103
23-белгі: Уақыттың қысқаруы
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«...уақыт қысқармайынша, Қиямет
болмайды», – деген
1
.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
«уақыт қысқармайынша» деген
сөзінің түсіндірмесіне ғұламалар бірнеше пікір айтқан. Солардың
бірі – «уақыттың берекесі кетеді» деген. Адамдарға уақыт өте
жылдам өтіп, олар ештеңеге үлгере алмайтын болады. Ал кейбір
қазіргі дәуірдің ғалымдары мұны жаңаша көзқараста түсіндіреді.
Мәселен, өткен замандарда адамдар бір өлкеге бару үшін айлап
сапар шегетін болса, қазіргі уақытта сапарымыз бірнеше сағаттық
жолдан ғана тұрады. Немесе азғантай мезеттің ішінде жердің
келесі түкпіріндегі біреуге хат-хабар жіберіп, хабар алу
мүмкіндігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: