Олай емес! Негізінде, бұл—ол айтатын бір сөз ғана. Олардың алдында олар қайта тірілтілетін күнге дейін барзах бар» 1 , –
деп әңгімелейді.
Әйтсе де мүмін пенде бойынан жаны шығар кезде Аллаһпен
жолығуға асығып, тағатсызданады екен. Айша (Аллаһ оған разы
болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім Аллаһпен жолығуды қаласа, Аллаһ онымен жолығуды қалайды. Ал кім Аллаһпен жолығуды қаламаса, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – деген.
Мұны
естіген
Айша
(Аллаһ
оған
разы
болсын)
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Шын мәнінде, біз өлімді жек көреміз» 2 , – дейді. Пайғамбар (с.а.с.): «Олай емес! Бірақ мүмінге өлім келсе, Аллаһ тарабынан разылық және сый-құрметпен сүйіншіленеді де, ол үшін алдындағыдан (өлімнен) сүйікті ештеңе болмайды. Сөйтіп, ол Аллаһпен жолығуды қалайды. Аллаһ та онымен жолығуды қалайды», – деген.
Осылайша, мүмін адам Аллаһтың өзіне әзірлеген сый-
құрметіне ұмтылып, жанының тез шыққанын қалайды. Сондай-ақ
Аллаһ тағала да пендесінің ықыласына қарай онымен жолығуды
қалайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) сөзін әрі қарай жалғастырып: «Ал кәпірге (өлім) келсе, Аллаһтың азабы және жазасымен хабардар етіледі де, оған алдындағыдан жеккөрінішті ештеңе болмайды. Сөйтіп, ол Аллаһпен жолығуды қаламайды, Аллаһ та онымен жолығуды қаламайды», – деген
3
.
Сондай-ақ тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жаназа оқылып, (табытты) еркектер желкесіне көтерген кезде (рух) ізгі болса: «Мені алып барыңдар», – дейді. Ал ізгі болмаса, өзінің 1
«Муминун» сүресі, 99-100 аяттар.
2
Яғни біздің бұл сезіміміз Аллаһпен жолығуды қаламағандығымызға
жата ма деген мағынада.
3
Әл-Бұхари.