Ғылыми журнал 1996 жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады



Pdf көрінісі
бет1/71
Дата03.03.2017
өлшемі5,22 Mb.
#7048
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71

 



ҒЫЛЫМИ  ЖУРНАЛ 



1996  жылдың қарашасынан бастап екі айда бір рет шығады 

 

 



 

 

  

 

 



 

 

 



A.Yesevi UKTÜ Bülteni 

 



Вестник МКТУ им. А.Ясави 

 



Bulletin of IKTU named A.Yasawi  

№2-3 (70-71) 

 

Мамыр-маусым



 



 

2010

 

 

 



Қ о ғ а м д ы қ   ғ ы л ы м д а р   с е р и я с ы  

  



 

 

 

 

 

БАС РЕДАКТОР 

техника ғылымдарының докторы, профессор 



ЛЕСБЕК ТӘШІМҰЛЫ ТӘШІМОВ 

 

 

 

 

Р Е Д А К Ц И Я Л Ы Қ   А Л Қ А  

 

 

 

ЕРГӨБЕК Құлбек Сәрсенұлы 

 

филология ғылымдарының докторы, профессор 



 

-Бас редактордың орынбасары 

ӘБІЛДАЕВА Гүлжан Елібайқызы  

 

-аға редактор 

БАЙҒҰТ Мадина Жүсіпқызы 

-көркемдеуші редактор 

 

 

 

 

 

 А.Ясауи атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік  университетінің 

 

ҚҰ



РЫЛТАЙШЫ 

Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақүрік университеті 

 

 

 

 

А қ ы л д а с т а р   а л қ а с ы :

 

Ағдарбеков  Т.А.,  Айменов  Ж.Т.,  Ақбасова  А.Ж., 

Әбілтаин  М.,  Байдәулетов  И.О.,  Байжігітов  Қ.Б., 

Балабеков  О.,  Бахтыбаев  А.Н.,  Бердібай  Р., 

Беркімбаев  К.,  Ділбарханова  Р.,  Жолдасбаев  С., 

Жұмабаев М.Ж., Исламқұлов  Қ.М.,  Кенжетай Д.Т., 

Құдайқұлов  А.Қ.,  Мұхамеджанов  Б.,    Мырзалиев  Б., 

Нұсқабаев  О.,  Оңалбек  Ж.,  Раимбердиев  Т.П., 

Тәукебаева Р.Б.,   Тұртабаев С.Қ.,   Шалқарова Ж.Н. 

 

 

 

 

Журнал  Қазақстан  Республикасының  Баспасөз  және  бұқаралық  ақпарат  істері 

жөніндегі  ұлттық агенттігінде  1996  жылғы    8-қазанда тіркеліп, №232  куәлік  берілген. 

Индекс №75637 

 

 

 

 

 

Редакцияның мекен-жайы: 

 

161200, Қазақстан Республикасы, ОҚО, Түркістан қаласы, 

ХҚТУ қалашығы, Б.Саттархан даңғылы, №29, 131-бөлме  

 (8-725-33) 3-11-15 (133), E-maіl: islam2006-82

@

mail.ru. 



 

 

 

 

Журнал Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетінің  

«Тұран» баспаханасында көбейтілді. 

Көлемі 70х100 1/6. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.  

Шартты баспа табағы 30. Таралымы 300 дана.Тапсырыс 425. 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 


 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 



 

Айменов Ж.  ЖОО мақсаты – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеу

 

 

  



Ж.АЙМЕНОВ 

 

техника ғылымдарының докторы, профессор 



А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің вице-президенті 

 

ЖОО МАҚСАТЫ – БОЛАШАҚ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ТӘРБИЕЛЕУ 



 

В  данной  статье  речь  идет  об  основной  цели  любого  вуза  -  воспитании  личности  будущего 

специалиста. 

 

This article deals with training the future specialist as the main purpose of any high school. 

 

Университетімізде  студенттерді  тәрбиелеу  тұжырымдамасы  тәрбие 



қызметтерінің  әдіснамалық,  мазмұндық  ауқымды  мәселелерін  қамтыды  әрі 

өткен уақытта олардың бірқаншасы орындалды да. Оқу ордасында тәрбиелік 

жұмыстар  бірқалыпты  жүйеге  түсіп,  қалыптасуда,  олардың  нәтижелілігі 

бақылауға  (мониторинг)  алынуда,  университеттің  көп  салалы  тұрмыс-

тіршілігінде  тәрбиелік  қызметтің  маңыздылығына,  оның  жалпы  білім  және 

оқу-үйретім  үдерісінде  басымдау  келуіне  деген  түсінік  біртіндеп  қажетті 

деңгейге  көтерілуде.  Соңғы  жылдары    жарияланған    Президент 

Жолдауларына  орай  жоғары  мектептің  білім  жүйесін  модернизациялауға 

байланысты  елеулі  өзгерістер  жүріп  жатыр.  Қазақстан  Республикасының 

Үкіметі  мен  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі 

барлық  деңгейдегі  білім  мекемелерінде  тәрбие  жұмыстарын  нығайту 

қажеттігін  баса  назарға  алған  маңызды  құжаттар  мен  бағдарламалар 

қабылдады. 

Осыған  байланысты  университет  басшылығы  студенттерді  тәрбиелеуге 

бағытталған  тұжырымдамаға  біршама  реттеу-түзетулер  енгізу  талабын 

белгіледі. Олар келесідей: 

-

 

тәрбие  жұмыстарын  бүгінде  қабылданып,  іске  қосылып  жатқан 



нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестендіру; 

-

 



университеттегі  тәрбие  істерін  бүгінгі  таңдағы  және  жақын 

болашақтағы түлек-мамандарға қойылатын заман талаптарына орайластыру; 

-

 

университет  түлектерінің  болашақтағы  жоғары  тұлғалық  және  кәсіби-



мамандық беделі жөніндегі жетекші идеяларды студенттер санасына үздіксіз 

ендіріп отыру; 

-

 

бүгінгі  студенттерді  университет  қабырғасында  халық,  қоғам  және 



мемлекеттің  рухани-адамгершілік  үрдістерімен  қаруланған,  жоғары  мәдени 

өркениет  кеңістігін  жасауға  дайын  маман,  кәсіп  иесі  ретінде  қоғамға  енуге 

баулу. 

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан жіктелу және бірігім үдерістері, әлеуметтік 



жедел ауысымдар, кейбір әлеуметтік топтар белсенділігінің көтерілуі тіршілік 

мүдделерінің  өзгеруіне  әкеліп,  соған  орай  тұлғаны  тәрбиелеу  проблемасына 

жаңаша көз салып, соны әрекеттерге өту талабын қойып отыр. 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айменов Ж.  ЖОО мақсаты – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеу

 


 

 



  

Бүгінгі таңдағы адам тәрбиесіне қатысты міндет мәні - өздерінше үздіксіз 

жетіліп баруға қабілетті, жоғары мәдениет деңгейіне қол жеткізген, тән-дене,  

ақыл-ес  және    адамгершілік-имандылық    мүмкіндіктерін  паш  етуге  дайын, 

ұлттық және әлемдік  мәдениет  шеңберінде жалпыға  бірдей белсенді  қызмет 

етуге ықыласты тұлғаның дамуына көмектесу. 

  ҚР  «Білім  туралы»  Заңына  сәйкес  тәрбие:  1)  тәлім  жүйесінде  іске 

асырылатын, қоғамдық және отандық құндылықтар жасау шарттарын түзуге 

орайластырылып,  шәкірттердің  рухани  дамуына  мақсатты  бағытталған  іс-

әрекет;  2)  шәкірттерге  тұрмыс-тіршілікте  танылып,  ізгілік-азаматтық  және 

кәсіби  кемелденуіне  көмек  қызмет;  3)  тұлғаның  өз  табиғи  мүмкіндіктерінің 

ашылуына  және  олардың  іске  асуына  жәрдем  ретінде  қарастырылады. 

«Қазақстан  Республикасының  2010  жылға  дейінгі  білім  жүйесін 

модернизациялау 

тұжырымдамасында» 

атап 


көрсетілгендей 

білім 


арнасындағы  басымды  алғышарт  ретінде  тәрбие  оқу-үйретім  мен  дамудың 

жалпы  үдерісінде  бірігімін  тапқан  ХҚТУ  құрылымдық  мекемелерінің  іс-

қызметтерінің маңызды бір бөлігі болуы тиіс. Осылайша тәрбие университет 

қабырғасында  орындалатын  міндеттердің  аса  маңызды  шарттарының  біріне 

айналып  отыр.  Осыдан    да  тәрбиелік  істер  ЖОО-ны  мемлекеттік 

аккредитациялаудағы сараптау тізіміне жеке көрсеткіш ретінде енгізілген.  

Бұл  универсиеттегі  тәрбие  үдерісін  жүйелестірудің  қажеттігін 

туындатады.  Кәсіби  оқу-үйретім  мен  тәрбие  университет  деңгейіндегі 

мәдениетті  игеріп,  тұлғалық  игі  сапаларды  бойына  сіңірген  кәсіби  білікті 

маманның біртекті кемелдену үдерісінде тоғысуы тиіс. 

Осыған  байланысты  алғы  шепке  өз  қызметінің  басты  міндеті  шәкірт 

бірегейлігін,  оның  өзіндік  құндылығын,  оқу-үйретім  мен  тәрбие  үдерісінің 

субъективтілігін таныған болашақ маманды тәрбиелеу көзделеді. 

Студенттік шақ – бұл елеулі кемелге жеткен тұлғалық жас, бұл шақтағы 

студент  өз  болашағы  мен  өзінің  тұрмыс-тіршілік  мән-мағынасын  таныған, 

адам  өмірінің  жедел  ауысымды  жаңа  формаларын  қабылдауға  дайын  тұлға  

ретінде  көзге  түседі.  Солай  да  болса,  шексіз  еркіндікке  кенелген  жас  адам 

оны  жауапкершілікпен  пайдалана  білмейді.  Талғамы  төмен,  мәнсіз 

ақпараттардың бұрқасын ықпалына кезігіп, оған қарсылық көрсете алмайтын 

студент  жастардың  бір  бөлігі  азғындыққа  ұшырап,  енжарлық  пен  екі 

жүзділікті,  руханисыздық  пен  арсыздықты  қару  етеді,  бейнетсіз  табыс 

жолына  түсуді  жоспарлайды.  ЖОО-дағы  педагогикалық  қатынастардың 

жалғыз  қызметтік-рөлдік  талаптан  аса  алмай,  тек  оқу-үйретім  үдерісіне 

таңылуы  өз  зиянын  тигізбей  қоймады,  себебі  бұл  жәйт  болашақ  түлек-

мамандардың құндылықты бағыт-бағдарларының жойылуына, жалпы мәдени 

деңгейінің  төмендеуі  мен  кәсіби  біліктіліктің  тоқырауына  соқтыратыны 

белгілі. 

Жоғары  білімнің  жалпы  жүйесі  сол  құрамдағы  университеттік  білім 

парадигмаларының заман талаптары және Болонь келісім-шарттарына сәйкес  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айменов Ж.  ЖОО мақсаты – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеу

 


 

 



 

ауысым-өзгерістері  ХҚТУ-дегі  алдағы  бес  жылдыққа  қабылданған  үздіксіз 

университеттік  әмбебап  білімдік  даму  тұжырымдамасына  кейбір  реттеулер 

және  түзетулер  енгізу  қажеттілігіне  себепші болды.  Бүгінгі  таңдағы  білім 

реформасының  осы  күрделі  кезеңінде  болашақ  маман  тәрбиесі  (оқу-

үйретіммен  бір  қатар)  ХҚТУ  үздіксіз  жалпы  білім  жүйесінің  маңызды 

құрамдас бөлігі ретінде танылуы тиіс. 

Университет  студенттерін   тәрбиелеудің   әдіснамалық негізі – адамды 

жатсынған  білім,  әрекет  пен  қатынастар  нормасын  емес,  ең  алдымен  сол 

адамның  өзін  ең  жоғары  құндылық  ретінде  танытатын  тұлғалық  бағыт-

бағдарлы  таным,  көзқарас.  Тұлғалық  бағытты  тәрбие  бүкіл  мақсаттар  мен 

міндеттер  шыңына  адамның  өзіндік  тіршілік  болмысын,  оның  өзіндік 

құндылығын  көтере  дәріптейді.  Бұл  бағыт  философиялық  антропология, 

экзистенциалдық философия, қазақ топырағында жасаған алып ғұламалардың 

келесідей адами-ізгілікті идеяларын арқау етеді: 

-

 



өз бетінше тұлғалық шыңдалу мен өмірлік орын иеленуге бағытталған 

әлеуметтік  және  жеке  құндылықты  қызмет  пен  қарым-қатынаста  болатын 

шығармашыл тұлға мен жасампаз маманның кемелденуі; 

-

 



өзінше  дербес  көркейіп,  әлеуметтік  қызмет  шыңына  көтерілу 

мақсатында  рухани-тіршілік  ауысымдарына  қол  жеткізе  алатындай  өзіндік 

дамуы мен кәсіби қалыптасуы; 

-

 



болашақ  маманның  еркіндікке  талпыну  жолдарының  көбеюі  мен 

әлеуметтік беделінің артуына себін тигізетін тұлғалық-кәсіби кемелдің бастау 

көзі - өзіндік білім және білім меңгеру жетістігі.  

Университет  тәрбиесіндегі  жетекші  принцип  -  мәденисәйкестік 

принципі, осыған орай жеке-даралық қасиеттерін кемеліне жеткізіп, болашақ 

маманның  өз  мүмкіндіктерін  паш  етуі  бүгінгі  қоғамның  жалпы  адамзаттық, 

ұлттық, аймақтық мәдениеті мен жеке тұлғаның кәсіби мәдениеті арасындағы 

біртұтастық  пен  үйлесімділікке  сай  келген  мәдени-білімдік  кеңістікте  іске 

асып жатады. 

Студент  тұлғасының  өзіндік  дамуы  мен  өз  мүмкіндіктерін  іске  асыруға 

жол  ашып  берер  орта  ретінде  танылған  мәдени-білімдік  кеңістіктің 

біртұтастығы  және  қайшылықсыздығы  төмендегідей  жүйешелерді  қамтыған 

тәрбие жүйесін түзумен байланысты келеді: 

1.

 



Тұлғаның  өзіндік  кемелге  келу  идеясынан  туындайтын  тәрбие 

мақсаттары мен міндеттері

2.

 

Білім  кеңістігінің  мәдени  құндылықтар  жүйесі  баюынан  көрінетін 



тәрбие  мазмұны; 

3.

 



Болашақ маманның әрқилы іс-әрекет, ортақтасу және қарым-қатынас 

түрлерінде  өзіндік  дамуы  мен  өзіндік  бой  тіктеуі  үшін  жағдайлар  жасай 

алатындай тәрбие үдерісін ұйымдастыру. 

 

 



А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айменов Ж.  ЖОО мақсаты – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеу

 

 


 

 



 

Университеттің  жүйелілік  тұрғысынан  қалыптасушы  мәдени-білімдік 

кеңістігі  әрбір  студенттің  өзін-өзі  біртұтас  әрі  жасампаз  тұлға,  болашақ 

педагог-тәрбиеші ретінде тану және өз құнын пайымдау аймағына айналады. 

Осы   өзіндік  таным  мен  өз  құндылығын  сезіну  студентке өзіндік реттеуге, 

айқындау  мен  қоғамдағы  беделін  орнықтыруға  қажет  ерік-күшінің  асып-

тасуына ынталандырады. 

Болашақ мамандардың жалпылай мәдениеті олардың тарапынан игерілуі 

тиіс    ауқымды    білімдер    қорынан,  сол    білімдерді    тұрмыс-тіршілікте 

қолданып, пайдалану үшін қажетті ептіліктер мен дағдылардан көрінеді. XXI 

ғасыр маманы – бұл эрудит, рухани  дүниесі мен ақыл-өрісі кең әрі тереңдей 

дамыған,  көп  тарапты  әлеуметтік,  тарихи  білімдермен  сусындаған, 

эстетикалық  талғамы  мен  жоғары  деңгейлі  моральдық  сапаларды  бойына 

сіңірген зиялы қауым өкілі.  

Болашақ мамандардың кәсіби біліктілігі мен мәдениеті олардың бойында 

келесідей  адами  сапалардың  орнығуына  тәуелді:  1)  интенсионалдық  – 

адамның  өзіндік  дамуына  бағыттылығы;  2)  креативтік  –  тұлғаның  өзіндік 

шығармашылыққа  қабілеті  мен  өзгелердің  де  шығармашыл  дамуына 

жағдайлар  жасауға  ынталы  болуы;  3)  жариялылық  –  білім  әрекеттестігіне 

қатысушы барша субъектілермен тең құқықты, көңіл шуағын бірдей бөліскен 

қарым-қатынас түзе білу ептілігі және т.б.  

Университетте білім игеріп жатқан көп ұлттан құралған студенттер мен 

ұстаздар  қауымының  алдында  тұрған  мәртебелі  міндет  әрбір  шәкірттің 

Қазақстан Республикасының азаматтығына, ұлтжандылығына  қол жеткізу әрі 

өзге ұлт, мемлекет өкілдерінің Қазақстан Республикасы шарттарын ардақтай 

білуі,  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілінің  өрісінің  кеңеюіне  белсене  атсалысу 

сезімін баянды ету. 

Аталған  мақсаттардың  іске  асырылуына  орай  университеттің  құрылым, 

бөлімдерінің  алдына  төмендегідей  міндеттерді  табысты  шешу  мәселесі 

тартылады: 

 

болашақ  мамандарды  мәдени  құндылықтарға  етене  жақындатып, 



олармен  таныстыру,  ертеңгі  маман  –  бүгінгі  шәкірттің  бойында 

руханилылық,  өзіндік  дарынды  болмыс,  адамның  рухани  көрінісі  ретіндегі 

әсемдік пен үйлесімділікті қабылдай білу сынды қасиеттерді тәрбиелеу; 

 



тұлғаның  әлеуметтік  сапаларының  кемелденуіне  жағдайлар  жасау, 

яғни  оның  жоғары  азаматтық  сезімге  бөленуі,  ҚР  заңдарына  құрмет, 

әлеуметтік  белсенділікке  талпынысына,  жауапкершілікке,  ар-намысқа, 

қайырымдылыққа деген ынта-ықыласына жол ашу. 

 

университет  студенттерінің  өз  кәсіби  білімдерінің  деңгейі  мен 



еңбегінің  сапасын  жауакершілікпен  сезінуіне,  өз  кәсіби  іс-әрекетінің 

салдарын саналы пайымдау мен оны іске асыруда әлеуметтік, экономикалық 

және иманды-инабаттық шынайы шешімдерді таңдауға мүмкіндіктер жасау; 

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айменов Ж.  ЖОО мақсаты – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеу

 

 

  



 



 

болашақ  мамандардың  кәсіби  этиканы  меңгеріп,  өз  кәсібінің 

қоғамдық мән-мағынасын жете түсінуіне көмектесу; 

 



студенттер  тарапынан  салауатты  өмір  салтының  аса  жоғары 

қажеттілігін ұғынуға көмектесу. 

Осы  шарттарды  негізге  ала  отырып,  тәрбиенің  басты  бағыттарын 

төмендегідей белгілеуге болады: 

1.

 

Студенттердің  жалпы  және  кәсіби  дамуы  үшін  кез  келген 



жағдайға  орайлас  ұтымды  психологиялық  орта  түзу  және  оны  іс-әрекеттік 

қамсыздандырумен  біртұтас  мәдени  кеңістігінде  адамгершілікті  қарым-

қатынас тәжірибесінде пайдалану

2.

 



Болашақ  маманды  оның  өзіндік  бой  көрсетуі  мен  өзіндік  дамуы 

мақсатында тәрбиелеуші қызметтер жүйесін жетілдіру; 

3.

 

Өз  кемеліне  жетудің  маңыздылығы  мен  өзінің  мамандығына 



байланысты  қызмет  саласын  байыпты  ұғынуға  жәрдемдесетін  оптимистік 

сенім бағдарын дамыту.  

Аталған міндеттердің тиімді шешімі ХҚТУ-дегі әмбебап білімнің жалпы 

жүйесінде  жүріп  жатқан  біртұтас  тәрбиелік  үдерістің  ұйымдастырылуына 

байланысты келеді. 

Тәрбиелік  үдеріс  мазмұнының  біртұтастықта  болуының  кепілі: 

1)студенттер  игеріп  жатқан  білім  және  ептіліктер  жүйесінің  тұлғалық  және 

әлеуметтік 

мән-мағыналарының 

қайшылықсыз 

сипаттылығы; 

2)университеттің барша құрамдас бөлімдерінің оқу-үйретім, ғылыми-ізденіс, 

оқу-үйренім  –  зерттеу  іс-әрекетінің  үздіксіз  өзіндік  дамуы  үшін  жағдайлар 

түзудегі  өзара  келісімді  әрекеттестігі;  сонымен  бірге,  3)  оқу-үйретім  үдерісі 

аймағынан  тыс  жатқан  әрі  студенттердің  де,  ұстаздардың  да    шығармашыл, 

жасампаз өз болмысын паш ететіндей кеңістігінің қанат жаюына қажетті іс-

әрекеттер жасау мүмкіндіктеріне жол ашу. 

Тәрбиелік  үдеріс  мазмұнының  біртұтастығы  –  бұл  мәдениет  адамының 

сол  үдерісте  өздігінен  бой  тіктеуіне  қажетті шарттардың  өрнек  табуы,  оның 

әрбір бөлігінің болашақ маманның кемелденуіндегі әрекеттерінің өз бетінше 

реттелуіне  қажет  бірігімді  механизмі  есептелетін  «Мен»  -  тұжырымының 

орнығуына  орайлас  келуі.  «Мен»  -  тұжырымының  кемелденіп,  тұрақтануы 

көпсубъектілі  (диалогтық)  қатынастарға,  барша  іс-әрекет,  қызмет  түрлеріне 

болған  даралықты-шығармашылық  бағыттылыққа,  аталған  әрекеттер 

нәтижесіне  деген  кәсіби-этикалық,  өзара  жауапкершілік  шарттары 

сақталғанда ғана мүмкін. Болашақ маман тәрбиесі мазмұнында әрбір адамның 

азамат, кәсіпқой, отбасы иесі ретінде кемелге жету шарттары өрнек табады. 

Азамат  –  елжанды,  ұлтжанды  патриот,    гуманист.  Ел  заңдары  мен 

қоғамдық  өмір  ережелерін  біледі,  құрметтейді  және  ұстанады.  Әлеуметтік 

белсенді. Құқықтық сана мен азаматтық белсенділік көрсетуге, ел тағдырына, 

өз ісінің сапасына, жеке өмірінің салауаттылығына жауапты. Адал, шыншыл,  

А.Я с а у и   у н и в е р с и т е т і н і њ   х а б а р ш ы с ы,  №2-3, 2010 

 

Айменов Ж.  ЖОО мақсаты – болашақ маман тұлғасын тәрбиелеу

 

 

 



 

сезімтал, қайырымды; ұлт-ұлыстық, үрдіс-дәстүрлерге, мәдениетке, табиғатқа 



қамқор,  өзге  адамдар  құқығы  мен  еркіндігін  сыйлайды,  жоғары  да  ізгілікті 

жалпы және құқықтық  мәдениетті тұлға ретінде өзіндік тәрбиені қастерлеуге 

бейімді. 

Кәсіпқой - өз кәсібін қоғамдық қызметте орындау мәртебесі және өзінің 

тұлғалық  беделін  паш  етумен  бірге  шығармашыл  дарынын  іске  асырудың 

біртұтас  әрі  қайшылықсыз  құралы  ретінде  жете  таниды.  Өзінің  кәсіби 

дайындығы  мен  мамандық-кәсіби  еңбегінің  қажетті  деңгейде  болуына 

жауапкершілікті сезінеді. Өзінің қызмет бабындағы іс-әркеттерінің салдарына 

саналы  да  кәсіби  дәйекті  қатынастар  жасауға  дағдыланған.  Барлық  әрекет-

қылығы  мән-мағыналы  игерілген  әрі  қоғамдық  этика  заңдары  мен  жалпы-

мәдениеттік  талаптарға  сәйкестендірілген.  Өзге  адамдарды  бірегей  де 

қайталанбас  тұлға  ретінде  танып,  адамзаттың  мәдени  әрі  рухани 

құндылықтарына  араласуда  оның  да,  өзінің  де  еркін  табысқа  жету  құқығын 

сөзсіз  мойындауда  екі  тараптық  (диалогтық)  қатынас  жасау  ептіліктерін 

дамыта біледі. 

Отбасы иесі – некеге тұруды өзінің сүйген адамымен қосылу ниеті ғана 

деп  шектелмеген,  отбасы  міндеттерін  орындауды  өз  жауапкершілігіне  алуға 

дайын  екендігін  сезінеді.  Өз  перзенттерін  отбасы  мүшелерінің  арасында 

қалыптасқан  мейір-махаббат,  құрмет  және  қайырымдылық  шуағымен 

тәрбиелеуге  жауапкерлігі.  Ата-аналарын,  егделерді  сыйлай  біледі.  Жанұя 

қатынастарын  салауатты  өмір  салтына,  жалпыадамзаттық  құндылықтар  мен 

ұлттық өнеге-өрнектерге сәйкес түзе біледі. 

Көп  салалы  біздің  университетіміздегі  дәрісханадан  тыс  жұмыстардың 

басты міндеті – сол жұмыстардың әрқилы формалары арқылы студенттердің 

кәсіби,  көркем-өнер,  спорттық  және  басқа  да  қабілеттерін  дамыту,  олардың 

мәдени және рухани өрістей түсуіне мейлінше қолдау-қуаттау беру. 

Дәрісханадан  тыс  жұмыс  –  тұлғалық  бой  тіктеу  мен  өз  мүмкіндіктерін 

іске асырудың маңызды құралы; оның арқасында студенттердің ой-өрісі мен 

шығармашыл  дарынын  іске  асыру  аймағы  кеңейеді,  зерттеушілік  ізденіс 

әрекеттер көзі ашылып, белсенділігі артады, әлем көрінісі, сол әлемдегі адам 

орны  мен  маңызы  жөніндегі  ұғым-түсініктері  баюымен  жалпы  және  кәсіби 

мәдениеттерінің деңгейі көтеріледі. 

Университет  қабырғасында  болашақ  маман  даярлаудың  бүгінгі  заман 

талаптарына  сай  келер  жүйесінің  ажырамас  құрамды  бөлігі  –  сабақтан  тыс 

жұмыстар студентке өзін тұлға және болашақ мамандық иесі ретінде көрсете 

алуына  мүмкіндік  берерін  жан-жақты,  көп  тарапты  да  әрқилы  деңгейлі  іс-

әрекеттерді  жалпы  университеттік,  факультеттік,  студент  топтарындағы, 

жатақханадағы, шағын топтар мен шағын ұжымдарды қамтиды. 

  Университеттегі  тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастыруда  тұрақты  да 

үздіксіз жоспарлы атқарылуы тиіс іс-шаралар: 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет