Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет47/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
туыстарына: 
«Соры 
құрысын, 
оны 
қайда 
апара 
жатырсыңдар?» – дейді. Оның дауысын адамзаттан 
басқаның барлығы естиді. Егер адам естігенде, есінен танар 
еді», – деген
1

Умәуилер халифасы Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик деген кісі 
жайлы мына бір хикая әңгімеленеді: 
Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик қажылық кезінде Мәдинаға 
келгенде, табиғиндер сапына жататын бір адаммен жолығысуды 
қалап, ондағылардан: «Осында бірнеше сахабаның көзін көрген
пайым-парасаты жоғары бір адам бар ма?» – деп сұрайды. 
Адамдар: «Иә, Әбу Хазим деген бір кісіні білеміз», – деп жауап 
береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик оған адам жіберіп, құзырына 
алдырады. Әлгі табиғин келген кезде, Сүлеймен оған: «Ей, Әбу 
Хазим! Неге біз өлімді жек көреміз?» – деп сұрайды. Әбу Хазим: 
«Сендер дүниені көркейттіңдер! Ал Ақыретті бұздыңдар! Енді 
көркем мекеннен ойрандалған жерге шыққыларың келмейді», – 
деп жауап береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик: «Рас айттың!» – 
дейді. Сосын: «Бізді Аллаһтың алдында не күтіп тұр?» – деп 
сұрайды Сүлеймен. Табиғин: «Амалдарыңды Аллаһтың кітабына 
жүгіндір!» – дейді
2
. Сүлеймен: «Оны қай жерінен табамын?» – 
дейді. Сонда табиғин: «Аллаһ тағаланың «Шын мәнінде, ізгілер, 
әлбетте, нығмет ішінде болады. Негізінде, бұзықтар тозақта 
болады»
3
деген сөзінен», – дейді. «Аллаһтың рақымы қайда?» – 
деп сұрайды Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик. Әбу Хазим: 
«Аллаһтың рақымы игілік істеушілерге бек жақын», – деп жауап 
береді. Сүлеймен ибн Абдул-Мәлик тағы да: «Ертең Аллаһтың 
алдына қалай барамыз?» – деп сұрайды. Әбу Хазим: «Игі кісі 
алыс бір жерден өз отбасына келе жатқан адам сияқты болса
жаман адам қожайынынан қашқан құл сияқты болады», – 
1
Әл-Бұхари. 
2
Яғни Аллаһтың кітабымен өлше деген мағынаны аңдатты. 
3
«Инфитар» сүресі, 13-14 аяттар. 


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет