Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет51/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
құлап, оны құс іліп әкететін немесе оны ұзақ мекенге жел 
ұшырып кететін нәрсе сияқты»
1
, – деген аятын оқыған
2

Барзах өмірі 
Қабірге түскен соң адам үшін оның жаңа өмірі басталады. 
Оны ғұламалар «барзах өмірі» деп атайды. Яғни өтпелі, Ақыретті 
күту өмірі. Онда ізгілік істеушілер үшін біраз игіліктер болса, 
жаманшылық иелеріне деген азаптар да бар. 
Жан адам тәнінен шыққан соң, барзах өмірінде қалады. Тек 
қана ол аспанға бір көтеріліп, тәнге қайта оралады. Мұнан кейін 
ол тәннің бойында ерекше бір сипатта өмір сүреді. Бұл өмір қабір 
нығметтерінен немесе қабір азабынан тұрады. 
Тахауия ақидасының түсіндірмесінде автор қабір өмірін 
сипаттай келе: «Аллаһтың елшісінен (с.а.с.) әркімге тиісінше 
болатын қабір азабы мен оның игілігін, сонымен қатар ондағы екі 
періштенің сұрағын баяндаған көптеген хабарлар келген. 
Бұлардың болатынына иман келтіру уәжіп. Оның қалай 
болатыны жайлы әңгіме қозғамаймыз
3
. Әрі оның қалай 
болатындығына болжам жасауға адам ақылы жетпейді. Шариғат 
ақылға сыймайтын нәрселерді емес, керісінше, ақылды қайран 
қалдыратын нәрселерді әкеледі», – деген. 
Яғни шариғатта келгендердің ішінде таңғаларлық нәрсе 
шығуы мүмкін, бірақ онда болуы мүмкін емес еш нәрсе жоқ. 
Өйткені Аллаһ тағала әрбір істе Құдіретті! 
Рух барзах өмірі үшін адам тәніне қайтқанда, біздің 
түсінігіміздегідей, дүниедегіше қалыпта тірі болып қайтпайды. 
1
«Хаж» сүресі, 31-аят. 
2
Ахмад. 
3
Өйткені ақиқатын білмейміз. Яғни бұл – ғайып істерінен. Ал біз 
ғайыптан бейхабармыз. Бұл мәселеде тек өзімізге келіп жеткен сенімді 
хабарларға ғана сүйенеміз. 


59
 
 
Десе де, оның өзіндік бір күйі, тіршілігі болады. Алайда біз оны 
өлі күйде көреміз. Мәселен, адам ұйқыда жатқанда, оның рухы 
бұл дүниеден (уақытша) тыс болса да, ол өзіндік тіршілігін 
тоқтатпайды. Түс көреді: қуанады, қысылады, жылайды, күледі 
т.с.с. Ал ұйықтап тұрған соң, әртүрлі халін баяндайды. Яғни ол 
ұйқыдағы жағдайын сезінеді. Тәтті ұйқы және азапты ұйқы бар. 
Дәл осы сияқты барзах өмірі де өзіндік тіршілікке ие. Демек, 
барзах өмірінде рух пен тән бірлестігі дүниедегідей кейіпте емес, 
өзіне тән ерекшелігі бар. 
Сондай-ақ Тахауия ақидасының түсіндірмесінде: «Білгін, 
расында, қабір азабы – барзах азабы. Әрбір өлген адам, азапқа 
лайықты болса, қабірге салынса да, салынбаса да, одан тиісті 
үлесін алады», – делінген. 
«Қабірге салынбаса да» деген сөзден назарға алынып 
отырғаны – мәйіті өртелгендер, суға батқандар, аң-құсқа жем 
болғандар т.с.с. Мысалы, үнді халқы өздерінде қалыптасқан әдет-
ғұрыптары бойынша мәйітті жерлемей, өртейді. Сол сияқты 
кейбір елдерде «танымал тұлғаларды» жерлемей, мүрдесін 
арнайы орындарда сақтау әдеті орын алған. Қалай болғанда да 
өлген адам Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистерінде келтірілген 
жағдайларды басынан өткізеді. Ол жерленсе де, жерленбесе де, 
оның рухы мен тәні қабір азабы мен нығметтерінен тыс 
қалмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет