Ақырет өткелдері


-белгі: Аманаттың жойылуы



Pdf көрінісі
бет86/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

12-белгі: Аманаттың жойылуы 
Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) жеткен риуаятта: 
Бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларымен әңгімелесіп отырған 
кезде оған бір бәдәуи келеді. Ол Пайғамбарға (с.а.с.): «Қиямет 
қашан?» – дейді. Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғастыра береді. 
Кейбір адамдар: «Ол оның не айтқанын естіді де, сұрағанын 
жақтырмады», – деді. Енді біреулері: «Жоқ, естіген жоқ», – 
деді. Пайғамбар (с.а.с.) әңгімесін аяқтаған кезде: «Қиямет 
жайлы сұраған (адам) қайда?» – деді. Ол: «Менмін, уа, 
Аллаһтың елшісі!» – деді. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аманат 
жоғалса, Қияметті күте бер!» – деді. Бәдәуи: «Ол қалай 
жоғалады?» – деді. Пайғамбар (с.а.с.): «Іс өз иесіне 
тапсырылмаса», – деп жауап берді, – делінген
3

13-белгі: Діни білім жойылып, надандықтың тарауы 
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі 
(с.а.с.): «Ілімнің жойылуы мен надандықтың жайлауы және 
1
Яғни Константинополь. 
2
Ахмад. 
3
Әл-Бұхари. 


97
 
 
ішімдікке салыну мен зинақорлықтың белең алуы – 
Қияметтің белгілерінен», – деп айтты», – деген
1

Әнәстен (Аллаһ оған разы болсын) жеткен келесі бір хадисте 
ол: «Сендерге менен кейін ешкім айтпайтын бір хадис айтып 
берейін. Мен Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Ілімнің азаюы мен 
надандықтың дендеуі, зинақорлықтың кең етек алуы және 
елу әйелге бір еркектен ғана болғанша әйелдердің көбейіп, 
еркектердің кемуі – Қияметтің белгілерінен», – деп айтқанын 
естідім», – деген
2

Бірақ «ілімнің азаюы» дегені «кітаптар өздігінен құрып 
кетеді» немесе «ілім жоқ болып кетеді» деген сөз емес. Мұның 
астарын Пайғамбарымыз (с.а.с.) төмендегі хадисте баяндаған. 
Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Аллаһ елшісінің (с.а.с.): «Расында, Аллаһ пенделерден ілімді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет