101
19-белгі: Мешіттер мен Құранды артықша сәндеу
Әнәс ибн Мәлик (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
хадисте
Пайғамбарымыз
(с.а.с.):
«Адамдар
бір-біріне
мешіттермен мақтанбайынша, Қиямет келмейді», – деген
1
.
Әбу Дәрда (Аллаһ оған разы болсын)
риуаят еткен хадисте
Пайғамбарымыз (с.а.с.):
«Егер мешіттеріңді сәндеп, Құран
кітаптарыңды әшекейлесеңдер, сендерге апат келеді», –
деген
2
.
20-белгі: Биік те зәулім ғимараттар тұрғызу
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
Жәбірейіл (аләйһис-сәләм)
туралы хадисте, ол Пайғамбардан
(с.а.с.):
«Сағат (Қиямет)
қашан (келеді)
?» – деп сұраған.
(Пайғамбар (с.а.с.)):
«Ол жайында сұралушы сұраушыдан көп
білмейді, бірақ оның белгілері туралы айтып берейін: (ол
жақындағанда)
күң өз қожайынын туады, түйе баққан қара
малшылар (биік-биік)
ғимараттар салуда өзара жарысқа
түседі», – деген
3
.
Әбу Һурайра (Аллаһ оған разы болсын) риуаят еткен
келесі бір
хадисте Пайғамбар (с.а.с.):
«...Адамдар өзара биік ғимараттар
соғуда жарыспайынша, Қиямет келмейді», – деген
4
.
21-белгі: Ата-анаға деген құрметсіздік
Жоғарыда келтірілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Қияметтің белгілерінің бірі:
«...күң өз қожайынын туады...» –
1
Ән-Нәсәи.
2
Әт-Тирмизи, әл-Хаким.
3
Әл-Бұхари.
4
Әл-Бұхари.