Министерство здравоохранения и социального развития республики казахстан



Pdf көрінісі
бет39/49
Дата03.03.2017
өлшемі3,21 Mb.
#7082
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49

Список использованных источников:
1.  Хориби  А.  С.  Толковый  словарь  современного  английского  языка  для  продвинутого  этапа: 
Специальное издание для СССР. Т II М-Z. 1982.-528 с.
2. Борисова-Лукашапец Е.Г. 1982 Лексические заимствования и их нормативная оценка (на мате-
риалах молодежного жаргона 60-70 годов): М., 1992. – 236c.:ил.
3. Ожегов С.И. Словарь русского языка. - М., 1992. – 634с.:ил.
4. Гальперин  И. Р. Стилистика английского языка.  –  М.:  Высшая школа 1981 г. – 234с.
5. http://www.americandialect.orgt
6. http://www. utoronto.ca
М.А. Горная
ОТРАЖЕНИЕ НАЦИОНАЛЬНОЙ КУЛЬТУРЫ В ЯЗЫКЕ
Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, г. Караганда
Научный руководитель: к.п.н., доцент Г.Р. Мукушева
Язык – это дорожная карта культуры. 
Он поведает, откуда пришли его люди и куда идут.
Рита Мэй Браун
Язык.… Как же часто мы слышим это слово – такое маленькое, но очень глубокое по свое-
му значению и содержанию. Только подумайте, у каждого на нашем белом свете есть свой язык: 
у солнца, у ветра, у Земли, у каждой нации, у каждого человека, у каждой маленькой травинки 
и песчинки. Слово «язык» таит в себе огромную силу и содержит в себе великую тайну, понять 
которую дано не каждому. 

266
КӨПТІЛДІЛІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ 
Так что же это такое? 
В словаре английского языка слово «язык» означает связь мыслей и чувств через систему 
произвольных сигналов, таких как звуки голоса, жесты или письменные знаки.[1] В словаре Кол-
лина это слово означает конкретный способ или стиль вербального выражения.[2] В словаре Оже-
гова «язык» является исторически сложившейся системой звуков, словарных и грамматических 
средств, которая объективирует работу мышления и является общим орудием общения, обмена 
мыслями и взаимного понимания людей в обществе.[3] В трудах Гумбольдта «язык» представляет 
собой «вечно порождающий себя организм», создание которого обусловлено внутренней потреб-
ностью человека.[4]
Эти определения доказывают, что слово «язык», действительно, имеет большое значение. 
Но в данной статье хотелось бы передать и представить   язык в качестве великого чуда, подтол-
кнуть нас к изучению как родного, так и любого другого языка, а также убедить  в его глубочайшей 
ценности.
Говорят, что язык является отражением народа, но почему? Да потому что это наша исто-
рия, это то, что передаётся из поколения в поколение, достояние наших предков, к которому мы 
должны относиться с большим трепетом и глубоким уважением. Ведь это язык и культура наших 
родителей, наших бабушек и дедушек, это частичка всего нашего народа. 
Как нельзя, кстати, высказывание Риты Мэй Браун: «Язык оказывает скрытое влияние, как 
луна на приливы и отливы».[5] И  с этим можно полностью согласиться, потому что язык – это со-
брание воедино культуры, быта, истории и народного духа; это мысли и чувства; это душа народа, 
с помощью которой люди создавали свой язык не один век.
Таким образом, язык является величайшей культурной и исторической драгоценностью на-
рода, цена которой, возможно, сравнима только с водой и воздухом.
Но всегда ли мы обращаемся с нашим языком так, как он этого заслуживает?
Конечно же, нет. Мы оскверняем его, мы не ценим свой язык, мы не замечаем той истинной 
красоты, которая есть в нашем родном языке. Многие люди даже не знают своего родного языка. 
Самое страшное, что они даже не стремятся его изучить.
По отношению каждого человека к своему языку можно совершенно точно судить не только 
о его культурном уровне, но и о его гражданской ценности. Истинная любовь к своей стране про-
сто немыслима без любви к своей родине. Если человек полностью равнодушен к своему языку, 
это значит, что он относится с полным безразличием к прошлому, настоящему и будущему своего 
народа.[6]
Вы представляете, к чему это может привести? Что случится, если таких людей будет ста-
новиться всё больше и больше?
Ваш язык, ваше бесценное богатство просто напросто начнёт пропадать, это значит, что бу-
дет пропадать ваша культура, а впоследствии,  и вся ваша нация. Никогда нельзя забывать об этом 
и необходимо цените то, что имеете сейчас!
Но не стоит зацикливаться только на одном языке, ведь наш мир так велик и разнообразен. 
Тем более полиязычие на сегодняшний день является важным фактором развития, как отдельной 
личности, так и всего государства.
Но овладеть языком не так-то просто, как кажется. Да, конечно, можно научиться разговор-
ной речи, выучить самые распространённые слова и выражения. Но для того, чтобы выучить язык 
в совершенстве, нужно понять, как он создавался, изучить традиции, быт, культуру того народа, 
испытывая при этом чувство толерантности, большого уважения и огромной заинтересованности. 
Нужно вложить всю душу в изучение нового языка, проникнуть в сердце народа, ведь только тогда 
вы по-настоящему поймёте ту особую черту, которая и отличает этот язык от любого другого. По-
лучайте истинное удовольствие от изучения нового языка, полюбите его, как свой родной, итогда 
вы сможете постигнуть все тайны, которые хранит этот язык, вы сможете увидеть мир в другом 
обличии. Ведь не зря же Федерико Феллини говорил: «Другой язык – это другое видение жизни».
Мы сможем дотронуться до самого сокровенного богатства народа, понять  мысли, которые 
нам были непонятны, взглянуть на жизнь глазами другого народа. Об этом очень красиво выразил-
ся однажды Нельсон Мандела: «Если ты говоришь с человеком на том языке, который он понима-
ет, ты говоришь с его головой. Если ты говоришь с человеком на его родном языке, ты говоришь 
с его сердцем».

267
ПОЛИЯЗЫЧИЕ В КОНТЕКСТЕ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
Язык  –  это  нечто  великое  и  неприкосновенное,  это  огромная  библиотека,  которая  может 
перенести нас во времени и в пространстве, это необъятный свет и энергия, благодаря которой 
можно не только дотронуться до самой высшей точки, но и оказаться на краю пропасти.
В заключении хочется призвать всех нас относиттся очень бережно как к своему, так и к 
другому языку, потому что именно язык является ключом к разгадке многих тайн, которые пришли 
к нам с глубокой древности, являясь достоянием народа и символом его вечной жизни, ведь не зря 
же наш известный и уважаемый Чингиз Айтматов говорил: «Бессмертие народа - в его языке».
Список использованных источников:
1.Сэмюэл Джонсон, Толковый словарь английского языка, 6-е изд., 1776, стр. 1100
2. http://www.thefreedictionary.com/language
3. С.И. Ожегов, Н.Ю. Шведова, Толковый словарь русского языка, 1996, стр. 920
4. http://www.lingvolab.chat.ru/library/humboldt.htm
5. http://icite.ru/citaty/pro/yazik
6.http://www.grandars.ru/college/sociologiya/kultura-i-yazic.html
Н.Х. Ельшибекова
ҚАНАТТЫ СӨЗДЕР ҚЫЗМЕТІ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті,  Қарағанды қ.
Ғылыми жетекшісі: Н.М. Абдулова, фил.ғыл.магистрі, 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы
Қай халықтың болмасын діні, тілі, дәстүрі, салты бірімен-бірі тығыз байланыста дамитын-
дығы  ақиқат.  Сондықтан,  аталған  саланың  қайсысын  алып  зерттесе  де  оқшауландырып  бөлек 
алып қарауға болмайды, тұтастықта дамығандықтан салыстыру тәсілін қолдана отырып, сабақта-
стыра қараған дұрыс. Күнделікті қолданыста болатын дағдыға айналған қарапайым дәстүрлерден 
бастап ұлттың тұлғасын танытуға еңбек сіңірген ірі салттарына дейінгі жағдаяттардың барлығы 
сол ұлттың өзімен, тарихымен үндесіп жатады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының да салт-
дәстүрі сандаған ғасырлар бойына өмірдің қажеттілігіне орай туындап, көпшіліктің талабына сай 
дамыған, өркендеген. Салт-дәстүрлерді тек қана іс-әрекеттің нәтижесінде көрсете аламыз десек 
қателесер  едік.  Өйткені,  олардың  өсіп-жетілуіне  тілдің  де  белгілі  бір  деңгейде  ықпал  еткендігі 
ақиқат. 
Дәстүрмен біте қайнасқан салалардың бірі ел ішіне еркін тараған қанатты сөздер, мақал-мә-
телдер, шешендік айтылымдар, ертегілер және т.б. Қанатты сөздер туралы әңгіме болғанда зерт-
теулердің басым көпшілігі сол сөздің мағынасына назар аудара отырып, оның қолданылу аясымен 
ғана шектеліп жатады. Анығында кез-келген мақал-мәтел өзіне тән тәрбиелік мәнімен де дара-
ланып көрінеді. Көпшілікке танымалы мақалдың бірі «Жақсы келсе ортаңа - бірлік кірер, жаман 
келсе бүйідей дүрліктірер». Жартылыстың заңдылығына назар аударсақ, өмір құбылыстарының 
жұптасудан тұратындығы баршаға белгілі. Аталмыш мақалдың бойында осы құбылысты қолдана 
отырып  адам  баласының  да  жақсы-жаманының  болатынын  және  оларды  іс-әрекетіне  байланы-
сты айыра білудің бағыт – бағдарын көрсетіп тұр. Бірақ, бұл мақалдың көзге анық көрініп тұрған 
мазмұны ғана. Ал, осы мақалға астарлы мән беріп назар аударсақ, үлкен тәрбиелік мәні бар қа-
натты сөз екенін аңғарамыз. Оның мәнісі мынада. Қандай жағдайдың болмасын жалпы адамзатқа 
кері әсерін тигізетін құбылыстар әр уақытта ұнамсыз болады. Бірақ заңдылыққа сәйкес соған қа-
рама-қарсы  жағымды  құбылысты  көрсету  арқылы  жақсылықтың  да  болатындығын  және  оның 
халыққа ұнамды қызмет атқаратындығын аңғартады. Олай болса, мақалдың астары жақсы мен 
жаманды салыстыру емес, сол әрекетті қолдана отырып жастарды дұрыстыққа тәрбиелеуге екпін 
түсіріп тұр. Ендеше, дәл осы көрсеткеніміздей қанатты сөздерді талдау барысында олардың тәрби-
елік мәніне де назар аударған дұрыс. Қазақ халқы бала тәрбиесіне, адам тәрбиесіне ұлттық дәстүр 
арқылы да сол дәстүрдің тілдегі көрінісі арқылы да айрықша мән беріп отырған. Кей жағдайларда 
дәстүрдегі тәрбиені көрсететін қанатты сөздерге заманның талабына орай өзгерістер енгізуге де 

268
КӨПТІЛДІЛІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ 
көңіл бөлген. Мұндай өзгертілген мақал-мәтелдер мен шешендік сөздердің бір парасының автор-
лары ұмытылып, халықтық мұраға айналса, екінші бөлігінің авторлары сақталып ауыздан-ауызға 
көшіп ел есінде орнығып қалған. Сөзіміз дәлелді болу үшін төмендегі мысалға назар аударалық: 
Байдалы би Құрбан айты болған кезде мал шалуға мүмкіндігі келмепті елдің ақсақалына, 
көпшіліктің назар аударар биіне айналған Байдалының бұл қылығын бір отырыста Таумұрын мол-
ла бетіне басыпты. 
Сіз, ел сыйлаған Байдалы би боласыз. Құрбандыққа айтта мал шалған жоқсыз, халық осы-
дан қандай үлгі өнеге алады? 
Байдалы би : 
Ия, сіздің айтып отырғаныз рас. Бірақ, биылғы жылы мүмкіндігім келмеді, қолымда малым 
болмады, - дейді. 
Сонда Таумұрын молла іліп алып: 
Алдыңызда арқа сүйер ағаңыз бар, соңыңызда көмек берер ініңіз бар, шаңырақ көтерген 
ізбасар балаларыңыз бар. Барлығы да дәулетті. Солардан неге сұрап алмадыңыз ? – дейді. 
Байдалы: 
Ағадығы мал аспандағы мал, інідегі мал індегі мал, баладағы мал даладағы мал. Олардан 
сұрап қарыз болғанша, кеңшілігі шексіз Алланың өзіне қарыздар болайын деп мал шалмадым, 
-дейді. 
Таумұрын: 
Қазақта мынадай мақал бар емеспе: ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, 
баласы бардың панасы бар, мұны қайда қоясыз? 
Байдалы: 
Тоқсан сөздің тобықтай түйіні мақалда да кемшілік болды, - дегенде Таумұрын молла:
Ендеше, осы мақалдың кемшілігін түзетіп беріңізші? - дейді. 
Сонда Байдалы: 
Ағасы бардың жақсы болса жағасы бар, жаман болса інісіне жабар жаласы бар, інісі бардың 
жақсы болса тынысы бар, жаман болса ағасына берер жұмысы бар, баласы бардың жақсы болса 
панасы бар, жаман болса Құдайдың берер пәлесі бар, - деген екен. [1, 82]
Осы келтірілген шешендік сөздерден екі түрлі басты мәселені аңғаруға болады. Алғашқысы, 
ертеде туындап, қалыптасып жастарды адамгершілікке тәрбиелеу барысында дәстүрге айналған 
халық мақалының ел ішіндегі маңызы көрініс беріп тұр. Екіншіден, бірақ, сол мақалдың бойынан 
да олқылық тауып оны өзінің ой сараптамасынан өткізіп, тәрбиелік маңызын жоғалтпай отырып 
өңдей білген шешеннің тапқырлық әрекетін көреміз. Бұл келтірілген мысалда да жоғарыдағы біз 
айтып кеткен жұптасу заңдылығының негізіндегі салыстырмалы құбылыс жүзеге асырылған. 
Тіл – адамның ішкі ойының айнасы. Бірақ соны ашық жеткізу бар да, астарлап жеткізу бар. 
Осы  екі  бағыттың  соңғысы  қазақ  халқының  дәстүрінде  басымдылық  танытатындығын  жоққа 
шығаруға болмайды. Дегенмен, тұспалдау арқылы сездіре отырып, көпшілікке түсінікті ділмар 
сөзбен тәрбие бағытын санаға сіңіру – бұл да кездесетін құбылыс. 18 ғасырда өмір сүрген өз зама-
нының заңғар тұлғасы Шал Құлекеұлы келін тәрбиесі жайлы былай дейді: 
Келінің жақсы болса, 
Үйіңе көп кісі келеді. 
Келінің жаман болса, 
Келген кісі кеткісі келеді. 
Ас құй десең, төккісі келеді, 
Төкпей құй десең, сөккісі келеді. [2, 24]
Қазақи дәстүрде белгілі бір шаңыраққа келіп түскен келін өзге Отбасында тәрбиеленгендік-
тен, сәйкестіліктің толық түрде болмайтындығын сезе білген. Нәтижесінде жаңа ортаға бейімдеу 
үшін бірден күшке салып талапты іс-әрекеттер қолданғаннан гөрі «қызым саған айтам, келінім сен 
тыңда» деген ұстанымды қолдана отырып, бірте-бірте санасына сіңіретін болған.  
Сонымен,  түйіндей  келгенде  айтарымыз,  жастарды  адамгершілікке  тәрбиелеу  барысында 
қалыптасқан дәстүрді қолдана отырып, оны сөз ұғар, тіл білер қауымның ойына орнықтыру үшін 
қанатты сөздерге айналды. Тұрақты түрде айтуды орнықтыра білген. Ендеше, дәстүр, тіл, діл, дін 
бұл төртеуі бөлінбес бүтінге айналған ұлттың негізгі бетпердесі болып табылады. 

269
ПОЛИЯЗЫЧИЕ В КОНТЕКСТЕ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Ел аузынан. Шешендік сөздер жинағы. Алматы: Жазушы, - 1998, - 293-б. 
2. Бес ғасыр жырлайды. І-том. Алматы: Жазушы, - 1993, - 256-б. 
Г.С. Жакишева, Ә.С. Мұсабекова, Г.Б. Абдикаримова
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӨЗІНДІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН  ҰЛТТЫҚ МӘ-
ДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АРҚЫЛЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті, Қарағанды қаласы
Ғылыми жетекшісі: М.А. Құсайнова
Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, білімін, адам-
заттық мәдениетті, адами қасиетті мол терең түсінетін шығармашылық тұлға етіп тәрбиелеу өмір 
талабы, қоғам қажеттілігі. Әрбір ұлттың ұлттық қасиеттері ұлттық тәрбиеге байланысты дамып, 
қалыптасқан. Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінен құралады. 
Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйренуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, 
іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркем-
деп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адамдық қасиетерін қалыптастырып, кісілік сана са-
пасын арттырады. Қазақ халқының аса бай ұлттық әдебиеті, қайрымды, әдепті салт-дәстүрлері 
оның этностық (ұлттық) ерекшеліктерін көрсетеді де, ол жеке тұлғалардың ұлттық қасиеттерін 
қалыптастырады [1].
Ұлттық тұлғаның өмірге келгеннен кейінгі кездесетін алғашқы мәдени құндылықтары ер-
тегілер мен бесік жырлары. Бұл оның сол ортада әлеуметтенуінің алғашқы сатысы. Балалардың 
бесік жыры мен ертегілерді естіп-өсуі арқылы адамгершілік, рухани, мотивациялық-эмоционал-
дық жүйелері қалыптасып, соған орай тұлғалық бағыттылығы анықтала бастайды. Тұлға бағыт-
тылығының көрсеткіштері: оның өзіндік санасының даму деңгейі, мінез-құлық таптаурындары, 
бағыт-бағдары, жаңсақ нанымдары, танымдық ерекшеліктері. 
Ертегілердің қандай түрлері болса да, танымдық процестеріміздің дамуына үлкен үлес қоса-
ды. Сонымен бірге этностық және эстетикалық тәрбиелеуде де маңызы зор. Ертегілердің барлық 
түрлеріндегі жағдайлар адамдарға эмоция, сезім, ерік тудырады. Өйткені әр ертегіге байланысты 
тыңдаушының қуануы, ренжуі байқалады. Сезім-әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақта-
рына эмоциялық қатынас.Оның күнделікті өмірде адамның басқа адамдармен де қарым–қатына-
сына тигізетін әсері үлкен, ол барлық қарым–қатынасты жүйелейді [2].
Жас ұрпақтың дамуында барлық ертегілердің тигізетін әсері өте жоғары дәрежеде екенін 
ертегі мазмұнындағы теріс, оң сапаларды өз саналарынана өткізіп, әр түрлі жаңсақ нанымдарды 
бойына сіңірулерінен көреміз. Сол себептен баланың алғашқы өміріндегі қоғамдық әлеуметтенуі 
немесе ұлттық сапаларды меңгеруі олардың болмысына жақын ертегіден басталады дей отырып, 
оны ең тиімді әсер етуші тәрбие құралы дейміз [4].
Қазақ  халқының  өзіндік-психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастыратын,  оның  негізін 
құрайтын этномәдени құндылықтар өте көп. Оларды жоғарыда талданған салт-дәстүрлермен қатар 
жүріп отыратын, халықтың ойлау, сөйлеу жүйелерінің ерекшелігін байқататын кейбір әдет-ғұрып-
тардан да көрсетуге болады. Себебі, солардың ішіндегі мақал-мәтелдерді алатын болсақ, олар да 
ертегілер сияқты адамның дүниетанымын қалыптастыруға, тіл байлығы мен ойлау жүйесін дамы-
туға мүмкіндік береді.
Қазақ халқының өзара қатынасындағы қарым-қатынас әртүрлі өзіндік ерекшеліктерімен көз-
ге түседі. Бұл ерекшеліктер атадан балаға мирас болып келе жатқан өзара қатынас ережелерімен 
тұрақтанған.  Ендеше,  олар  қалыптасқан  жүріс-тұрыс  таптаурындарынан  көрінеді.  Бұл  таптау-
рындар адамның бала кезінен қалыптастырылып келе жатқан жаңсақ нанымдар нәтижесі болып 
табылады. Жаңсақ нанымдар–белгілі ережелер негізінде пайда болып, әр түрлі танымдық проце-
стерге байланысты өңделіп отыратын адамның ішкі өмір бағыты. Ол адам бойында оң және теріс 
қылықтарды да қалыптастыруы мүмкін. Бірақ белгілі жағдайда өзгерістерге ұшырап отырады.
Қазақ халқы - шешендік сөзді өте жоғары бағалайтын халық. «Өнер алды қызыл тіл» деп 
ұққан  ата-бабаларымыз  бұрынғы  ғасырлардағы  нелер  ділмар  шешендердің  өсиет  сөздерін,  та-

270
КӨПТІЛДІЛІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ 
бан аузында айтып беріп, олардың ұлағатты ойларын бір ауыздан мақал-мәтелмен жеткізген. Бұл 
жағдай біздің халқымыздың ауыз әдебиеті негізінде өмір сүріп келе жатқан халықтың өміршеңді-
гін, сөз құдіретін бағалайтындығын аңғартады.
Халықтардың  психологиясы  -  ұлттың  рухани  бейнесінің  маңызды  жағының  бірі.  Оларға 
ұлттық сезім, ұлттық талғам, әдет-ғұрып ұлттың қалыптасқан мінез-құлқы жатады. Бұл көрсетіл-
гендер сол ұлттың ішкі жан дүниесінің анықталуына мүмкіндік береді және өзін қоршаған ортаға 
өз жанының, психикалық құрылымының қызметінің нәтижесін көрсетеді.
Ұлттың  мінезі  оның  әлеуметтік–тұрмыстық  ортаға,  өзін  қоршаған  дүниеге,  еңбекке,  эт-
ностық қауымдастыққа деген қатынастарынан көрінетін, қалыптасқан әдет, жүріс-тұрыс көріні-
стерінің  тарихи  тұрақтанған  және  психикалық  рең  ретінде  қалыптасқан  тұлға  құрылымының 
ерекшелігі. Мінез бітістерінің реттелуі оның саналық қызметінің белгілі түрткілерге байланысты 
жүйеленуімен реттеледі. Сол себептен психологияда мінез туа пайда болып, ортамен байланыс, 
қарым-қатынас, өзара әрекет барысында өзгеріске ұшырайтындығын көрсетеді. 
Халық даналығы адамның осы құбылмалы мінез бітістерінің табиғатын, генезисін әртүрлі 
адамзаттық әрекеттермен байланыстырған. Оларды мақал-мәтелдер, метафоралар сияқты салы-
стырмалы ұғымдармен түсіндіре білген. Ендеше, қазақ халқының тек өзіне тән ұлттық мінезі, дү-
ниетанымы, сезімі, әдет-ғұрпы ата-бабаларымыздан келе жатқан мұрамыз, рухани байлығымыз, 
мәдени құндылықтарымыз – халық ауыз әдебиетінде айқын көрініс тапқан. Сол халық ауыз әдеби-
етінің негізгі саласының бірі-мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдің психологиялық мән-мағынасын профессор Құбығұл Жарықбаев өзінің «Қа-
зақ психологиясының тарихы» атты еңбегінде қарастырады. Ғалым қазақ фольклорының жанрла-
рының ішіндегісі мақал-мәтелдер екендігін айтып, оның психологияның зерттеу объектісі бола 
алатындығын былайша көрсетеді: «.Бұларда–халықтық өмір туралы сан-алуан пайым-байқаула-
рының, ойға түйгендерінің нақты да дәл сипаттамаларының мәйегі сүзілген. Әрине, осынау ха-
лық даналылығында шындықты бейнелейтін, білім-іліммен қатар қоршаған орта жөнінде, әсіресе, 
әлеуметтік өмірдің кейбір жақтары туралы жекелеген жаңсақ ойлар да жоқ емес. Бірақ осыған 
қарамастан бұлар халықтық дүние-танымның күрделі де қайшылықты даму процестерін негізінен 
дұрыс көрсетеді. Мақал мәтелдер адам іс-әрекетінің себебін тікелей бақылау арқылы өзінше түй-
індейді»[3]. 
Баланың тілі шыққаннан бастап, оның ой-сезімі, санасы бесік жыры арқылы қалыптасып, 
қанына сіңе бастайды. Өйткені бала жастайынан ауыз әдебиетінің асылдары арқылы ұлттық са-
на-сезімін  жетілдіріп,  қалыптастырады.  Ұлт  өкілінің  әлеуметтенуі,  яғни  ұлттық  сана-сезімнің 
жетілуі  оның  өз  ұлтының  құндылықтарын  ажырата  білуінен  көрінеді.  Ұлттық  өзіндік  сананың 
қалыптасуы әлеуметтік процес барысында мәдениет арқылы жүзеге асады. Ұлт өкілдерінің руха-
ни мәдениетті, яғни халық әндерін, ертегілерін, салт-дәстүрлерін және т.б. білу деңгейі, ұлттық 
сана-сезімнің дамуына әсер етеді.
Адам өз халқының салт-дәстүрлерін, мәдениетін, әдебиетін терең білген сайын, оның ұлт-
тық сана-сезім деңгейі жоғары дәрежеде болады. Оны біз өз зерттеулерімізде көрсетеміз. Оқыту 
мен  тәрбиенің  кілті  –  отбасының  құрылым-құрылысына,  өмір-тіршілігіне,  қатынас  мазмұнына 
тікелей  байланысты.  Отбасындағы  тұрмыс,  шаруашылық,  тәрбие,  мәдени-ағарту  мәселелерінің 
өмір мен қоғам талаптарына сай ұйымдастырылуы мен отбасындағы ерлі-зайыптылардың ондағы 
басқа мүшелермен қарым-қатынасы - жас ұрпаққа тікелей әсер ететін фактор.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі–әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген сөздің 
астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бой-
ына сіңіруде бастауыш сыныпта атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби 
ана құрсағынан бастаса, оны білім теңізінің мектеп атты кемесінде ұлттық құндылықтарымыз бен 
жетілдіру өте маңызды.
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:
1. Жарықбаев Қ.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі.–Алматы: «Санат», 1995.–350 б.
2. Наурызбай Ж. Этнокультурное образование. – Алматы: «Ғылым», 1997.- Б.23
3. Әмірова Б.Ә. Отбасы – тұлғаның әлеуметтену факторы // «Өзін-өзі танудың әдіснамалық мәсе-
лелері» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалы (21-23 қазан 2003 ж.) 
– Алматы: РУОЦ «Бөбек» баспасы, 2003. – Б. 99-102.

271
ПОЛИЯЗЫЧИЕ В КОНТЕКСТЕ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
А. Журабекова
АНА ТІЛ - ХАЛЫҚ АМАНАТЫ
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Ғылыми жетекшісі: Л.С. Аскарова, Мектепке дейінгі және 
бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы, оқытушы 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Қа-
зақстан-2050»  стратегиясы:  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағытты  атты  Жолдауында: 
«Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың, төнкеріс дүмпуі мен тоталита-
ризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағына тұра-
тын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. 
Тәуелсіздік жылдарында жаһандану мен ветернденуге қарамастан, біздің қоғамда әртүрлі мәдени 
элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады. 
Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен 
қойып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді  бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек-деген 
болатын [1]. Егеменді ел болып, өз тіліміз бен дініміздің тізгіні өз қолымызға беріліп, Елбасы-
мыз әр жылғы жолдауларында салт-дәстүріміз бен тілімізді қолдап отырған уақытта халқымыздың 
асыл маржандарын жоғалтпай, әрі қарай жалғастыру, біз сияқты жастардың парызы деп есептей-
мін. Қазақ еліне, оның салты мен дәстүріне, мәдениетіне біраз ғалымдар қызығып, зерттеген бо-
латын. Бұған XVIII ғасырда атақты ғалымдар В.Жуковский, В.Даль сияқтылар немесе М.Потанин 
халқымыздың әдет – ғұрпы мен салт-дәстүрін таңдана қызығып жүріп жинап жариялаған еңбек-
тері дәлел бола алады. Немесе А.С.Пушкиннің «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырын жазып алып 
аудартуы біздің салт-дәстүрімізге, мәдениетімізге деген құштарлықты байқатады.
Кез-келген елдің мәдениеті оның тілінен көрініс табады. Тіл кез келген танымдық іс-әре-
кеттің құралы, ойлау формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Тіл – қоғамның ең 
қажетті қатынас құралы. Әлемдегі саяси-әлеуметтік мәселелерден тыс қалмаудың бірден бір жолы 
– ақпарат алмасу. Сондықтан тіл білу арқылы адамдар дүние жүзіндегі қоғамдық, экономикалық, 
саяси жаңалықтармен, ақпараттармен хабардар болады. Тілді меңгеру оның қоғамдық табиғатын, 
өмірлік қажеттілігін ескеруден басталады. А.Байтұрсынұлы айтқандай, «тіл – адамның адамдық 
белгісінің  зоры».  Тілдің  әлеуметтік  саралануы,  қоғамның  тілге  саналы  түрде  әсер  етуі,  тілдік 
жағдай тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі қызметін айшықтай түседі. Яғни адамзат баласының 
болашақ үшін қоғамдық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық т.б. күресі, сан ғасырлық тарихы, ру-
хани жаңғырулары ұрпақтан-ұрпаққа сол ұлттың тілінде сақталуы арқылы жетеді. Адам ойының 
жемісі,, тіршілігінің көзі болып табылар тіл арқылы тәуелсіз елдің өскелең жас ұрпақтың бойына 
салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тарих, дінді қадырлей білуді қалыптастыруға баулу тәрбиенің ең басты 
міндеті. Қазақ елінің болвшвғы оның сапалы дайындалған, инновациялық технологияларды жетік 
меңгерген, қазақтын ұлттық тәрбиесін бойына сіңірген жастарымыздың қолында. Ұлттық тәрбие 
ең  алдымен  ана  тілі  арқылы  келеді.  Мемлекеттік  тілді  меңгеру  ұлтының  болашағын  ойлайтын 
әрбір  Қазақстан  Республикасы  азаматының  парызы.  Оның  дамуына,  өсіп-өркендеуіне,  қолдану 
аясының анағұрлым кеңеюіне атсалысу қазіргі танда күн тәртібінен түспеу керек деп ойлаймын.
Халықтың ана тілі – бұл тарих, халық аманаты. Сол аманатты ұрпақтан ұрпаққа жеткізу 
халықтың борышы деп айтуға болады. Ана тілінің өміршендік қызметінің қуаты мен құдіреті не-
гізінде жаңа ұрпақ ұлтымыздың көне тарихы мәдениетін дұрыс таным білуге бастау алады.
«Ұлттық  мәдениеті  жоғары  дамыған  ел  кез  келген  өркениетті  деген  елден  оқ  бойы  озық 
тұрады» деген түрік халқының ұстанған берік қағидасы бар. Бүгінгідей жаһандану заманында біз 
де осы қағиданы ту қылып ұстар болсақ, ұлттық рухын, ар-намысын асқақ та бекем ұстайтын ұр-
пақ тәрбиелейтініміз анық. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру 
әрбір қазақстандықтың міндеті десек, бұл идеяны жүзеге асыруда өткен жолымызға, ұстанып кел-
ген салт-дәстүрімізге көз жүгіртпей болмайды. Осыған орай Ә. Кекілбаев айтқандай, «дәстүр-ә-
деппен, әдет-ғұрыппен, мен жылдап қалыптасқан дағдымен күресу есуастық. Бірақ оның бәрін 
жаңа жағдайға лайықтамай, жаңғырыптай, сол қалпында ұстануға тырысу – өз аяғынды өзің тұ-
сап, өз қолынды өзің кісендеумен бара-бар» ө деген еді. Ана тілді ұлттық мәдениет пен ұлттық 
салт-дәстүр, әдет-ғұрыптан бөлек алып қарау, ол үлкен кателікке ұшыратады. Қазақтың батыры 

272
КӨПТІЛДІЛІК ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ КОНТЕКСТІНДЕ 
Бауыржан Момышұлынан неден қорқатыны туралы сұрағанда, ол бесік жырын айтпайтын келін-
дерден, ертегі айта білмейтін әжелерден қорқатынын айтқан екен. Ұлтымызды біртұтас етіп ұй-
ымдастыратын ұйытқы күштің бірі де, бірегейі ұлт тәрбиесіндегі ана екендігі айдан анықю Бесік-
тен берілетін тәрбиеден айрықша көніл бөлген ата бабаларымыздың асыл мұраларындағы ақылы 
асқан Құртқа қыздың, Қыз Жибек, Қарашаш, Айман, Домалақ ананың т.б. бейнелері, халқымыз-
дың тәрбие, үлгі-өнегенің мәні туралы өдмес, өшпес мақал-мәтелдер соның айғағы. Әлемде Бесік 
Жырын  айтпайтын  халық  жоқ.  Халық  педагогикасының  мәйегіне  айналған  Бесік  жырында  ха-
лықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімнің, дүниетанымының көрінісі 
бар. Бесік жырын барша халық ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Әлем халықтарының 
Бесік жырылары әр елде әр түрлі аталғанымен, атқаратын міндеті, мазмұн байлығы, поэтикалық 
құрылымы мен саз-әуені жағынан үндесіп жатады. Бесік жырының басты қызметы – бесік тер-
белісіне ыңгайлас сазды әуен, ырғақты сөзбен баланы тыныштандыра отырып, оның жан жүйесі 
мен санасына ұлттық тәрбиенің алғашқы нәрін сіңіру. Бесік жыры баланың сәби кезінде, яғни 1-5 
жас аралығында, бала жанына жағымды әуенмен айтылады, әуен-сазсыз Бесік жырының мәні де, 
сәні де келмейді. «Әлди, әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат, бөпем!» деген ана мейіріміне толы өлең 
жолдарымен басталым, баланы жұбататын, алдандырып тәтті ұйқыға батыратын шумақтарға ұла-
сады. Сонымен қатар ана: 
«...Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің!
Бармақтары майысып,
Ою-өрнек ойысып,
Ұста болар ма екенсің!
Таңдайларың тақылдап,
Шешен болар ма екенсің!
Құрағынды майырып,
Түнде жылқы қайырып, 
Қызмет қылар ма екенсің?!
Қолымыздан іс алып, 
Бақытымызға жан балам, 
Бізді бағар ма екенсің?!» деп баласының болашағын, ел мүддесін, өз арман-мұратымен аста-
стыра жырға қосады. Сырлы сөз бен сазды әуен астасып келетін Бесік жыры халық педагогикасын 
басту  бұлағы  ғана  емес,  қазақ  әйелінің  жан  дүниесін  танытатын,  кезендік  ел  тұрмысынан  мол 
мағлұмат беретін шалқары кең жанр. Тек бесік жырлары ғана емес, халық ауыз әдебиетінің қай 
қазынасын (лиро-эпостық жырлыр, мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, аңыз-әңгімелер, ер-
тегілер, т.б.) алып қарасақ та, ұлт мәдениетінен көрініс береді десек қателеспейміз [2,38 б]. Бәйте-
рекетіғ негізгі идеясы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ой-қиялынан туды. Президент осы алып ескерт-
кіштің эскиз-нобайын бір түннің ішінде өзі ойлап шығарды. Осы алып ағаштың тағы бір идеясы 
өлім мен өмірді теңестіретін дүниежүзілік мифтің мазмұнына негізделген. Қазақ мифологиясында 
ол космос ағашы ретінде қаралады. Бәйтерек үш әлемді байланыстырушы дәнекер ретінде кеңінен 
көрсетіледі. Ел арасында адамның жаны киелі теректе сақталады деген ұғым ежелден қалыпта-
сқан. Мифологияға зер салсақ, бәйтерек туралы аңыз әңгімелер өте көп. Солардың бірінде, басы 
аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан киелі теректің әрбір жапырағы жер жүзінде жа-
саған әр адамның өмір тіршілігінің нышаны, жер бетінде тіршілік еткен әрбір адам киелі теректің 
жапырағы жарылғанда өмірге келіп, жапырағы жайқалып өскенде есейіп, кемеліне келіп, жапы-
рағы мезгіліс сарғайса, қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солса қартайып, жапырағы үзіліп, 
жерге түскенде, қазаға ұшырайды делінген. Осылай бәйтеректің жапырағына жан орналастырып, 
адамның өмір сүру кезендерімен үйлестіре бейнелейды. 
Тіл мен ой біртұтас ұғымдар. Қоғамның қай сатысында болсын, тіл мен ой бірлігінің егіз 
дамып, өзара байланысып, ұлттық болмысты айқындап, тілде көрініс табуы заңды құбылыс. Нәти-
жесінде тіл мен мәдениеттің шекарасында халық тілі мен ұлт мәдениеті, ұлт мәдениеті арасын-
дағы қызметі анықталады. Бұл тілдің адамға, оның жан дүниесіне көркем тіл арқылы ерекше әсер 
ететін эстетикалық қызметімен астасады. 

273
ПОЛИЯЗЫЧИЕ В КОНТЕКСТЕ ВЫСШЕГО ОБРАЗОВАНИЯ
Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады. Се-
бебі әр мәдениет заманына, діліне моральдык нормаларына қарай адамға, өмір-өлімге, адамның 
іс-әрекетіне,  сұлұлыққа  тағы  да  басқа  әр  халықтың  басында  бар  негізгі  құндылықтарғабайла-
нысты  өзінің  көзқарас  жүйесін  қалыптастырады.  Міне,  осы  көзқарастың  көрінетін,  таралатын, 
сақталатын құралы – тіл. Өзінің ана тілін білмейтін, тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, тілін 
қастерлемейтін адамның өзге ұлтты жарылқай алмайтыны ықылам заманнан бері белгілі. Тілінің 
мөлдір, кәусар бұлағынан нәр алмаған жан тамыры кесілген терек секілді. Ұлы жазушымыз Мұх-
тар Әуезов «Кімде – кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны 
сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» - деген болатын. Қазіргі заманда біз, жастар ел 
үшін еңбек етудің маңызын түсіне отырып, ел, жер, тілді қорғау деген патриоттық сезімімізді сөн-
дірмеуіміз керек. Сонда ғана рухы асқақ, іргесі берік ел болатынымыз анық.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет