Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет49/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
түсірмейді. Олар оны жаннаттан әкелген кебінге орап
жаннаттан әкелген жұпармен хош иістендіреді. Аллаһ 
тағаланың «Елшілеріміз (періштелеріміз) жанын алады әрі 
ешқандай кемістік жасамайды»
1
, – деген сөзінің мәнісі осы. 
Және одан (рухтан) жер бетінде теңдесі болмаған жұпардың 
хош иісіндей жағымды иіс шығады. Сосын оны алып, жоғары 
шығады. Қашан олар періштелер тобының қасынан өтсе, 
олар (періштелер): «Бұл кім деген жақсы рух?» – деп сұрайды. 
Олар (алып бара жатқан періштелер): «Бұл пәленше ұлы 
пәленше!» – деп, оны дүниедегі ең көркем есімдерімен 
таныстырады. Сөйтіп, олар төменгі аспанның соңына 
жетеді. Содан соң (аспан күзетшілерінен) кіруге рұқсат 
сұрайды да, ол үшін (аспан) ашылады. Және оны әрбір 
аспаннан жақындары (періштелер) келесі аспанға дейін 
шығарып салады. Сөйтіп, ол жетінші аспанға жетеді. Сонда 
Аллаһ тағала: «Пендемнің кітабын ең жоғары дәрежелілердің 
қатарында жазыңдар!» – деді», – деп айтқан. Мұнан кейін 
Пайғамбар (с.а.с.): Аллаһ тағаланың «Ең жоғары дәреженің не 
екенін қайдан білесің? Ол – жазулы бір кітап. Оны Аллаһқа 
жақын періштелер бақылайды»
2
, – деген сөздерін оқыды. 
Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғастырып: «Сөйтіп, оның кітабы 
ең жоғары дәрежелілердің қатарында жазылады. Сосын 
Аллаһ тағала періштелерге: «Оны жерге қайтарыңдар! 
Расында, мен оларды содан жараттым және оған 
қайтарамын. Сосын одан қайта шығарамын», – дейді», – деп 
әңгімелеп берген. 
Міне, ізгі мүміндердің рухы осындай көркем бейнеде 
қастерленіп, құрметпен алынады. 
1
«Әнғам» сүресі, 61-аят. 
2
«Мутаффифин» сүресі, 19-21 аяттар. 


57


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет