Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет21/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
Ал Ақыретті танысақ, бізге болашағымыз жайлы нақты 
мәліметтер белгілі болады. Ендеше, оларды неге оқып, білмеске?! 
Бұған қоса, Қияметтің белгілерін білу біздің иманымызды 
арттырады. Олай дейтініміз, Қияметтің кіші белгілерінің өзі 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүниеден озған соң басталып, қазірге 
дейін жалғасын тауып, көз алдымызда жүзеге асып келеді. Бұл 
жағдай біздің иманымызды арттырмай ма?!. Сондай-ақ ол 
белгілерді күту Пайғамбарымыз (с.а.с.) айтып кеткен хабарларға 
сенбеу деген ұғым емес, керісінше, Ибраһимнің (аләйһис-сәләм): 
«Бәлкім, жүрегім орнығу үшін»
1
, – деп айтқанындай, 
жүрегімізде иманды орнықтырып, Ақыреттегі уәде етілген 
жаннаттарға кіруге деген құлшынысымызды арттыра түседі. 
Ақыретке қамданудың қажеттілігі 
Ақырет жайлы оқып-үйрену пендені сауапты іс-амалдар 
жасауға шақырады. Аллаһ тағала Құранда: «Раббыларыңның 
кешіріміне және тақуалар үшін әзірленген кеңдігі көктер мен 
жердей жаннатқа жарысыңдар»
2
, – десе, Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) үмбетіне: «Адам мүмін болып оянып, кәпір болып кеш 
батыратын, мүмін болып кеш батырып кәпір боп таң 
атыратын, дүние мақсатында дінін сататын, сондай бір 
қараңғы түннің бөлігіндей фитналардың алдын іс-амалдармен 
алыңдар»
3
, – деп өсиет еткен. 
Келесі бір хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Іс-амалдармен алты 
нәрсенің алдын алыңдар: күннің батыстан шығуының
4

1
«Бақара» сүресі, 260-аят. 
2
«Әлі Имран» сүресі, 133-аят. 
3
Муслим. 
4
Қиямет күні белгілерінің бірі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Күн 
батыстан шыққанға дейін Қиямет келмейді», – деген (әл-Бұхари, 
Муслим). 


26


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет