Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті



Pdf көрінісі
бет6/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,8 Mb.
#7049
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
45 
негізі ретінде ақпаратты қабылдауға негізделген. 6-7 жастағы балалар өз пікірін 
айтуға, оқыту мазмұны бойынша сұрақтар қоюға, оларға жауап табуға үйренуі 
тиіс.   
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 
33 сағатты құрайды. 
 
Көркем еңбек 
Бастауыш  сыныптардағы  жаңартылған  оқу  бағдарламасының  ерекшелігі 
«Бейнелеу  өнері»  және  «Еңбекке  баулу»  оқу  пәндерін  біріктіретін  «Көркем 
еңбек»  кіріктірілген  пәнін  енгізу  болып  табылады.  Ол  кеңістіктік  және  көру 
елестерін, қиялы мен байқағыштығын түрлі шығармашылық қызметте көркем-
технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.  
Түрлі  материалдармен  жұмыс  оқушыларда  технологиялық  пікір 
қалыптастыруға,  көркем-эстетикалық  талғам,  шығармашылық  қабілет,  жады, 
кеңістіктік  қиял,  фантазия,  қол  моторикасын  дамытуға,  көз  мөлшерін 
жетілдіруге ықпал етеді.  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 
33 сағатты құрайды. 
 
 «Дене  шынықтыру»  білім  беру  саласы  «Дене  шынықтыру»  пәнін 
қамтиды. 
 
Дене шынықтыру 
Бағдарламаның  мақсаты  оқушыларды  дене  шынықтыру  негіздерімен, 
таныстыру,  атап  айтқанда,  спорттық-арнайы  қозғалыс  дағдылары  мен 
физикалық  қабілеттер  алуымен  қатар,  олардың  физикалық  денсаулығын 
дамытуға ықпал ету болып табылады.  
Дене 
шынықтыру 
мұғалімі 
денсаулығына 
байланысты 
арнайы 
медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене 
жаттығуларының  өсіп  келе  жатқан  организмге  тигізетін  ықпалы  мәселелері 
бойынша  жеткілікті  дайындығы  болуы  тиіс.  Дене  шынықтыру  мұғалімдері 
оқушы  организмінің  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктеріне  (жетілуіне) 
сәйкес өздерінің педагогикалық тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.  
Оқушылар  сырқатының  ауырлығына  және  сипатына  байланысты  арнайы 
медициналық  топқа  жатқызылған  оқушыларды  қозғалыс  жаттығуларын 
тағайындауда  анағұрлым  сараланған  тәсілдеме  қолдану  мақсатында  А  және  Б 
топшаларына бөлу ұсынылады: 
А  топшасы  –    денсаулық  жағдайында  қайтымды  сипаттағы  ауытқуы  бар, 
түрлі сырқаттармен әлсіреген оқушылар;  
Б  топшасы  –  ағзалары  мен  жүйелерінің  қызметінде  ауыр,  қайтымсыз 
өзгерістер  бар  оқушылар  (жүрек-тамыр,  зәр  шығару  жүйелерінің,  бауырдың 
органикалық  зақымданулары;  көз  түбінің  өзгеруімен  жоғарғы  деңгейдегі  көз 
кемшілігін түзетуінің бұзылуы).  
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 3 сағат,  оқу жылында 
99 сағатты құрайды. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
46 
 
3.2  Қолданыстағы  білім  мазмұны  бойынша  2-4-сыныптарда  пәндерді 
оқыту ерекшеліктері 
 
Біздің  республикамызда  2016-2017  оқу  жылында  1-сынып  оқушылары 
жаңартылған білім мазмұнына көшеді.  
2-4  сынып  оқушылары  қолданыстағы  ББ  МЖМС-2012  мазмұны  бойынша 
оқуды жалғастырады.  
Бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  негізгі  міндеті  оқу,  шығармашылық, 
көркемдік,  еңбек,  спорт  қызметінде  дербестікті  қалыптастыру,  алға  қойған 
мақсаты  бар,  еңбексүйгіш,  салауатты  өмір  сүруге  ұмтылатын,  өз  жұмысын 
жоспарлай  алатын  және  өздігінен  білім  ала  алатын,  негізгі  мектепте  оқуға 
(білім алуға) дайын оқушыны тәрбиелеу.  
4-сынып  оқушыларын  оқытуда  білім  беру  процесіне  оқытудың  белсенді 
түрлерін:  дәлелдерді  құру,  жалпы  сыныптық,  топтық,  жұптық  жұмыстарды 
ұйымдастыру,  диалог  әдісі,  бір  сабақ  аясында  әртүрлі  тапсырмаларды 
қолдануды  енгізуге ерекше назар аудару қажет.  Әсіресе оқу, жазу, математика 
мен жаратылыстану пәндерінен функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға 
ерекше  назар  аудару  қажет,  өйткені  4-сынып  оқушылары  бастауыш  сыныпты 
аяқтаған соң, 5-сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша оқитын болады.  
Ең маңызды міндеттердің бірі – оқушының сабақтағы жұмысы мұғалімнің 
жұмысынан басым болуы қажет. Бұл міндетті шешуде оқуға уәжі жоғары және 
оқуда  қиындықтары  бар  балалар  үшін  сабаққа  тапсырмаларды  дайындауда 
оқытудың  қосымша  ресурстарын  тарту,  оқыту  түрлерінің  көптүрлілігі  және 
бақылау  мен  өзіндік  бақылау  түрлері  көмектеседі.  Сын  тұрғысынан  ойлау 
стратегиясын  қолдану  әр  оқушының  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  береді, 
осылайша оқытудың тиімділігін арттырады. 
Үй  тапсырмасы  бастауыш  сынып  оқушыларына  демалыс  күндері  және 
демалыс уақытына берілмейді.  
Үй  тапсырмасының  көлемі  сыныпта  орындалған  жұмыстың  30%-нан 
аспауы  қажет.  Күрделі  қиындықтағы  ерекше  белгімен  (*)  белгіленген 
тапсырмалар үйге берілмейді. Әр пән бойынша үй тапсырмасы көлемі бойынша 
қатаң  түрде  реттелген  және  басқа  пәндер  бойынша  тапсырмалармен  үйлесуі 
қажет.   
Барлық  оқыту  және  бақылау  жұмыстары  түрлерін  орындау  үшін 
оқушыларда  жеке  дәптерлері  болуы  қажет  (пән  бойынша  оқушылар 
дәптерлерінің саны 4-қосымшадан қараңыз). 
 
Бастауыш білім беру мазмұны жеті білім беру саласын құрайды: «Тіл және 
әдебиет»,  «Математика»,  «Жаратылыстану»,  «Адам  және  қоғам»,  «Өнер», 
«Технология», «Дене шынықтыру». 
 
 
«ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ  

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
47 
 
Қазақ тілі (оқыту қазақ тілді сыныптар үшін) 
«Қазақ  тілі»  пәні    бастауыш  сынып  оқушыларын  алғашқы  тілдік  білім 
негіздерімен  қаруландыратын,  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасау  қызметінің 
барлық  дағдысын  (тыңдалым,  айтылым,  оқылым,  жазылым)  меңгертетін  және 
олардың ақыл-ойын дамытатын пән.  
Пәнді  оқыту  ерекшелігі  –  грамматикалық  материалдар  жүйелi-шоғырлы 
ұстанымға  негiзделiп,  кешендi  сипатта  берілді.  Пән  мазмұны  «Тіл  және 
сөйлеу», «Дыбыс және әріп», «Мәтін», «Сөйлем», «Сөз және оның мағынасы», 
«Сөз  құрамы»,  «Сөз  таптары»  бөлімдерінен  тұрады.  Тілдік  саладағы  барлық 
тоғыз сөз табы мен олардың белгілері таныстырылады.  
«Қазақ тілі» пәні 2-4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, жылдық 
жүктемесі 136 (116 + 20) сағатты құрайды.  
Пәнді  оқытудың  басты  ерекшелігінің  бірі  –  оқушылардың  сауаттылығын 
арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру.  
Қазақ  тілі  пәні  бойынша  оқушылардың  жетістіктерінің  деңгейін  бағалау 
жазбаша жұмыс түрлерінде жүргізіледі: диктант; грамматикалық тапсырмалар; 
бақылау мақсатымен көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары. 
Диктантты ұйымдастыру және өткізу 
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни 
өткен сабақ материалдары негізінде алынады. 
Егер  мәтін  құрамында  өтілмеген  емле,  тыныс  белгілері  немесе  айтылуы 
мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады

 
диктанттың  қай  түрі  болмасын,  мұғалім  мәтінді  орфоэпия  заңына 
сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, толық оқиды; 

 
мәтінді  жазбас  бұрын  оқушыларға  оны  бар  ынта-зейінімен  тыңдап, 
мазмұны бойынша жазуды қадағалап отыру тапсырылады; 

 
оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей 
қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн; 

 
жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады. 
Оқушылардың  грамматикалық  талдау  білімдерін  сынау  мақсатында 
алынған  бақылау  жұмыстарда  2-3  грамматикалық  талдау  тапсырмалары 
болады. 
2, 3, 4-сыныптарда мұндай бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі (4-
кесте). 
 
4-кесте – Диктант мәтінің көлемі 
Сыныптар 
Тоқсандар/сөздер саны
 

II 
III 
IV 
2 сынып 
19-22 
22-25 
25-28 
28-30 
3 сынып 
32-35 
35-40 
40-55 
55-60 
4 сынып 
65-68 
68-70 
70-75 
75-80 
Бағаның төмендеуіне әсер ететін қателер мен кемшіліктердің саралануы: 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
48 
Қателер: 

 
сөздердің жазылу ережесін бұзуды қоса алғанда күрделі қателер кеткен 
жағдайда, орын ауыстыру, алмастыру, сөздерде артық әріптердің кездесуі

 
емле ережесі бойынша қате жазылған сөздер; 

 
мәтіндегі тыныс белгілерінің сөйлемнің соңында болмауы және бас әріп 
сөйлемнің басында жазылмауы; 

 
орфографиялық ережелер бойынша жіберілген қателер; екі бірдей қате 

 
әртүрлі сөзде кездесуі екі қате болып саналады (қайы
н
ның сы
ң
ыпты
н
); 

 
бірдей  әріптен  жіберілген  қате  үш  рет  қайталанса,  екі  қатеге 
есептелінеді, екі рет жіберілсе, бір қатеге есептелінеді

 
мәтін  мазмұны  (мазмұндамада)  тақырыптан  алшақтаған,  ойды  жүйелі 
жеткізуде  кемшіліктер;  мазмұндама  жазуда  шығарма  мазмұнын  өзгертетін, 
авторлық мәтіннен айтарлықтай ауытқулар бар; 

 
әр бөлім арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, баяндаудың негізгі 
бөлімінің  болмауы,  автор  мәтінінде  көрсетілген  маңызды  оқиғалардың  түсіп 
қалуы; 

 
сөздердің мағынасына сәйкес қолданылмауы (мазмұндамада).   
Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; 
қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате. 
Өрескел  емес  қателер:  сөзде  бір  әріптің  қайталануы;  сөздің  қате 
тасымалдануы;  сөйлемде  бір  сөздің  екі  рет  қайталанып  жазылуы;  жазылуы 
аяқталмаған сөз; 
Кемшіліктер: сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы, келесі сөйлем 
бас әріптен жазылған жағдайда; азат жолдың болмауы;  
Диктантта  қате  деп  саналмайды:  диктант  үшін  ұсынылатын  мәтіндер 
орфографиялық  тұрғыдан  таныс  болмаған  жағдайда,  яғни  жіберілген  қателер 
өткен сабақ материалдарында қарастырылмаған жағдайда; ерекше жағдайда бір 
сөзді екінші сөзбен мағынасын өзгертпей ауыстыру. 
«5»  бағасы,  егер  оқушы  барлық  тапсырмалар  қатесіз  орындаса, 
түсініктерді,  анықтамаларды,  ережелерді  саналы  түрде  меңгеруін  анықтаса 
және  өз  бетінше  жұмыс  орындау  барысында  білімдерін  қолданған  кезде 
қойылады
«4»  бағасы,  егер  оқушы  ережелер  мен  анықтамаларды  саналы  түрде 
меңгерсе;  сөз,  сөйлем  талдау  барысында  білімдерін  қолдана  білсе,  кемінде 
тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе) қойылады. 
«3»  бағасы,  егер  оқушы  оқылған  тақырыптардың  белгілі  бір  бөліктерін 
меңгерген,  тапсырмалардың  жартысынан  артығын  дұрыс  орындаған  жағдайда 
(3-5 қате жіберілсе) қойылады. 
«2» бағасы, оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген 
грамматикалық  тапсырмаларды  орындай  алмаса  (5-тен  артық  қате  жіберілсе) 
қойылады. 
Мазмұндаманы,  шығарманы ұйымдастыру және өткізу  
2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу 
білігін  тексеру  мақсатында  мазмұндама,  шығарма  жазуға  үйрететін  жұмыс 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
49 
жүргізіледі.  Осы  жұмыстарға  1  сағаттан  кем  емес  уақыт  бөлу  ұсынылады. 
Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің  кезеңділігі – шамамен 
10-15 күнде бір рет. 
Мазмұндама  тақырыптарының  көлемі  диктант  мәтіндерінің  көлеміне 
қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс. 
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері 
Шығарма  тақырыбын  таңдауда  оның  өмірмен байланыстылығын, балалар 
тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, 
мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет.  
2-3-cыныптарда  мазмұндама,  шығарма  жазуға  үйрету  деп  қарастырылады 
да, 1 ғана баға қойылады. 
4-сыныпта  мазмұндама  мен  шығармалар  үшін  2  баға  бір  тор  көзге 
қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін (5/5, 5/4 сияқты) 
«5»  деген  баға  –  автордың  мәтінін  (мазмұндама)  жүйелі  әрі  дұрыс 
баяндалған;  тақырып  ашылған,  сөздік  қоры  бай,  сөз  қолданысы  дұрыс;  сөздік 
қолданыста 1-2 түзету жіберілсе қойылады. 
«4»  деген  баға  –  жұмыста  автор  мәтіні  (мазмұндама)  дұрыс,  барынша 
толық  берілген,  мәтін  мазмұны  ашылған  (шығарма),  бірақ  ойды  баяндау 
бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-
ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету жағдайда қойылады. 
«3»  деген  баға  –  мәтін  мазмұнынан  ауытқушылықтар  жіберілген 
(мазмұндама),  тақырыптан  алшақтаған,  негізінен  дұрыс  қолданғанымен  ой 
жүйелі  жеткізілген,  2-3  сөйлем  құрылысында  кейбір  кемшіліктер  бар.  Сөздік 
қоры  аз,  сөз  қолданыста  қателер  бар.  Мәтінді  құруда  және  ойды  жүйелі 
жеткізуде 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады; 
«2» деген баға – қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан көп 
алшақ, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. 
Сөздік  қоры  жұтаң.  Жазба  жұмысында  мәтін  құру  мен  мазмұнында 6-дан  көп 
қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады. 
Бастауыш  сыныптардағы  мазмұндамалар  және  шығармалар  үйретушілік 
сипатта  болатынын  ескере  отырып,  қанағаттанарлықсыз  баға  тек  қорытынды 
мазмұндамалар жазғанда ғана қойылады. 
Үйрету  мақсатындағы  мазмұндама  мен  шығарма  сыныпта  мұғалімнің 
басшылығымен орындалады. Оқушыларға (2-4 сыныптар) мазмұндама жазғызу 
оқулық  мәтіні  және  таныс  емес  мәтіндер  негізінде  кезектестіріп  жүргізілуі 
керек. 
Сөздік диктанттар ағамдағы  тексеру  жұмысы  және бақылау  (тоқсанына  1 
рет)  ретінде    өткізіледі.  Сөздік  диктантардың  мазмұнын  жазылуы  ережемен 
реттелмейтін сөздерден құралады.    
Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны: 
2-сыныпта – 6-8 сөз.                                  
3-сыныпта – 8-10 сөз.                                
4-сыныпта – 10-12 сөз.                             
 
Сөздік диктантты бағалау мөлшері: 
«5» – қатесі жоқ; 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
50 
«4» –1 қате, 1 түзету жіберілсе; 
«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе; 
«2» – 3-5 қате жіберілсе. 
 
5-кесте – Қорытынды бақылау жұмыстарының түрлері 
 
Жұмыс түрлері 
Сыныптар
 
II
 
III
 
IV
 
I жарты-
жылдық 
II жарты-
жылдық 
I жарты-
жылдық 
II жарты-
жылдық 
I жарты-
жылдық 
II жарты-
жылдық 
Мәтінді көшіру 






Бақылау мазмұндама 






Бақылау шығарма 






Сөздік диктанттар 

1
 
1
 
1
 
1
 
1
 
 
6-кесте  –  Қорытынды  бақылау  жұмыстарының  саны  (грамматикалық 
тапсырмамен диктанттар) 
Тоқсан 
2-сынып
 
3-сынып
 
4-сынып
 
Барлығы 
Тақырып  Бақылау  Тақырып  Бақылау 
Тақырып  Бақылау  Тақырып  Бақылау 

 
 


 
 


 
 


 
 
21 

ІІ 




III 




IV 




Жыл 






21 
15 
 
Тест тапсырмаларын бағалау 
Тексеруді  тест  тапсырмаларының  барлығы  бойынша,  сондай-ақ  жеке 
бөлімдер бойынша өткізуге болады. Оқушы 75%-дан артық дұрыс жауап берсе, 
оның жеткілікті базалық дайындығы бар деп саналады. 
Оқушыларды тапсырманы орындауға алдын ала дайындау қажет. Ол үшін 
алдындағы сабақтардың бірінің соңындағы 10-15 минутты бөлу керек. Тесттегі 
тапсырмаларға  ұқсас  1-2  тапсырманы  тақтаға  жазып  қою  және  оларды 
оқушылармен бірге орындау ұсынылады. 
 
7-кесте – Тест тапсырмаларын бағалау нормасы 
Базалық деңгей 
0 - 60% 
60 - 77% 
77 - 90% 
90 - 100% 
17 балдан азырақ 
18 - 22 балл 
23 -26 балл 
27-30 балл 
бағасы «2» 
бағасы «3» 
бағасы «4» 
бағасы «5» 
 
Грамматикалық тапсырма 
«5» бағасы, барлық тапсырмалар қатесіз орындалса қойылады. 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
51 
«4»  бағасы,  егер  оқушы  кемінде  тапсырмалардың  3/4  бөлігін  дұрыс 
орындаса қойылады.  
«3»  бағасы,  егер  оқушы  тапсырмалардың  1/2  бөлігінен  артығын  дұрыс 
орындаса қойылады;  
«2»  бағасы,  егер  оқушы  кемінде
 
тапсырмалардың  1/2  бөлігін  дұрыс 
орындаса қойылады.  
Мәтінді  көшіріп  жазудан  (оқулықтан,  тақтадан  және  т.б.)  тұратын 
оқушылардың  жазбаша  ағымдық  және  қорытынды  тексеру  жұмыстарын 
бағалауда келесі нормалар қолданылады (8-кесте):  
 
8-кесте – Мәтінді көшірудің  бағалау нормалары 
сыныптар 
Тоқсандар 
 
 

II 
III 
IV 
2-сынып 
20-25 
25-30 
30-35 
35-40 
3-сынып 
40-45 
45-50 
50-55 
55-60 
4-сынып 
60-65 
65-75 
70-75 
75-80 
 
9-кесте – Жіберілген қателер саны 
Бағалар
 
2-сынып 
3-сынып 
4-сынып 
«5» 
Қате  жоқ.  Графикалық  сипаттағы  бір 
кемшілік 
Қате жоқ 
Қате жоқ 
«4» 
1-2 қате, 1- түзету 
1- қате, 1- түзету  1- қате, 1- түзету 
«3» 
3 қате, 1- түзету 
2 қате, 1- түзету 
2 қате, 1- түзету 
«2» 
3 қате, 1- 2 түзету 
3 қате, 1- 2 түзету  3- қате, 1-2 түзету 
 
Әдебиеттік оқу 
«Әдебиеттік  оқу»  пәні  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  ауызша  және 
жазбаша  тілін  дамытуды,  яғни  сөздік  қорын  байытуды,  байланыстыра  және 
грамматикалық  тұрғыдан  жүйелі  сөйлеуге  үйретуді,  сөйлеу  мәдениетін 
қалыптастыруды  көздейді.  Ұлттық  тәрбие,  рухани-мәдени  құндылықтар,  ана 
тілі  және  қазақ  халқының  салт-дәстүрі  негізінде  сусындаған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Адамның  ішкі  рухани  жан  дүниесі  байлығын 
ашуға,  адамгершілікке  тәрбиелеуге,  тілі  мен  қиялын  дамытуға  мүмкіндік 
береді.  
«Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту ерекшелігі – пән мазмұны балалар әдебиеті 
(ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы 
қысқаша  мәліметтерді,  ғылыми-танымдық  шығармаларды  оқытып  үйретеді, 
мақала,  естелік,  өмірбаян  туралы  түсінік  қалыптастырады,  әдеби-теориялық 
білімдерді игертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады. 
2-3-сыныптарда 
маусымдық-тақырыптық 
ұстаным 
басшылыққа 
алынатыны себепті маусымдық материалдардың дер кезінде оқылуы, мәтіндегі 
оқиғалардың  оқушының  көз  алдында  өтіп  жатуы  тиістігі  ескеріліп,  оқу  күз 
айында басталатынына орай «Білім керек бәріне», қыс мезгілінің материалдары 

Әдістемелік
-
нұсқаулық хатǀ2016
-
2017 оқу жылы
 
 
52 
«Қыста  талай  қызық  бар»,  көктем,  жаз  айлары  келбеттері  «Туған  өлке 
табиғатын қастерлейік» деген атаулармен берілді.  
Бастауыш  сынып  оқушысының  дайындық  деңгейіне  келесі  талаптар 
қойылады:  
-  2-сыныпта  көлемі  150-200  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық, 
қысқаша  және  жоспар  бойынша  таңдау  мен  әңгімелеу;  халық  ауыз  әдебиет 
үлгілерін және 2-3 өтірік өлеңді, 10-15 мақал-мәтел мен жұмбақ, жаңылтпашты 
жатқа  айту;  2-3  өлеңді  жатқа  айту,  25-30  сөзден  тұратын  мазмұндама  мен 
шығарма жазу; 
-  3-сыныпта  көлемі  200-250  сөзден  тұратын  мәтін  мазмұнын  толық, 
қысқаша  және  жоспар  бойынша  таңдау  және  әңгімелеу;  халық  ауыз  әдебиет 
үлгілерін және 3-4 өтірік өлеңді, 4–5 өлеңді жатқа айту; 15-20 мақал-мәтел мен 
жұмбақ,  жаңылтпашты  жатқа  айту;  30-35  сөзден  тұратын  мазмұндама  мен 
шығарма жазу; 
-  4-сыныпта  көркем  шығармадан  алған  әсерін  8-10  сөйлеммен  жазбаша 
түрде орындау; 40-45 сөзден тұратын мазмұндама мен шығарма жазу.  
-  «Әдебиеттік  оқу»  пәні  2-4-сыныптарда  аптасына  4  сағаттан  оқытылып, 
оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.  
Пән бойынша оқу  жүктемесінің көлемі: 
2-4 сыныптарда – аптасына 4 сағат, оқу жылында 136 сағат. 
 
10-кесте – Қорытынды жұмыстар саны 
Тоқсан 
2 сынып
 
3 сынып
 
4 сынып
 
Барлығы
 
 
Тексеру  Бақылау  Тексеру  Бақылау  Тексеру  Бақылау  Тексеру  Бақылау 

 
 


 
 


 
 


 
 
12 

II 




III 




IV 




жыл 






12 
12 
 
Бағаның  төмендеуіне  әсер  ететін  қате  мен  кемшіліктердің 
классификациясы 
Қателер:  қате  оқу  (әріптерді  ауыстыру,  сөздерді,  әріптерді  тастап  кету, 
сөздерді,  буындарды,  әріптерді  қосып  оқу);  екпінді  дұрыс  қоймау;  мәтіннің 
бәрін  мағыналық  кідіріссіз  оқу,  дауыстап  оқығанда  сөздің  айтылуын  ырғагы 
мен  анықтығын  бұзу;  қойылған  оқу  уақытында  оқылған  мәтіннің  жалпы 
мағынасын  түсінбеу;  мәтін  мазмұнына  сай  сұрақтарға  жауап  бере  алмау, 
оқылғаннан  негізгі  ойды  көрсете  алмау,  оқылған  мәтіннен  негізгі  мазмұнды 
түсінуді  білдіретен  мәтіндегі  сөз  және  сойлемді  таба  алмау,  мазмұнын  айтуда 
шығарма  оқиғасының  бірізділігін  бұзу;  дайындалған  мәтіннен  жатқа  айтудан 
берік емес білім; бірсарынды оқу, мәнерлеп оқи алмауы. 
Кемшіліктер:  дауыстап  оқуда  мағыналық  кідіріс,  ырғақ  пен  сөздердің 
айтылу  анықтығының  бұзылуы;  орнатылғаннан  біршама  жоғары  уақытта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет