ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
84
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
шығындарды, қорларды ағымдағы жағдайына және олардың орналасу орнына
жеткізу мақсатында жүргізілген өзге де шығындарды қамтиды.
Сатып алуға арналған шығындар сатып алу, импорттық баждарды
(өтелетіннен басқа) тасымалдауға, өңдеуге арналған шығыстарды және сатып
алуға байланысты тікелей басқа да шығыстарды қамтиды. Сауда жеңілдіктері,
төлемдерді қайтару және өзге де ұқсас баптар шығындарды анықтау кезінде
шегеріледі.
Қорларды өңдеуге арналған шығындар еңбекақы төлеуге арналған тікелей
шығындар сияқты өнімдердің бірліктеріне тікелей байланысты шығындарды
және шикізатты дайын өнімге қайта өңдеу кезінде жүйелі негізде бөлінетін
ауыспалы өндірістік үстеме шығыстарды қамтиды.
Өзге шығындар қорлардың өзіндік құнына оларды ағымдағы орналасқан
жеріне және жағдайына дейін, яғни өндірістік үстеме шығыстар деңгейінде
енгізіледі.
Субъектінің қызметтер саласы қорларының өзіндік құны жиі cубъекті
көрсететін қызметтер бағасына енгізілетін, бірақ жатқызылмайтын үстеме
шығыстарды қамтымайды.
Өткізілген өнімдердің, орындалған жұмыс пен атқарылған қызметтің
өзіндік кұны, есептегі кезеңдегі шығындардың, сонымен қатар өткен кезеңдегі
және қазіргі есепті кезеңде алынатын табысқа қатысы бар келeшекте жұмсала-
тын шығындардың есебінен құралады.
Әдеттегі түрдегі шығындардың қатарына төмендегілер жатады: шикізат,
тауарлар және басқа да құндылықтарды сатып алуға кеткен шығындар; өнім
өндіру үшін құндылықтарды өндеуге (қажетті түріне жеткізуге) тікелей
жұмсалатын шығындар, оларды өткізу, сонымен қатар тауарларды сату (қайта
сату) үшін орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер шығыны (негізгі
құралдар мен айналымнан тыс активтерді қалыпты жағдайда ұстап тұру және
пайдалануға жұмсалатын шығындар); коммерциялық шығындар; әкімшілік және
т.б. шығындар.
Бухгалтерлік есеп жүйесінде бұл шығындар ақшалай түрде көрсетіледі.
2-хҚЕС сәйкес түсім түсіруге, операциялық немесе басқа да түрдегі
табыстарды табу мақсатына және есептесу формасына (ақшалай, айырбас, есепке
алу) байланыссыз, шығындардың барлығы бухгалтерлік есепте көрсетілуге
тиісті. Ақы төлеудің ақшалай немесе есептесудің басқа да формасының қай
уақытта қолданылғанына қарамастан, шығындар жасалған есептегі кезеңге
сәйкес танылады.
Осы тұста айтар жайт, қаржылық қорытындының қалыптасуына әдеттегі
шығындар түрінен басқа, операциялық өткізуден тыс және төтенше шығындар
да қосылады, бірақ олар өндірістік өзіндік құнның санатына қосылмайды.
К.Т. НЕМЕРЕНЕВА
85
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
Атап айту керек, тауарларды қазіргі орналасқан жеріне және жай-күйіне
дейін жеткізуге байланысты емес әкімшілік үстеме шығыстар және оларды са-
луға жұмсалатын шығындар тауарлардың өзіндік құнына кірмейді, яғни алынып
тасталады да, олардың пайда болуы кезеңіндегі шығыстар ретінде танылады.
Өнімнің өзіндік құнын қалыптастыратын және ұйымның қаржылық
қорытындысына тікелей әсер ететін шығындардың құрамы мен көлемін анықтау
құқысы ұйымдардың өзіне берілген.
Өнімнің, жұмыс пен қызметтің өзіндік құнына ұйым өнім өндіру кезінде
қолданылатын шикізатты, материалдарды, жанармайларды, энергия қуатын,
негізгі құралдарды, еңбек және қаржылық ресурстарды және өнім өндіру мен
өткізуге жұмсалған басқа да шығындарды қосады, оның ішінде:
технология мен өндірісті ұйымдастыруға, өндірістік үрдістер мен
–
шығарылған өнімнің сапасын бақылауға кеткен тікелей шығындар;
– өнімнің жаңа түрлерін дайындап және игеруге жұмсалған шығындар;
– өндіріске байланысты өнертапқыштық және рационализаторлық
ұсыныстар шығындары: тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстарды жүргізу,
рационализаторлық ұсыныстарға орай өнімдердің жаңа үлгілерін дайындап,
сынақтан өткізу, өнертапқыштық және рационализаторлық іс шараларына
байланысты көрмелер, байқаулар ұйымдастыру;
өндірістік үрдістерге қызмет жасау шығындары;
–
еңбек етудің қалыпты жағдайы мен техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз
–
ету шығындары;
өндірісті басқаруға байланысты шығындар;
–
еңбек туралы заңдарға байланысты жұмыссыз тұрған кездегі ақы төлеу,
–
кезекті және қосымша ақылы еңбек демалыстарының төлемдері және т.б.;
әлеуметтік салықтың есептелген сомасы;
–
амортизация есебінде өнімнің өзіндік құнына қосылатын негізгі өндіріс-
–
тік қорларды қалпына келтіру шығындары;
материалдық емес активтердің амортизациясы;
–
басқа да шығындар.
–
Өнімнің өзіндік құнына, сонымен қатар ішкі өндірістік себептерге
байланысты жұмыссыз тұру және жарамсыз өнімдерді шығару шығындары да
қосылады.
Өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына қосылу түріне орай,
шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей шығындар – өнімнің жекеленген бір түріне жатқызылатын
шығындар (материалдар, жұмысшылардың еңбекақысы және т.б.).
Жанама шығындар – бір мезетте бірнеше өнімдерге, жұмыс пен
қызмет түрлеріне бөлінетін шығындар (жарық беру, жылыту, машиналар
86
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
мен жабдықтардың жұмысы және басқалары). Бұл шығындар жекеленген
өнім түрлеріне есеп саясатында көрсетілген тәртіппен жалпы шығындарды
пропорционалды түрде бөлу арқылы таратылады.
Шығындардың есебін осылай жүргізу, өнімнің өзіндік құнына өнім түрлері
мен құрамдас бөліктері бойынша сараптау жүргізуге мүмкіндік береді. Өнімнің
өзіндік құнының құрамындағы тікелей шығындар, әдетте элементтерге бөлініп,
ал жанама шығындар кешенді баптарды құрайды.
Материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды бағалаудың ең үйлесімді
базасы болып саналады, бірақ кей жағдайда қорлар қаржылық есептілікте
олардың өзіндік құнынан төмен көрсетілуі мүмкін. Мұның себептері физикалық
тозу, тауарлардың ескіруі, бағаның төмендеуі болып саналады. Мұндай жағдайда
материалдық қорларды сату кезінде шығындардың белгілі бір бөлігі жабылмай
қалады, сондықтан мұндай материалдарды сату кезінде сату бойынша барлық
шығындарды шегере отырып, сатудан алынатын соманы анықтау қажет болады.
Бұл үшін қорлардың құны сатудың таза құнымен салыстырылады, егер соңғысы
қорлардың өзіндік құнынан төмен болса, онда қорлардың бағасы сатудың таза
құнына дейін төмендетіледі. Яғни өткізудің ықтимал таза құны – бұл жұмысты
орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал
шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату
бағасы.
Материалдық қорларды сатудың таза құны материалдарды жинақтау
және сатуды ұйымдастыру шығындарын шегеріп тастағандағы қарапайым
шаруашылық қызмет барысындағы сату бағасына тең болады.
Материалдардың бағаланған бағасы мен оларды сатуға дайын жағдайына
дейін жеткізу шығындарының арасындағы айырмашылық сатудың таза құны
болып анықталады. Осыған сәйкес сатудың таза құнын анықтау тәртібі 1-кестеде
көрсетілген.
1-кесте – Сатудың таза құны
Материалдың бірлігіне нақты шығындар
100
Материалдың бірлігін сатудың болжамды бағасы
150
Дайындау және сату шығындарының шегерім сомасы
55
Сатудың таза құны
95
Бұл кестеде қорлардың бірлігі 100 теңгеден сатып алынған, ескірудің нәти-
жесінде әрбір бірлігі 150 теңгеге сатылуы мүмкін, егер олардың әрбір бірлігі
55 теңгеден жеңіл жөндеуден өткізілсе, нәтижесінде әрбір бірлікті сатудың таза
құны 95 теңгені құрайды (есеп бөлімі қаржылық есептілікте 55 теңгеден әрбір
бірлікті жөндеуге жұмсалған шығынды зиян ретінде көрсетуі тиіс).
К.Т. НЕМЕРЕНЕВА
87
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
Материалдық қорларды сатудың таза құнын бағалау кезінде келесі ережелер
қолданылады:
егер қорлар сатуға арналған болса, онда есептеулер ағымдағы сату
–
бағалары негізінде жасалады;
егер қорлар алдын ала бекітілген келісімшарт негізінде сатуға арналған
–
болса, онда есептеулер келісімшартта берілген көлем бойынша онда көрсетілген
бағалар негізінде жасалады.
Келісімшартта көрсетілген көлемнен артық материалдық қорлар ағымдағы
бағамен бағаланады.
Сатудың таза құны әрбір бірліктің түріне немесе тауар топтарына қарас-
тырылуы қажет. Материалдық қорлардың құнын олардың барлық топтарына
немесе негізгі топтарына қарай қарастырып, содан соң сатудың таза құнын
анықтаған дұрыс емес, себебі сатудың жалпы құнынан төмен болады.
Материалдық қорлардың ең төменгі өзіндік құнын және сатудың таза құ-
нын анықтау үшін тәмендегі әдістер қолданылады.
Сатылық әдісте – материалдық қорлардың әрбір атаулылары бойынша
баланстық құн мен сатудың таза құндарының ішінен ең төменгі сан алынады.
Осы төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.
Негізгі тауарлық топтар әдісінде – материалдық қорлардың әрбір топтары
бойынша баланстық құн мен сатудың таза құндарының ішінен ең төменгі сан
алынады. Осы алынған сандар қосылып, жалпы бағаны береді.
Қорлардың жалпы деңгейінің әдісінде – барлық материалдық қорлар
бойынша баланстық құн мен сатудың таза құндарының ішінен ең төменгі сан
алынады.
Осыдан келе тағы бір мысалды қарастырайық. Компанияда өнімнің шикізат
пен материалдардың, тауарлардың сатуға арналған жылдық қоры бар. Қорлардың
нарықтық құны баланстық құнынан асып кетсе де, оларды қайта бағаламайды.
Бұл жағдайда қайта бағалау жүргізу қажет етілмейді, өйткені хҚЕС талаптары-
нан бұрылмайды. хҚЕС-да тауарлы-материалдық қорлар өзіндік құнынан және
өткізудің таза құнынан ең төмен баға бойынша бағаланады [1].
Өндіріске жіберілетін материалдық қорлардың нақты өзіндік құндары
келесі бағалау әдістері арқылы анықталады.
Орташа өлшенген құн әдісі
Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша субъектіге кіріске алынған
әрбір материалдық құндылықтардың бағасы олардың, яғни материалдық
құндылықтардың кіріске алынған шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін
болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық құндылықтар тобының (түрінің)
орташа өзіндік құны субъектідегі материалдардың есепті айдың басындағы қал-
ған қалдығының құнымен айдың кіріске алынған материалдар құнының жиын-
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
88
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
тығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен
ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына
бөлу арқылы анықталады. Қорлардың шығысы (сатылуы) осы алынған орташа
құнмен көрсетіліп, есепті мерзімнің соңында сатылған өнімнің жалпы өзіндік
құнына қосылады.
Орташа құн әдісінің артықшылығы, сатып алу бағаларының тез ауытқуы
кезінде сатылған өнімнің өзіндік құнын тұрақтандырып отырады, сонымен қатар
сатылған қорлардың партиялық есебін жүргізудің қажеттілігі болмайды.
Алғашқы түскен өнім – алғашқы жөнелтілген тауар (ФИФО) әдісі
«ФИФО» әдісі – бірінші жеткізілген қорлар бағасы бойынша бағалау әдісі.
Қысқартылған «ФИФО» деген сөздің мағынасы «First іп, First оиt», аударғанда
«бірінші түскен, бірінші болып өткен (сатылған)» дегенді білдіреді. Сондықтан
бұл әдіс бірінші жеткізілген тауарлардың (партиямен) өзіндік құнын бірінші
болып сатылған (бірінші кезекте) тауарларға жатқызылуы тиіс деп болжайды.
Мерзім (ай) аяғындағы тауар қорларының өзіндік құны соңғы жеткізілген
тауарлардың (партияның) өзіндік құнымен бағаланады, ал сатылған тауарлар
тым ертерек жеткізілген тауарлармен (партиямен) арақатынаста болады.
«ФИФО» есептен шығарылған материалдық кұндылықтарды олардың
алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі
болып табылады. Бұл қағида бойынша материалдық құндылықтардың бірінші
кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кірістелгені шығыс
етіледі деп есептеледі. Яғни барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен
соң бірі кіріске алынған кезегі бойынша шығыс етіледі. Ай соңында шаруашылық
субъектінің қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске
алынған материалдардың бағасымен бағаланады.
Арнайы (жалпылама) есептеу әдісі
Арнайы (жалпылама) есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға
болмайтын нақтылы бір материалдық құндылықтың бағасын есептеуге арналған.
Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты өзіндік
құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл арнайы (жалпылама) есептеу
әдісі сатылып алынғанына немесе субъектінің іс өндірілгеніне қарамастан арна-
улы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған
[2].
Яғни бұл әдіс әрбір материалдық құндылықтың сипатын ерекшелейді
және кез келген уақытта материалдық құндылықтардың құнын, сатылған күнін,
сатылған материалдың өзіндік құнын, сондай-ақ ұйымда қалған қорлардың
құндарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану кезінде материалдық
қорлардың құндарының қозғалысы олардың физикалық қозғалысымен сәйкес
келіп отырады. Яғни бұл әдіс қорлардың физикалық және құндық айналымын
К.Т. НЕМЕРЕНЕВА
89
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
толықтай сәйкестендіретін жалғыз әдіс болып табылады.
Бұл әдістің негізгі артықшылығы шығындар мен алынған кірістер құндары
бойынша сәйкестілік ұстамының қамтамасыз етілуі болып саналады.
Материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды бағалаудың ең үйлесімді
базасы болып саналады, бірақ кей жағдайда қорлар қаржылық есептілікте
олардың өзіндік құнынан төмен көрсетілуі мүмкін. Мұның себептері физикалық
тозу, тауарлардың ескіруі, бағаның төмендеуі болып саналады. Мұндай жағдайда
материалдық қорларды сату кезінде шығындардың белгілі бір бөлігі жабылмай
қалады, сондықтан мұндай материалдарды сату кезінде сату бойынша барлық
шығындарды шегере отырып, сатудан алынатын соманы анықтау қажет болады.
Бұл үшін қорлардың құны сатудың таза құнымен салыстырылады, егер соңғысы
қорлардың өзіндік құнынан төмен болса, онда қорлардың бағасы сатудың таза
құнына дейін төмендетіледі.
Бірін-бірі алмастырмайтын босалқылардың жекелеген баптарының,
сондай-ақ арнаулы жобалар үшін өндірілген және оларға арналған тауарлардың
немесе қызмет көрсетулердің өзіндік құны оларға жұмсалатын жеке шығындарды
ерекше сәйкестендіру арқылы анықталуы тиіс.
Жоғарыда қарастырылғанға жатпайтын босалқылардың өзіндік құны екі
әдістің: алғашқы түскен өнім – алғашқы жөнелтілген өнім (ФИФО), немесе
орташа өлшемді құн әдістерінің көмегімен анықталады. Ұйым сипаты және
олардың ұйымдарда пайдалануы жағынан ұқсас барлық босалқылар үшін
бағалаудың бірдей формулаларын пайдалану міндетті. Әртүрлі сипаттағы неме-
се пайдаланудағы босалқылар үшін әртүрлі бағалау формулаларын қолдану өзін-
өзі ақтауы мүмкін.
Жалпы нарықта баға тұрақты болып табылса осы түсіндірілген әдістердің
кез келгенін пайдалануда айырмашылық жоқ. Ал енді баға өсу бағытында болса,
ФИФО әдісімен бағаланып өткізілген тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік
құны ең төмен, сатудан түскен жиынтық табыс ең жоғары болады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. II халықаралық Қаржылық Есептіліктің Стандарты www.minfin.gov.kz
2. Кеулімжаев Қ.К. Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері / Қ.К. Кеулімжаев,
Н.А. Құдайбергенов. – Алматы: Экономика, 2006. – 187-188 б.
REFERENCES
1. II Chalykaralyk Karzhylyk Eseptiliktin Standarty www.minfin.gov.kz (in Kaz).
2. Keulimzhev K.K., Kudaibergenov N.A. Buhgalterlik esep teoriasy zhane negizdery.
Almaty: Economica, 2006, 187-188 (in Kaz).
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
90
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
ӘОЖ 342.56 (574)
М. МӘДЕНИХАНҚЫЗЫ, Ж.Е. САДЫКАНОВА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
СУДьЯ – СОТ ЖүЙЕСІНДЕГІ БАСТЫ ТҰЛҒА
Бұл мақалада Қазақстандағы судья мамандығының кейбір мәселелері және судья
әдебі қарастырылады.
Түйін сөздер: судья, төраға, заңтану, сот жүйесі, құқық.
СУДьЯ – ГЛАВНОЕ ЛИЦО В СУДЕБНОЙ СИСТЕМЕ
В данной статье рассматриваются некоторые поблемы специальности судьи и су-
дебная этика в Казахстане.
Ключевые слова: судья, предcедатель, юриспруденция, судебная система, право.
THE JUDGE WHO IS THE MAIN PERSON IN THE JUDICIAL SySTEM
This article discusses some poblemy specialty judges and judicial ethics in Kazakh-
stan.
Keywords: judge, chairman, jurisprudence, judicial system, right.
Қоғам бір орында тұрмайды, ол әрдайым өсу үстінде. Сот жүйесі де қоғам
мен заман талабына сай әркез өзгеріп, дамып келеді. Тәуелсіздік алғалы бері
мемлекет тарапынан сот саласына барынша қолдау мен қамқорлық жасалып
келеді. Осыған орай соңғы жылдары сот саласы көптеген реформаларды жүзеге
асырды. Сол реформалар сот төрелігінде орын алатын қайшылықтарды жойып,
жүйені одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Ата Заңымызда айтылғандай, биліктің бір тармағы саналатын сот жүйесі –
елімізде адам құқығы мен бостандығы сақталуының, қоғамдағы тұрақтылық пен
дамудың қамтамасыз етілуінің бірден-бір кепілі. Сондай кепілдік пен әділеттілік
болғанда ғана қоғам дамып, өркендейді.
Сот жүйесі мемлекетіміздің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік,
экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің
бірі болып табылады. Сот құрылымдарының зайырлы, толыққанды құқықтық
мемлекет құру жолындағы атқарар рөлі өте жоғары екені даусыз. Азаматтардың
мемлекеттік құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім
білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрмен-
ді және тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді
өзара байланыстың принципті кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық
құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.
Сот ісін жүргізу саласын реформалау мен сот органдарын жаңғырту
М. МӘДЕНИХАНҚЫЗЫ, Ж.Е. САДЫКАНОВА
91
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралардың түпкі мақсаты – азаматтардың
өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот арқылы қорғаудың тиімділігін
арттыру болатын. Елімізде басталған сот-құқықтық жүйені реформалауды
тереңдету, сот реформасының басты кезеңі ретінде Мемлекетіміздегі «Қазақ-
стан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы»
Конституциялық заңының қабылдауымен, сондай-ақ 2001 жылы 11 шілде «Сот
ісін жүргізу мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Заңның қабылдануымен сабақтасады.
Бірінші заң қабылданғаннан кейін демократиялық процестің дамуында,
құқықтық мемлекеттің қалыптасуында соттар мен судьялардың рөлі едәуір
өсті. Осы акт судьялардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуларын анағұрлым
нығайтты, судьялардың әлеуметтік мәртебелерін көтерді. Пленарлық отырыстар
арқылы сот төрағалары мен әкімшілеріне (администраторларына) үміткерлер
іріктеуде судьялардың өздерінің қатысуларына, судьяларды қызметтен босату
және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөніндегі мәселелерді қарауға
мүмкіндік берілді.
Судья қызметінде тағайындау рәсімінің ашықтығы мен жариялылығын
қамтамасыз ету мақсаттарында, конкурстық негізінде аудандық және облыстық
судья лауазымына үміткерлерді іріктеуді жүзеге асырудың тәртібін белгілейтін
нормалар енгізілді. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері одан ары даму жалғасын
табуда.
Мемлекеттік және қоғамдық тіршіліктің құқықтық негізін нығайту жөнін-
дегі судья қызметінің тиімділігін арттыру бірқатар объективтік және субъективтік
қозғаушы күштермен келісілген. Бұл орайда судьялардың қылмыстық істерді
қарау кезінде заңдылықты нығайту, сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін,
судьяның кәсіптік қызметі, құқықтық санасы мен мәдениетін, қылмыстық сот
өндірісіне қатысатын азаматтардың құқығы мен мүддесін қорғау, сот кепілдігін
және сот беделін арттыру айрықша аталу керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясында сот әділдігін жүзеге
асыратын сот органдары көрсетілген. Сот әділдігін жүзеге асырудағы өкілеттік
ешқандай басқа мемлекеттік органдарға тиесілі емес және олардың қызметтері
сот әділдігі ретінде қарастырылмайды.
Ғылыми әдебиеттер мен салалық заңдарды зерттеп, сараптап,
судьяның кәсіптік қызметі: жоспарлау, танымдық, коммуникативтік және
ұйымдастырушылық түрлерінен тұрады деген қорытындыға келуге болады.
Судьялардың жоспарлау қызметі басты сот талқылауын алдын ала
дайындауға және оның тиісті деңгейде жүзеге асырылуына жағдай жасайды. Ол
судьялардың келіп түскен істермен танысуынан басталып, сот шешім шығарғанға
92
№ 1 (61), 2014
Regional Bulletin of the East
дейін жалғасады. Судья сот құрамы мен іс жүргізуге қатысушылардың алдағы
қызметін жоспарлайды, оның кейбір кезеңдерінің орындалу шарттары мен
жүйелілігін және соттық зерттеу мен оған дайындық жөніндегі қызметтің үлгісін
жасайды. Жоспарлау қызметі судья жұмысын, сондай-ақ сот талқылауының
басқа да қатысушылары мен сот қызметкерлерінің жұмыстарын ұйымдастыруға
бағытталған. Жоспарлау қызметі ұйымдастыру қызметінен өзінің алдыңғы
бағыттылығымен ғана емес, шығармашылық сипатымен де ерекшеленеді.
Судьялардың алдағы қызметті жоспарлауы, соның ішінде соттық тергеу
жүргізудің жоспарын құру әлі де болса «осалдау күйде» қалып отырғаны белгілі.
Кейбір судьялар жоспарлау жұмысының жоқтығын тыңдауға ұсынылатын істерді
дайындауға уақыттың жетіспеушілігін сылтауға тартса, енді біреулері осы
саладағы арнайы дайындықтың болмағандығын айтады. Мұндай қызмет түрін
игеру үшін шығармашылық ойлау мен өзінің қызметін бағдарлау қабілеті басты
алғышарт болып табылады.
Судьялардың осы қызмет түрін игеру дәрежесі олардың сот тергеуіндегі
дербестігін, алдын ала тергеу органдары ұстанатын шындықты іздеу жолдарына
тәуелді болмауын қамтамасыз етеді.
Танымдық қызмет құбылыстар, қасиеттер, әрекеттер және басқалар туралы
білім алуға бағытталған. Соттық танымға байланысты ол қылмыс оқиғалары
туралы, сотталушының кінәлілігі немесе кінәсіздігі және жауаптылық мәселесін
шешу үшін құқықтық маңызы бар басқа фактілер туралы білу мақсатындағы
алдын ала тергеуде алынған, қосымша ұсынылған және сұратып алынған дербес,
жаңа зерттеулерді қамтиды.
Коммуникативті қызмет судьялар мен іс жүргізуге қатысушылардың,
кәсіби қызметін атқарушы азаматтардың арасындағы туындаған өзара қарым-
қатынастарды сипаттайды. Оған судья қызметі барысындағы байланыстар
мен қарым-қатынастардың барлық түрлері, яғни оның әлдекіммен сөйлесуі,
жауап алуы, ақыл айтуы, кіммен қарым-қатынасқа түсіп отырғанын түсіне
білуі жатады. Судья өзі сөйлесіп отырған адамның адамгершілігін, қадір-
қасиетін сақтап, оны әңгімеге тарта біліп, мейлі куә, мейлі сотталушы болсын,
айтқандарына сене отырып сөйлесуі керек. Судья жауап алып отырған адамның
берген жауаптарының шындығына күдіктенсе де, мәліметтердің дұрыс еместігі,
қателігі анықталмағанша, өз күмәнін білдірмеуі тиіс.
Адамның берген мәліметтерінің сот әділдігіне маңызды екенін түсіндіре
білу, оның сотқа деген сенімін арттыра білу, сотталушы адаммен психологиялық
байланыс орнату үшін маңызды шарттардың бірі болып табылады.
Ұйымдастырушылық қызмет – бұл судьялардың өзінің және сот
қызметкерлерінің жұмысын тікелей басқаруын қамтамасыз ете білуі. Басты сот
М. МӘДЕНИХАНҚЫЗЫ, Ж.Е. САДЫКАНОВА
93
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 1 (61), 2014
талқылауы жағдайында ұйымдастырушылық қызмет істің көлемі мен сипатын
белгілейтін құқықтық реттеу шеңберінде жүзеге асырылады. Судьялардың
қызметі толығымен формальды болмауы үшін, белгілі бір дәрежеде
шығармашылық ізденіске, еңбекті ұйымдастыра білуге орын берілуі керек.
Басты сот талқылауына қатысушылардың, сол сияқты сот құрамының басқа да
мүшелерінің қызметін басқару мен бағыт-бағдар беріп отыру міндетін, яғни сот
төрелігін жүзеге асыру жөніндегі қызметті ұйымдастыруды, заң сот мәжілісіне
төрағалық етушіге жүктейді.
Қоғамның негізгі мүдделерімен халық мүддесі және жеке әлеуметтік
топтардың мүдделері сәйкес келетін болғандықтан, құқықтық сана – біркелкі.
Дегенмен қоғамның құқықтық санасына қарағанда, судьялардың кәсіби
құқықтық санасы, олардың қоғамдық-саяси жұмыстарындағы және сот ісін
жүргізу қызметінде жете білінетін, бүкіл қоғамға ортақ құқықтық мүдделерді
білдіреді.
Судьялардың кәсіби құқықтық санасы қоғамның және судьяның жеке
құқықтық санасына байланысты өзгеше мазмұнымен сипатталатын құқықтық
сана формаларының бірі болып табылады.
Қоғамның құқықтық санасы судьялардың кәсіби құқықтық санасын басты
да шешуші бағытта қалыптастырады. Кәсіби және қоғамдық құқықтық сананың
байланысы мыналардан тұрады: қоғамдық құқықтық сананың дәрежесі, ойы
және қағидалары идеологиялық құрал ретінде қолданылады; солардың көмегі-
мен судья құқықтық нормаларды танып біледі, өзінің сот ісін жүргізу қызметін
заңның нақты және біркелкі қолданылуына бағыттайды; қоғамдық құқықтық
сана сот органдарының әлеуметтік мәртебесін қалыптастырады және судьяның
кәсіби қызметін орындайтын ерекше бір рухани атмосфераның мазмұнын
анықтаумен қатар, судья үкім шығаратын кезде деректі жағдайларға өзінің жеке
көзқарасын білдіреді.
Судьяның жеке құқықтық санасы өзінің негізгі мазмұны ретінде, қоғамдық
құқықтық идеяларды, нормаларды, ұстанымдар мен көзқарастарды қосып
алады.
Судьяның кәсіби құқықтық санасы қоғам мүддесін қорғайтын құқықтық
идеялар жүйесімен бірге, өзінің құқықтық көзқарастары мен пікірлерін,
құқықтық нормалардың әділеттік пен әділетсіздік бағасын, құқықтық реттеудің
тиімділігін, құқықпен реттелетін нұсқаулар мен қоғамдық қарым-қатынастардың
сәйкес келуін білдіреді.
Судьялардың кәсіби құқықтық санасымен қатар, ең бір көкейтесті
мәселелердің бірі – судья әдебін және мәдениетін сақтауы олардың өз кәсіби
қызметтерін жүзеге асыруда, халықтың судьяларға деген сенімін арттыруда
Достарыңызбен бөлісу: |