1
1 ҚҚЭУ ҚОО АӨ аға окытушысы, "Астана" университетінің магистранты
Қағидат (лат. Pricipium - бас, негіз) негізгі
бастауды, негіз салушы критерийлерді, бас иде-
яны, жүріс-тұрыстың негізгі қағидаларын бел-
гілейді. Мемлекеттік қызмет басқарушылық
қызметтің көрінуінің түрі ретінде мемлекеттік
басқару қағидаттарына және Қазақстан Респуб-
ликасы Конституциясының негізгі ережелеріне
негізделуге тиіс.
Конституция - негізгі заң, ұлттық құқықтың
бас көзі, бүкіл заң базасының алғашқы негізі,
бұл оның қоғамдық қатынастарға қуатты әсер
етуін белгілейді. Конституция қағидаттары мен
негіздерінің олар ұлттық құқықтың жүйесінде,
тиісті нормативтік құқықтық актілерді қабыл-
дау мен орындауда өздерінің тікелей көрінісі
мен жүзеге асырылуын тапқанда ғана мәні бар.
Мемлекеттік басқару қағидаттары респуб-
ликаның Негізгі Заңының қағидатты конститу-
циялық бастаулар жүйесіне негізделеді. Яғни,
мемлекеттік басқару қағидаттарының жүйесі-
нде өзекті маңызы бар қағидаттар - Конститу-
цияда белгіленген қағидаттар, басқаша айтқ-
анда, конституциялық қағидаттар, олар осы не
басқа елдегі мемлекеттік басқарудың саяси-әле-
уметтік мән-мағынасын анықтайды.
"Қағидат мемлекеттік басқаруға қатысты
орталық ұғым болып табылады, себебі ол бүкіл
басқарушылық жүйенің негізіне қойылған" [1,
34-б.]. Мемлекеттік басқару қағидаттарын
қарайтын ғалымдар өздерінің ғылыми еңбек-
терінде мемлекеттік басқару қағидаттарының
ролі мен маңызы туралы мәселеге қатысты түрлі
әдістер қолданып отырады. Ең қысқа, бірақ маз-
мұнды түсінікті Г.В. Атаманчук беруде. Ол ерек-
ше айтқандай, мемлекеттік басқару қағидатта-
ры "басқарушылық қатынастарда нақтылық пен
тұрақтылық беріп, кімнің және нені істеуге на-
қты тиістілігі жөнінде дұрыс ойлауға
мүмкіндік береді" [2, 189-б.]. Осы ойды кеңірек
ашып көрсек:
1) қағидаттар нормашығармашылықта
да, басқарушылық тәжірибе үшін де ресми ба-
ғыттар ролін атқарады. Олар орындалуы
міндетті және мемлекеттің бүкіл жүйесімен
қолданған нормативтік құқықтық актілерде бе-
кітіледі. Бұл мемлекеттік басқаруға қатысушы-
лардың жүріс-тұрысын жетекші идеялар мен
бағдарламаларға сәйкес бір арнаға бағыттай-
ды. Олар нормативтік те, жеке де шешімдерді
қабылдауда бастапқы мақсат болып табылады,
яғни мемлекеттік басқарудың мазмұнын
құқықтық нышанда көрсетеді;
2) қағидаттар мемлекеттік басқарудың
құқықтық тіреулеріне тұрақтылық пен орнық-
тылық береді. Мемлекет қағидаттарды заңна-
ма актілерінде бекітіп, қоғамдық үдерістерді
басқару саласында негіз қалаушы пікірлерді
белгілейді және, осыған сай, мемлекеттік басқ-
арудың бүкіл механизмі үшін және әрбір бөлек
элементі үшін фундаменталды негіздерді жа-
сайды;
3) қағидаттар маңызды тәрбиелік роль ат-
қарады. Бұл орайда басқарушылық қызметте
басқарушылық үдерістің екі тарабының: басқа-
УДК 35.08
2 (28) • 2013
31
рылатын тарап - жеке және заңды тұлғалардың,
адам мен қоғамның, сондай-ақ басқарушы та-
рап - лауазымды тұлғалардың жүзіндегі мем-
лекеттік органдардың тәрбиелеуге жататынын
көрсету керек. Олардың барлығы заңдылықты
сақтау барысында, сол немесе басқа шешімді
қабылдау кезінде, басқаша айтқанда, өзара әре-
кеттесу барысында, сондай-ақ күнделікті
өмірде тәрбиеленеді.
Соған сәйкес, мемлекеттік басқарудың
қағидаттары деп белгілі ғылыми ереже түрінде
көрсетілген, нормативті түрде бекітілген және
басқарушылардың теориялық және тәжірибелік
қызметінде қолданылатын мемлекеттік басқа-
рудың қоғамдық-саяси саласындағы негізгі заң-
дылықтарды, қатынастарды және өзара байла-
нысты түсіну қажет.
Мемлекеттік басқарудың таңдалған ныша-
нына, мемлекеттің дамуының бағыттарына
қарай әрбір мемлекетте өзінің белгілі басқару
қағидаттары бар. Теориялық тұрғыдан мемле-
кеттік басқарудың қағидаттарын бес негізгі
шығырға бөлуге болады:
1) жалпыжүйелік қағидаттар;
2) құрылымдық-мақсаттық қағидаттар;
3) құрылым дық-ұйым дас тырушылық
қағидаттар;
4) құрылымдық-функционалдық қағидат-
тар;
5) құрылымдық-процессуалдық қағидат-
тар [2, 193-199-б.].
Мемлекеттік басқарудың жалпыжүйелік
қағидаттар қоғам мен мемлекеттің табиғаты-
нан туындайды және мемлекеттік басқарудың
бүкіл жүйесі үшін маңызды. Оларға келесі
қағидаттарды жатқызу керек: объективтілік, де-
мократизм, заңдылық, құқықтық реттелгендік,
билікті бөлу, көпшілік.
Құрылымдық-мақсаттық қағидаттар, Г.В.
Атаманчуктың пікірінше, мақсаттарды қоюға
және жетуге байланысты белгілейді, олар: мақ-
саттардың келісімдігі, мақсаттардың өзара то-
лықтыруы, жеке мақсаттардың жалпы мақсат-
тарға бағынуы, мақсаттарды жетуде реттілік.
Қ ұ р ы л ы м д ы қ - ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ
қағидаттар функционалдық реттеуді белгілейді,
олар: функциялардың шоғырлануы, функция-
лардың сыйысушылығы, функцияларды құрам-
дастыру, функциялардың жеткілікті әртүрлілігі
және т.б.
Құрылымдық-функционалдық қағидаттар:
мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі; мемле-
кеттік және ұйымдастырушылық құрылымдар-
дың аумақтық бөлінуге тәуелдікті белгілейтін
аумақтық-ұйымдастырушылық қағидаттар;
мемлекеттік билік органдары байланыстары-
ның әр алуандығы; алқалылық пен дара басшы-
лықтың үйлесуі; мемлекеттік басқарудың ұйым-
дастырушылық құрылымындағы бағынышты-
лық пен ұйымдастырушылық өзара әрекет-
тестіктің көлемі мен мазмұнын ашатын
желілік-ұйымдастырушылық қағидат.
Мемлекеттік басқарудың қағидаттар жүйе-
сінде айрықша рөлді құрылымдық-процессуал-
дық қағидаттар ойнайды, дәл айтқанда: басқа-
рушылық қызметтің және дербес жауап-
кершіліктің оның нәтижелері үшін нақтылау
қағидаты; мемлекеттік басқару органдары қыз-
меті нышандарының, әдістері мен сатыларының
олардың функциялары мен ұйымдастырылуы-
на сәйкестік қағидаты; ұтымды және тиімді ба-
сқарушылық қызметті ынталандыру қағидаты.
Осы қағидаттардың барлығы да өз көрінісін
азды-көпті басқарушылық қызметте табуға,
соның ішінде мемлекеттік қызметтің негізінде
жатуға тиіс.
Мемлекеттік басқару қағидаттарының іс
жүзінде олардың өздеріне де тәуелді болмай,
толығымен оларға адамдардың қатынасымен
белгіленеді. Және көбінесе халық санасының
деңгейімен белгіленіп әкімшілікпен ұсыныла-
ды. Одан басқа, көбінесе мемлекеттік басқару
қағидаттарының дәрежесіне мақсатқа лайықты
деп мойындалған, негізінде, дәстүрлер, салт-
тар, сондай-ақ қоғамда қалыптасып қалған пре-
цеденттер жатқан талаптарды, ережелерді
көтеріп қояды. Шыңында қағидаттар деп заң-
дылықтар, қатынастар, өзара байланыс пен ере-
желер мойындалады.
Қолданыстағы "Мемлекеттік қызмет тура-
лы" Заң да мемлекеттік қызметті құрудың және
дамытудың негізгі критерийлердің шеңберін
сызып қойды. Осыған орай Қазақстан Респуб-
ликасы мемлекеттік қызметінің құқықтық не-
гіздері деген ұғым туралы әңгіме қозғауға бо-
лады.
"Мемлекеттік қызметтің қағидаттарын
құқықтық айқындау мемлекеттік органдардың
жұмыс істеуіне, мемлекеттік қызметшілердің
қызметіне, мемлекеттік-қызметтік қатынастар-
ды мемлекеттік-құққықтық реттеудің тұрақты-
лығына, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы
заңнаманың дамуы тенденцияларын негіздеу-
ге себеп болуда. Мемлекеттік қызметтің
қағидаттарын зерделеу келесі сұрақтарға жау-
ап береді: мемлекеттік қызмет институтында не
басты болып табылады, мемлекеттік-қызметтік
қатынастарға не үнемі ілесіп жүреді, мемле-
кеттік қызметтің кешенді құқықтық институты-
ның әртүрлі тармақтары қандай нәрсесіз өмір
сүре алмайды. Мемлекеттік қызмет қағидатта-
рын негізгі маңыздылығы - олардың мемле-
кеттік қызметтің "заңдық тағдырың", өмірге қаб-
ілеттілігін, іс жүзінде ұйымдастырылуын және
шың мәнінде жұмыс істеуін белгілеуінде" [2,
190-б.]. Осыған келісу қажет. Тек қана мемле-
кеттік қызмет қағидаттарын құқықтық бекіту
оларды барлық мемлекеттік қызметшілер, мем-
лекеттік органдардың барлық деңгейлері мен
түрлері үшін жалпыға міндетті қылады. Осы-
дан басқа, мемлекеттік қызмет құқықтық
қағидаттары мемлекеттік қызмет институтының
және әрбір мемлекеттік қызметшінің ұйымдас-
тырылуы мен жұмыс істеу негізін белгілейді [3,
16-б.].
Мемлекеттік басқарудың қағидаттары си-
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
32
яқты, мемлекеттік қызметтің қағидаттары да
мемлекеттік басқарудың қағидаттарына қаты-
сты қойылған талаптарға жеткілікті түрде ұқсас
белгілі талаптарға сай болуға тиіс. Біздің
пікірімізше, оларға мыналар жатуға тиіс:
-
мемлекеттік қызметтің құқықтық тіреу-
леріне орнықтылық пен тұрақтылық беретін
негізгі заңдылықтар болу;
-
барлық мемлекеттік органдар мен қыз-
метшілер үшін қызметтің түрі мен деңгейіне
қарамастан міндетті болу;
-
мемлекеттік қызметтің барлық түрлер-
іне күші болуы;
-
мемлекеттік қызметтің мазмұнын
құрайтын барлық
ұйымдастырушылық,
құқықтық және өзге де жақтарын қамту;
-
мемлекеттің заңнама актілерінде белг-
іленуі;
-
мемлекеттік қызмет институтын дамы-
тудың ерекшелігі мен негізгі бағыттарын көрсе-
туі және келешекке бағытталғандық.
Мемлекеттiк қызмет қағидаттары жүйе бо-
лып табылады және, осыған сәйкес, жүйелi
түрде қаралуы керек. В.М. Манохин ерекше
көрсетіп отырғандай, "мемлекеттiк қызмет
қағидаттардың талдауы мемлекеттiк қызметтi
түсiнушiлiктің әр түрлi тәсiлдерiне бағыныш-
ты болады: оны тек қана мемлекеттiк
қызметшiлердің қызметі деп түсіндіргенде бір
ғана қағидат (мемлекеттiк қызметке тең кіру)
бөлек шығады; егерде мемлекеттiк қызмет
мемлекеттiк ұйымдастырылудың жүйесінде
ұйымдастыру-құқықтық институт деп қаралса,
онда қызмет қағидаттарында мемлекеттiң
ұйымдастырылуы мен қызметiнiң ортақ
қағидаттары да, мемлекеттiк қызмет институ-
тына тән арнаулы қағидаттар да (заңдылық,
тәртiп, халықшылық және тағы басқалар) өз
көрінісін табуы керек" [4, 143-б.].
Біздің ойымызша, тағы бiр маңызды
нәрсені белгiлеу керек. Атап айтқанда,
мемлекеттiк қызмет қағидаттары - белгiлi дәре-
жеде субъективті құбылыс. Субъективтілік
белгiсi де екi аспектiде қаралуы керек: оны адам,
кісілер, заң шығарушы елдегі құқықтық
тәжiрибеге, шет елдердiң оң тәжiрибесін талдау
мен пайдалануға, құқықтық мәдениеттiң және
ұлттық
менталитет
деңгейіне,
ұлттық
дәстүрлерге сүйеніп қалыптастырған; оның
мемлекеттiк қызметшiлерге, яғни мемлекеттiк-
биліктік өкiлеттік берілген кісілерге қатысты,
елдегі менталитет, дәстүрлер, мәдениет және
т.б. ескеріліп, күші бар. Және адамдар, демок-
ратиялық елдерде халықпен, мемлекеттiң
лидерiмен немесе авторитарлық не тоталитар-
лық елдерде билік ұстаушылар тобы таңдаған
мемлекеттiк саясаттың маңызды бағыттарының
бiрi. Дәл мемлекеттің саяси жүйесінің өзі көп
жағдайларда мемлекеттік қызмет саласындағы
мемлекеттік саясаттың таңдалуын алдын ала
белгілеп тұрады. Бірақ бұл да белгілеуші фак-
тор ретінде бола бермейді. Мәселен, баспалдақ-
тық жүйе республикалық елдерде де, монархи-
ялық елдерде де, мысалы Жапония мен Ұлыб-
ританияда, баршылық.
Мемлекеттік қызмет қағидаттарының таби-
ғатын және функционалдық ерекшеліктерін
түсінудің маңызы мемлекеттік басқарудың
бүкіл жүйесі үшін негіз қалаушы болып табы-
лады. Нақ қағидаттардың өзі мемлекеттік қыз-
меттің тиімділігі мен өмір сүргіштігінің кри-
терийлері болып табылады.
Мемлекеттік қызмет қағидаттары әр
қағидат бөлек заңдылықты, бөлек мәселе мен
үдерістің негізі болатын жүйе ретінде қаралуы
қажет. Бірақ, институттың бас негіздері болған-
дықтан, оларды кешең ретінде қарау керек. Тек
жиынтықта ғана олар кезкелген елдегі мемле-
кеттік қызметтің жүйесі, онда өткізіліп жатқан
кадрлық саясат туралы тиісті түсінік береді.
"Барлық қағидаттар бір-бірімен байланысты:
олардың біреуін сақтау басқаларын жүзеге асы-
руға жағдай жасайды және, керісінше, қағидат-
тардың кез-келгенін бұзу басқа қағидаттардың
орындалуына теріс әсер етеді" [2, 202-б.].
Мемлекеттік қызмет қағидаттарын жүйелік
талдау мемлекеттік қызметті мемлекеттің ұтым-
ды саяси және әлеуметтік-экономикалық әсер-
ге қол жеткізуді мақсат еткен міндеттер мен
функцияларын жүзеге асыруға бағытталған
біркелкі, тұтас институт ретінде қарау қажет.
Мемлекеттік қызмет қағидаттарын жүйелік
талдау өзекті қағидаттардың бар кендігін көрсе-
туде, олар өзгермейтін, негізгі болып қала бе-
реді. Олар мемлекеттің Негізгі Заңында
бекітіліп, өзінің тікелей жүзеге асырылуын мем-
лекеттік басқарудың барлық салаларында тау-
ып отырады (заңдылық қағидаты, оның үш тар-
маққа бөлінгеніне қарамастан мемлекеттік
биліктің бірлігі қағидаты және басқалар). Бұл
қағидаттар "мемлекеттің жұмыс істеу қағидат-
тарынан, оның табиғатынан, мақсаттардың стра-
тегия мен тактиканы таңдаудағы мақсаттық ба-
ғытталуынан, қоғамның экономикалық, әлеу-
меттік және саяси жүйесін қалыптастыру меха-
низмдерінен туындылар" болып табылады [5,17-
б.]. Ал басқа қағидаттар - мамандандырылған,
институционалдық қағидаттар. Олар белгілі,
бірақ осы институт үшін объективті заңдылық не-
месе бағыт, мақсат, қол жеткізілуге тиіс ой болып
табылатын маңызды қатынастарды реттеуге ар-
налған.
Мемлекеттік қызмет қағидаттарының тағы-
да бір айрықша белгісі - оларды мемлекеттік қыз-
мет институтының қағидаттары ретінде ғана
емес, республиканың кадрлық саясатының
қағидаттары ретінде қарау мүмкіндігі. Мемле-
кеттік қызмет кадрлық саясатының қағидаттары
деп "объективтік негізі бар және әлеуметтік заң-
дылықтарды көрсетіп отырған алғашқы бастау-
ларды, негізгі ережелерді, ұстанымдарды, талап-
тарды, дәстүрлерді, мемлекеттік қызметшілерді
қоғам мен мемлекетің қажеттілігімен айқындал-
ған дайындау, іріктеп алу мен қою жағдайларды
түсіну керек" деген А. Тұрысбектің пікірімен кел-
ісу қажет [6, 41-б.].
2 (28) • 2013
33
Қандай да болсын институттың, өз алдымен
мемлекеттік қызмет институтының даму қағидат-
тары - сіресіп қалған бірдеңе емес, олар мемле-
кеттік басқарудағы объективтік жағдайлармен,
заңдылықтармен, қатынастармен және өзара бай-
ланыстармен бірге үнемі өзгеріп жатқан осы за-
манғы әлем сияқты тірі. Республикада өткізіліп
жатқан мемлекеттік басқарудың реформасы -
әкімшілік реформа - мемлекеттік қызмет алдын-
да жаңа мақсаттарды, міндеттерді және бағыттар-
ды қоя беруде. Бұл мемлекеттік қызмет қағидат-
тарының жүйесіне ықпал етпеуі мүмкін емес.
"Мемлекеттік қызмет туралы" Заңда бекітілген
кейбір қағидаттардың әрекет етпей жатқанын
және, керісінше, кейбір заңдылықтар мен ереже-
лерді қамтымағанын атап өту қажет, себебі олар-
ды, біздің ойымызша, Қазақстанның қазіргі мем-
лекеттік қызметінің қағидатты бастауларына жа-
тқызу дұрыс сияқты.
Кеңес заманында мемлекеттік қызмет
қағидаттарын саяси-құқықтық және ұйымдасты-
рушылық деп бөлген. Қазіргі таңда мемлекеттік
қызмет қағидаттарын екі негізгі түрге: конститу-
циялық және ұйымдастырушылық деп бөлу
қажеттілігі туралы ой-пікір үстем болуда [7, 356-
б]. Осы тұста осылайша бөлу тек нормативтік бе-
кітумен ғана емес, әр қағидаттың мағыналық сал-
мағымен, Қазақстан Республикасының Конститу-
циясымен тікелей немесе жанама түрде мемле-
кеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен жұмыс
істеу негізгі қағидаттарын бекітетіні ескеріле оты-
рып, себептеледі.
"Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23
шілдедегі ҚР Заңы қағидаттардың келесі шеңберін
анықтайды: заңдылық; қазақстандық патриотизм;
мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқару-
шылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамас-
тан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және
заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдын-
дағы басымдығы; жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Рес-
публика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол
жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсіби даярлығы-
на сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарыла-
тылуға тең құқығы; азаматтардың мемлекеттiк қыз-
метке
кiруiнiң
ерiктiлiгi;
мемлекеттiк
қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiліктiлiгi;
мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбек-
ке ақыны тең төлеу; жоғары тұрған мемлекеттiк
органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi
шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың
бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi
мемлекеттiк органдардың қызметшілерi үшiн
мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметшiлердiң бақы-
лауда болуы және есептiлiгi; мемлекеттiк құпия-
лар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия бо-
лып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық
пiкiр мен жариялылықты ескеру; мемлекеттiк
қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғ-
алуы; мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк
мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше ма-
ңызды және күрделi тапсырмаларды орындаға-
ны
үшiн
көтермелеу;
мемлекеттiк
қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орында-
мағаны не тиiсiнше орындамағаны және
өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн
жеке жауаптылығы; мемлекеттiк қызметшілердiң
бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу.
Мемлекеттік қызмет қағидаттарының Қазақ-
станның кадрлық саясатын ұйымдастырудың,
мемлекеттік қызметті өтудің, мемлекеттiк
қызметшілердiң іс-қимылын және мемлекеттік
қызмет саласындағы басқарудың негізгі бастау-
лары болып табылатынын айтқан дұрыс. Бұл
орайда негіздер конституциялық нормалармен
қаланған. Немесе, керісінше, бұл сәтке басқа
тұрғыдан қарауға болады: конституциялық нор-
малар мемлекеттік қызметтің және кадрлық сая-
саттың негізгі ұйымдастырушылық мәселелерді
реттейді.
Қорытынды ретінде келесіне констатациялау
қажет: мемлекеттік қызмет қағидаттары мемле-
кеттік қызмет институтының дамуы мен жұмыс
істеуінің заңдылықтардың бірыңғай жүйесі болып
табылады және мемлекеттік басқарудың ұйым-
дастырылуы мен жұмыс істеуінің қағидаттары-
ның әрекет етуімен себептеледі. Мемлекеттік қыз-
мет қағидаттарын құқықтық бекіту мемлекеттік
органдардың жұмыс істеуіне, мемлекеттік-қыз-
меттік қатынастарды құқықтық реттеудің тұрақ-
тылығына себеп болады. Мемлекеттік қызмет
қағидаттары мемлекеттік қызмет туралы заңна-
маның, Қазақстан Республикасы мемлекеттік
қызмет институты мен кадрлық саясатының да-
муына жағдай жасап отыруға тиіс.
Мемлекеттік қызмет қағидаттары мемле-
кеттік қызметтің таңдап алынған жүйесімен бел-
гіленеді және мемлекетте болып жатқан саяси
және әлеуметтік-экономикалық үдерістерге сай
болуға тиіс. Құқықтық санат бола тұра, мемле-
кеттік қызмет қағидаттары мемлекеттік басқару-
дың осы институтының сапалы дамуын қамтама-
сыз етуге тиіс.
Әдебиет:
1. Уваров В.Н. Государственная служба и
управление: учебник. - Петропавловск: Сев.-Каз.
юрид. академия, 2004. - 34 с.
2. Атаманчук Г.В. Теория государственного
управления: курс лекций. - М.: Юрид. лит., 1997. -
189 с.
3. Манохин В.М. Советская государственная
служба. - М., 1966. - 16 с.
4. Манохин В.М. Правовое регулирование
советской государственной службы // Советское
государство и право. - 1989. - №1. - 143 с.
5. Привалова С.В. Принципы организации
государственной службы современной России:
автореф. канд. юрид. наук: 12.00.02. - М., 1999. 17 с.
6. Турисбек А. Правовые механизмы форми-
рования корпуса административных государ-
ственных служащих в РК: дисс. канд. юрид. наук:
12.00.02. - Алматы, 2005. - 41 с.
7. Старилов Ю.Н. Государственная служба в
РФ. Теоретико-правовые исследования. - Воронеж:
Изд-во Воронежского ун-та, 1996. - 356 с
ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
34
С. Базарбекова
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
Мақалада қазақ тіл біліміндегі фразеология теориясы қалыптасуының жаңа кезеңі, яғни әдеби тіл тарихы
тұрғысынан зерттелуі, диалектілік материалдар негізінде зерттелуі, құрылымдық жағынан зерттелуі,
этнолингвистикалық тұрғысынан зерттелуі туралы баяндалады.
Түйінді сөздер: фразеология теориясы, әдеби тіл тарихы, диалект, құрылым, этнолингвистика.
Әд.4
С. Базарбекова
КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК В ФОРМИРОВАНИИ НОВОГО ЭТАПА
РАЗВИТИЯ ФРАЗЕОЛОГИЧЕСКОЙ ТЕОРИИ
В статье новое этап теория формирования фразеологии в знании казахский язык, то есть история литературный
языка из точки зрения изучать, изучать на принципе материалов диалектики, структурированность из стороны
изучать, будет излагаться с точки зрения изучать о этнолингвистики.
Ключевые слова: Фразеология теория, литературно языковая история, диалект, структура, этнолингвистика.
Лит.4
Saule Bazarbekova
KAZAKH LANGUAGE FORMATION OF A NEW STAGE
THEORY OF PHRASEOLOGICAL
Keywords: phraseology theory, literary history of language, dialect, structure, ethnolinguistics.
Lit.4
1
Мәселенің қойылуы. Бұл бағытта құнды
пікірлер айтып, терең зерделеген Б.Кенжебаев,
Ш.Сәтбаева, З.Ахметов, Ү.Субханбердина, З.Би-
сенғалиев т.б. ғалымдар еңбектерінің берер
мағлұматы мен сабағы көп. Ғалым А.Ә. Байта-
лиеваның мына сөздері осы кезең прозасының
мәнін ашып бергендей: "егер біз қазақтың про-
фессионалдық прозасының қалыптаса бастау-
ын тек қана Ұлы Октябрь социалистік револю-
циясынан кейінгі жылдардан іздесек, 20-жыл-
дардың басында жазылып, қазақ әдебиетінің
алтын қорына қосылған профессионалдық дәре-
жедегі көркем шығармалардың жазылу сырын
немен түсіндіреміз?" [1,7]. Сұрақ мазмұнының
өзі алғашқы қазақ прозасына берілген бағаның
белгісін аңғартады. Бұл күрделі де қызықты,
ерекше танылған құбылыс өз сипатының әде-
билігімен де жазушылардың жаңа жанр үлгіле-
ріндегі тілдік өрнектерін көрсетеді.
Соңғы зерттеулер мен жарияланымдардың
талдануы. Жалпы, көркем әдебиет тілін зертте-
удің қазақ филологиясындағы жайына келсек,
оның жинақталған тәжірибесін көрсететін,
біршама мәселелердің шешімін табатын
құнды-құнды еңбектер бар. Алғашқыда жеке-
леген жазушылардың тіл ерекшелігін сараптау
тұрғысынан және әдеби тілмен өзара байланы-
сын анықтау тұрғысынан және әдеби тілмен
өзара байланысын анықтау тұрғысынан және
әдеби тілмен өзара байланысын анықтау тұрғы-
сынан қолға алынған бұл сала кейін қомақты
жалпы теориялық және нақты тәжірибелік ізде-
ністерге ұласты. Профессор Р.Сыздық "Сөз
құдіреті" атты еңбегінде қазақтың көркем
сөзінің құдіретін танытқан қаламгерлер тілін
талдаса [2], көркем проза тілін зерттеудің ғылы-
ми-теориялық негіздерін зерттеген профессор
М.Балақаев көркем шығарма тілін зерттеудің
өзіндік қырларын ашып көрсетеді: 1) Таза тілдік
қыр; 2) Стилистикалық қыр; 3) Көркем-эстети-
калық қыр [3,29].
Бұл ғылыми еңбектермен танысып, оларды
жүйелеп оқу біздің зерттеу жұмысымызға ықпал
етпей қойған жоқ.
Ал алғашқы қазақ прозасы әдеби тұрғыдан
көптеген әдебиетші ғалымдардың зерттеу ны-
саны болғанымен, лингвистикалық тұрғыдан
тілі әр қырынан кейбір ғалымдардың жеке мақ-
саттарына нысан болғаны болмаса, проза
тілінің көркемдік жүйесін құрайтын фразеоло-
гизмдер біртұтас зерттеуде негіз болған жоқ.
Бұл ретте көз тоқтатып, көңілге түйер еңбектер:
М.Белбаева "С.Торайғыров шығармаларының
тілі"; Б.Шалабаев "Көркем проза тілі" т.б.
Профессор Р.Сыздықова Абай тілінің
көркемдік бітімін лингвостилистикалық тұрғы-
дан сөз еткен "Абайдың сөз өрнегі" деген еңбег-
інде Абайдың фразеология саласындағы сөз
құбылту тәсілдерін, жаңалықтарын талдайды.
"Фразеологизмдер - сандаған жылдар мен
ғасырлардың қазынасы, бұл, бір жағынан,
екінші жағынан, ол-жеке қаламгерлердің табы-
сы, еңбегі, ізденісі. Фразеологиялық тіркестер -
семантикалық шоғырлар, яғни жеке сөз мағы-
наларының бір-бірімен түйісуінен туған жаңа
мағыналық дүниеліктер. Демек, белгілі бір
қаламгердің жалпы тілдік қазынасын және
көркемдік байлығын зерттеуде оның фразеоло-
гиясын тауып тану ерекше орын алады" [2,95]-
деп, ғалым өз зерттеуінің өзекті бөлігін фразео-
Достарыңызбен бөлісу: |