушы 
(шайтан) алдады», – дейді. Сондықтан бүгін сендерден 
ешқандай төлеу қабыл етілмейді әрі кәпірлерден де. 
Орындарың – тозақ! Ол – сендердің достарың, нендей жаман 
орын. Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың зікіріне 
(Құранға) жұмсарып әрі түскен ақиқатқа жібімей ме? Ал, 
ендеше, бұрын өздеріне кітап беріліп, сосын ұзақ мерзім 
өткендіктен жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар. 
Олардың көбі бұзақылар»
2
, – деген. 
1
Әл-Хаким, әл-Бәйһақи. 
2
«Хадид» сүресі, 12-16 аяттар. 


233


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет