104
25-белгі: Ислам үмбетінде ширктің пайда болуы
Саубан (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер үмбетіме қылыш қойылса, одан
Қияметке дейін көтерілмейді
1
. Менің үмбетімнен бір
тайпалар мүшріктер сияқты пұттарға табынғанға дейін
Қиямет келмейді», – деген
2
.
Айша анамыз (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Лат пен Уззаға ғибадат етілмейінше,
күн мен түн кетпейді», – деген. Сонда Айша анамыз:
«Уа,
Аллаһтың елшісі! Мен Аллаһ тағаланың: «Ол елшісін
туралықпен және мүшріктер (хақ дін Исламды)
жақтырмаса
да бүкіл діндерге үстем болатын хақ дінмен жіберді»
3
, – деген
сөзі түскен кезде бұл аяғына жетті деп ойлаған едім», – дейді.
(Пайғамбар (с.а.с.)):
«Ол әлі Аллаһ қалаған мерзімде болады.
Сосын Аллаһ жағымды жел жіберіп, жүрегінде тозаңның
салмағындай иманы бар адамдар өледі де, қайыры жоқтар
Достарыңызбен бөлісу: