Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет84/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

3
көргенсің бе?» – дейді. (Ади): 
«Көрмегенмін, бірақ ол туралы естідім», – дейді. (Аллаһ елшісі 
(с.а.с.)): «Егер өмірің ұзақ болса, сен Хирадан жолға (жалғыз) 
шығып, Қағбаны тауап еткенге дейін Аллаһтан басқа 
ешкімнен қорықпайтын әйелді көресің», – дейді. (Ади ибн 
Хатим): «Мен өз-өзіме: «Сонда, таилықтардың
4
ел-жұртты 
барымталап отырған бұзықтары қайда қалады?» – дедім. 
(Пайғамбар (с.а.с.) сөзін жалғап): «Егер өмірің ұзақ болса, 
Кисраның
5
қазыналары ашылады», – деді. Мен: «Кисра ибн 
Һурмуз бе?» – дедім. Ол (с.а.с.): «Кисра ибн Һурмуз. Егер өмірің 
ұзақ болса, уысын алтын немесе күміске толтырып, оны 
алатын біреуді іздеп шыққан кісіні көресің. Ал ол оны алатын 
ешкімді таппайды...» – деп айтты», – деген. 
Ади: «Мен Хирадан жолға шығып, Қағбаны тауап еткенге 
дейін Аллаһтан өзге ештеңеден қорықпаған әйелді көрдім. Кисра 
ибн Һурмуздің қазыналарын ашқандардың ішінде болдым. Егер 
өмір жастарың ұзақ болса, сендер пайғамбар Әбул-Қасымның 
(с.а.с.): «Уысын толтырып шығады» дегенін көресіңдер», – деп 
айтқан
6

1
Ахмад. 
2
Бұл Адидың енді ғана Исламға кіруге келіп отырған күні болатын. 
3
Хира – Ирактағы үлкен бір қаланың аты. 
4
Бұл Адидың қабиласы. 
5
Парсы патшасы. 
6
Әл-Бұхари. 


95
 
 
Демек, бұл белгі сахабалардың кезінде-ақ болып өткен. 
Сондай-ақ Иса (аләйһис-сәләм) түскенде, имам Мәһдидің билігі 
тұсындағы үмбетте мамыра-жай бейбіт кезең қайтадан орнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет