Ақырет өткелдері



Pdf көрінісі
бет83/255
Дата03.04.2023
өлшемі1,47 Mb.
#78676
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   255
Байланысты:
Ақырет өткелдері

 
 
қадария, жаһмия, муғтазила сияқты адасқан ағымдардың барлығы 
шығыстан шыққан. Тіпті сахабалардың кезінде де үлкен 
фитналар жүз көрсеткен. Мысалы, Осман ибн Аффанның (Аллаһ 
оған разы болсын) өлтірілуі, Жәмәл, Сыффин және Харра 
шайқастары секілді фитналардың болғанын тарих беттерінен 
оқуға болады. 
9-белгі: Жалған пайғамбарлықты насихаттаушылардың 
бой көрсетуі 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Отызға жуық тажалдар мен алаяқтар 
жіберілмейінше және олардың барлығы өздерін «Аллаһтың 
елшісіміз» демейінше Қиямет болмайды», – деген
1

Шын мәнінде де, өзін «пайғамбармын» деп бөскендер өте көп 
болған. Бірақ олардың отызға жуығы ғана соңына тобыр 
ілестіріп, үлкен бүлік тудырған. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
кезінде-ақ пайғамбарлық дағуамен (шақырумен) Мусәйләмә 
кәззап, Әсуад әл-Анси, Тулайха ибн Хуайлид қатарлы бірнеше 
өтірікшілер шыққан. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғаннан 
кейін де әртүрлі кезеңдерде өзін «пайғамбармын» деп 
жариялағандар кездескен. Соңғы ғасырларда бұл «жалған 
насихаттауға» былыққандардың бірі үндістандық Мырза Ғұлам 
Ахмад әл-Қадияни болды. Оған ілесіп, адасқандардың тобын 
«ахмадилер» деп атайды. 
10-белгі: Ислам халифатында мамыра-жай бейбіт кезеңнің 
орнауы 
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте 
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
1
Әл-Бұхари, Муслим. 


94
 
 
«Жолаушы Ирак пен Меккенің арасында тек қана жолдан 
адасып кетуден қорқатын уақыт келмейінше Қиямет 
болмайды», – деген
1

Ади ибн Хатим (Аллаһ оған разы болсын): «Мен Аллаһ 
елшісінің (с.а.с.) алдында болған кезімде
2
оған (с.а.с.) бір кісі 
келіп, кедейлігіне шағынды. Содан тағы басқа біреу келіп 
қарақшылыққа шағым жасады», – дейді. Сонда (Пайғамбар 
(с.а.с.)): «Ей, Ади! Хираны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   255




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет