және біз қайта тірілуші емеспіз», – дейді»
2
, – делінген.
Ақырет күніне сенбейтін пенде жан азабында күн кешеді.
Мәселен, Ақырет күніне сенбейтін бір адамға залым біреулер
қиянат жасап қорлық көрсетсе, мал-мүлкін тартып алып,
зұлымдық қылса, кегін қайтаруға шамасы келмеген әлгі пенде
өзгеде кеткен ақысын кімге барып дауларын білмей, үмітсіздікке
тап болып өмірден түңіліп, күйінбей ме?!
14. Ақырет істері, Қиямет күнінің белгілері жайлы көптеген
хадистер келген. Бұл хадистер бізге арамызда бүлік туған
жағдайда тура жолды нұсқайды. Мысалы, Пайғамбар (с.а.с.)
1
«Бақара» сүресі, 96-аят.
2
«Әнғам» сүресі, 29-аят.
23
бүлік жайлы ескертіп: «Сендердің алдарыңда қараңғы түннің
бөліктеріндей фитналар тұр. Онда кісі мүмін күйінде таң
атырып, кәпір болып кеш батырады. Мүмін болып кеш
батырып, кәпір күйінде таң атырады. Онда отырған
тұрғаннан жақсы, тұрған жүргеннен жақсы, жүрген
жүгіргеннен жақсы»
1
, – деген. Сонда сахабалар: «Бізге не
бұйырасың, уа, Аллаһтың елшісі?» – деді. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
оларға бүлік шыққан жағдайда оған араласпауға бұйырып:
«Үйлеріңнен шықпаңдар!» – деді
2
.
Аллаһ елшісінің (с.а.с.) берген бұл тәлімі сахабаларға ғана
емес, бізге де тура жолды сілтеп, жақсылықтарға бастайтыны хақ.
Ақыретті танып-білудің қажеттілігі
Баз біреулер Ақыретке деген көзқарасын «Жарайды, ақыретті
танып-білдік. Бірақ бізге Қияметтің қашан келетінін, оның үлкен-
кіші белгілерін және ондағы болатын әр түрлі жағдайларды
білудің қажеті қанша? Біз мұндай істермен айналысқанша, нақты
бір
істермен
неге
шұғылданбаймыз?
Мысалы:
Ислам
экономикасын көтеру, үмбетті аяққа тұрғызу, жастарымызға
заманауи білім беру сияқты көкейтесті мәселелермен неге
айналыспасқа? Өйткені бүгінгі таңда Ислам әлеуметі әлемдік
даму сатысына ілесе алмай отыр емес пе? Адамдарға Яжуж-
Мажуждың
пайда
болуы
жайлы
айтқанша,
осы
кемшіліктеріміздің орнын неге толтырмаймыз?..» деген сияқты
ойлармен жеткізуі мүмкін.
Біздің бұларға айтар уәжіміз:
1. Ақырет жайлы оқып-білу – дініміздің талабы. Ал дін
талабында біз ерікті емеспіз. Сондай-ақ Ақыретке сену –
иманның бір тірегі. Олай болса, мұны білуге әрбір адам міндетті.
1
Яғни Пайғамбар (с.а.с.) оларды басы артық әрекет жасамауға үндеген.
2
Әбу Дауд.
|