106
Сондай-ақ оның (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен келесі
бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Уақыт қысқарады,
(шариғат үкімдеріне)
амал қылу азаяды, сараңдық тарайды», –
деген
1
.
29-белгі: Сауда-саттықтың көбеюі
Амр ибн Тағлиб (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят еткен
хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Шын мәнінде, мал-дүниенің
кең тарап, көбеюі және сауданың кең қанат жаюы –
Қияметтің белгілерінен», – деген
2
.
Ибн Масғуд (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Қияметтің алдында танысқа ғана
амандасу және сауданың кең тарауы болады. Тіпті әйелі
күйеуімен сауда ісінде серіктеседі», – деген
3
.
30-белгі: Жер сілкінісінің көбеюі
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Жер сілкіністері көбеймейінше,
Қиямет келмейді», – деген
4
.
31-белгі: Жер
жұтуы, тас жаууы және құбыжық
бейнелердің пайда болуы
Айшадан (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят етілген хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Осы үмбеттің ақырғы (уақытында)
жер жұтуы, құбыжық бейнелер және тас жаууы (пайда)
1
Әл-Бұхари.
2
Ән-Нәсәи.
3
Ахмад.
4
Әл-Бұхари.