өзінің адасуына, жаңылуына, теріс жолына, нәпсі қалауларына,
күнәларына қайта оралған кісінің кейпі», – дейді.
Қорыққан адам басын шайқап, көзін жасқа бұлап, жүрегі
езіліп отыра бермей, өзіне көмек етер іс-әрекет істеп, Ақыретіне
қамдануы керек. Әрине, мұндай жүрек нәзіктігінен туындайтын
сезімдер пайдасыз болмайды. Бірақ ең абзалы – қарап отыра
бермей, Аллаһтан пана сұрап, қолдан келгенше себебін жасап,
Аллаһқа жақындауға тырысу. Ағын судай зымыраған бұл өмір
тым қысқа. Аллаһ тағала: «(Аллаһ оларға): «Сендер жер жүзінде
қанша жыл тұрдыңдар?» – дейді. Олар: «Бір күн немесе
күннің бір бөлігі тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді.
(Аллаһ тағала): «Егер білген болсаңдар, аз ғана тұрдыңдар.
Әлде Біз сендерді босқа жаратты және өздеріңді Бізге
қайтарылмаймыз деп ойладыңдар ма?» – дейді. Хақ Патша
Аллаһ өте Жоғары. Одан басқа құдай жоқ. Ол – ардақты
аршының Раббысы»
1
, – деп айтқан.
Сондай-ақ Аллаһ тағала құлдарын ізгі әрекетке шақырған
келесі бір аятта: «Иман келтіргендердің жүректері Аллаһтың
зікіріне (Құранға) жұмсап және түскен ақиқатқа жібімей ме?
Ал енді бұрын өздеріне Кітап беріліп, сосын ұзақ мерзім
өткендіктен, жүректері қатайғандар сияқты болмаңдар.
Олардың көбі – бұзақылар»
2
, – деген.
Осман ибн Аффанның (Аллаһ оған разы болсын) қызметкері
Ханик: «Осман бір қабірге тоқтаса, сақалы жасқа малынғанша
жылайтын. Оған: «Жаннатты, тозақты айтқанда, жыламайсың, ал
қабірді айтсаң, неге жылайсың?» – делінгенде, ол: «Мен Аллаһ
елшісінің (с.а.с.): «Қабір – Ақыреттің алғашқы сатыларының
бірі. Кім одан құтылса, одан кейінгісі оған жеңіл. Ал кім одан
құтыла алмаса, одан кейінгісі оған қиын», – деп айтып
жатқанын есіттім. Және Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Қабірден
1
«Муминун» сүресі, 112-116 аяттар.
2
«Хадид» сүресі, 16-аят.
|