27
Ендеше, біз Ақыретке сенсек, бейғамдыққа салынып күтіп
отырмауымыз керек. Өйткені бізге ертеңіміздің қалай болары
беймәлім...
Пенденің қолындағы мал-мүлкіне қатысты екі ғана жолы бар:
оны игілікке пайдалануы керек немесе ол мүлік оның артында
қалады. Кісінің мал-дүниесі өзінен кейінгілерге қалатыны жайлы
Пайғамбарымыз (с.а.с.) жасы келгендерге арнап:
«Есіңде болсын,
(мал-дүниең)
пәленшеге (қалды)
», – деген
1
.
Ал өзіне берілген несібе, ризықты ізгі амалға пайдалана
алмағандар жайында Құран Кәрімде:
«Олар (тозақта)
:
«Раббымыз, бізді тозақтан шығар! Істеген амалдарымыздан
басқа жақсы амалдар істейік», – деп шыңғырады. «Біз
сендерге үгіт алғысы келген кісі үгіт алатын өмір бермедік
пе? Әрі сендерге ескертуші де келген еді. Енді татыңдар,
залымдар үшін ешбір (Аллаһтың азабынан)
құтқарушы жоқ»,
– (делінеді)
»
2
, – деп әңгімеленеді.
Аллаһ тағаланың аяттағы:
«Біз сендерге өмір бермедік пе?»
деген сөзінің түсіндірмесін Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы
болсын) және басқа да тәпсір ғалымдары:
«Сендерді алпыс жасқа
жеткізбедік пе?» – деп тәпсірлеген. Бұдан аңғаратынымыз, адам
баласына алпыс жыл мұрсат берілген. Ал алпыс жастан кейін
пендеде айтар уәж (үзір) қалмайды. Өйткені Әбу Һурайрадан
(Аллаһ
оған
разы
болсын)
риуаят
етілген
хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Аллаһ тағала пендеге үзір беріп, оның
Достарыңызбен бөлісу: