Зерттеу материалдары мен əдістері жүргізілді:
Фенологиялық бақылау - қант қызылшасының төмендегідей өсу кезеңдері
анықталды: өркеннің шыға бастауы (өркеннің 10 – пайызы шыққан кезде), өркеннің толық
көктеп шығуы (өркеннің 75 – пайызы шыққанда), бірінші жəне ушінші жапырақтың
шығуы; жапырақтардың жүйектің бойында жəне қатараралықта бір – бірімен қосылуы;
қатараралықта жапырақтардың сола бастауы;
Арамшөптің есебі - арамшөптер түріне қарай 20х125 см яғни 0,25 м² рамада
анықталады. Рама жүйектің бойына 5-10 жерге қойылады. Есеп екі қайталымнан алынады.
Қанттылық - 20 тамыр жемістен алынып рефрактометрмен анықталады.
Өнімділігі - тəжірибе алаңын бөліктерге бөліп, алынған тамыржемістерді таразымен
өлшеу арқылы есептелінеді.
Зерттеу нəтижелері
Қазақ егіншілік жəне өсімдік шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығында
төмендегідейқысқа айналымды ауыспалы егіс зерттелуде:
Тəжірибе нұсқасы:
1.Майбұршақ
2. Күздік бидай
3. Қант қызылшасы
4. Үзіліссіз себілген қант қызылшасы (бақылау)
Шаруашылықта жүргізілген тəжірибелер нəтижелеріне қарасақ, қысқа
айналымды ауыспалы егісте қант қызылшасын өсіру ұсақ фермерлер үшін
пайдалы.Сондықтан, республиканың оңтүстік- шығыс өңірінің құнарлылығы төмен
сұр топырақты жерлерінің 3-4 танапты ауыспалы егістігінде қызылшаға алғы дақыл
ретінде отамалы дақыл – майбұршақты ұсыну қажет.
Қант қызылшаның алғы егістері оның өнімділігін арттырып қана қоймайды,
сонымен қатар танаптың фитосанитарлық жағдайын да жақсартады. Қысқа
айналымды ауыспалы егісте өсірілген қант қызылшасының қанттылығы жоғарылап,
гектардан алынатын қант көлемі артады, яғни қызылшаны өсіру экономикалық
жағынан тиімді болады.
Қант қызылшасының алғы дақылын дұрыс таңдап алмаса, егістікті арамшөп
басып кетеді(кесте 1).
Кесте 1 – Қант қызылшасы егістігінің ластануының алғы дақылдарға
байланыстылығы
Алғы
Дақыл
Барлық
арамшөп-
тің саны
дана\м
2
Оныңішінде
Арамшөптер
салмағы (г\м
2
)
Бірарамшөп
Салмағы (г)
біржыл-
дық
көпжыл-
дық
көктей
Құрғақ
көктей құрғақ
Майбұршақ 25 22 3 66 13 2,6 0,5
127
Күздік бидай 33 24 9 96 19 2,9 0,6
Қызылша
37
33
4
121
24
3,0
0,6
Үзіліссіз
қызылша
65 55 10
212
42 3,3
0,7
Осыған орай қант қызылшаны танапты арамшөптерден тазартатын дақылдардан
кейін себу тиімді. Мұндай алғы дақылға майбұршақ жатады.Бұл дақылдан кейін
танапта 25дана/м
2
арамшөп кездескен. Ал үзіліссіз қант қызылшасынан кейін
арамшөп саны 65 дана/м
2
болған.Тəжірибе танабында ең жақсы алғы дақылдар -
майбұршақ, күздік бидай екені анықталды.
Қант қызылшасының алғы егісі күздік бидай болғанда əр гектардан
алынатын өнім 305 центнерге жетсе, ал майбұршақтан кейін егілген қант
қызылшасынан 312 центнер гектарына алынды.
Қорытынды жоғарыда жазылған пікірді сараптай келетөмендегідей
қорытындылар жасауға болады.
1. Қант қызылшасының əр гектарынан алатын өнімін арттыру үшін оның
өсіру технологиясын, соның ішінде алғы дақылдарындұрыс таңдай білудің
өндірістік маңызы зор.
2. Қант қызылшасыныңең жақсы алғы егісі болып майбұршақ пен күздік
бидай есептеледі, себебі олардан кейін себілгенде ең жоғарғы өнім алынады жəне
қанттылығы жоғарылайды.
3. Қант қызылшасынбір орынға қайталап себуге болмайды, өйткені оның
аурулары,зиянкестері, арамшөптері көбейіп, өнімі мен қанттылығы төмендейді.
Əдебиеттер
1. Əрінов Қ.К.,Мұсынов Қ.М.,Апушев А.Қ.,Серекпаев Н.А.,Шестакова Н.А.,
Арыстанғұлов С.С. Өсімдік шаруашылығы. – Алматы, 2011.- 424 б.
2. Альдеков Н.А.,Нурпейсов И, Бастаубаева Ш.О. Возрождение сахарной свеклы в
Казахстане // Вестник с-х науки Казахстана- 2012.-№8.-С.20-25.
3. Байоразов Ə.О., ШардарбаевТ.К., Қысқа ротациялық егістегі алғы дақылдардың
қант қызылшасы өніміне əсері // Жаршы, № 2, 2007ж.
Онлабекова А.М., Жанабаев К.Ш.
ВЛИЯНИЕ ПРЕДШЕСТВЕННИКОВ НА КАЧЕСТВО И УРОЖАЙНОСТЬ САХАРНОЙ
СВЕКЛЫ В УСЛОВИЯХ АЛМАТИНСКОЙ ОБЛОСТИ
В статье приведены результаты исследование разных предшественников на
урожайность, сахарность и качество сахарной свеклы в условиях Алматинской области.
Onlabekova A.M., ZhanabaevK.Sh.
INFLUENCE OFDIFFERENT PREDECESSORS ONQUALITY AND PRODUCTIVITY OF
SUGAR BEET IN THE CONDITIONS OF ALMATY REGION
The results of researches ofdifferent predecessors on productivity, sugar and quality of sugar
beet in the conditions of Almaty region.
128
ƏӨК 635.34:631.527
Отарбаева Б.Т., Исаев С.И.
Қазақ картоп жəне көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институты
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТЕКТІК ҚОРЫНДАҒЫ АҚҚАУДАНДЫ
ҚЫРЫҚҚАБАТТЫҢ ТОПТАМАСЫ ЖƏНЕ ЖАҢА СОРТТАРЫ
Аңдатпа Аққауданды қырыққабат қырыққабат тұқымдасына жататын айқас
тозаңданатын екіжылдық өсімдік. Қырыққабат сорттары мен түрлері өзара оңай
тозаңданатын болғандықтан, селекциялық жұмыстар жүргізілу кезінде арнайы
оқшаулағыштар пайдаланылады.
Кілт сөздер: қырыққабат, селекция, сорт, поликросс, популяция, үлгі,
будандастыру
Кіріспе Қырыққабаттың тағамдық қасиеті өте жоғары болып келеді. Қырыққабат
қайнатылған, маринадталған, тұздалған, буға пісірілген күйде кеңінен пайдаланылады.
Одан əр түрлі салаттар мен тағамдар жасалады [1].
Қазақ картоп жəне көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында көкөніс-
бақша дақылдарының тектік қоры 1995 жылдан бастап қалыптаса бастады. Қазіргі таңда
көкөніс-бақша дақылдарының тектік қоры əлемнің 97 елінен əкелінген 11000-ға жуық
үлгіні құрайды. Институтымыздың көкөніс-бақша дақылдарының тектік қорында
қырыққабаттың 12 түрі тіркелген. Олар: брокколи қырыққабаты, аққауданды қырыққабат,
қызылқауданды қырыққабат, брюссель қырыққабаты, декоративтік қырыққабат, қытай
қырыққабаты, кольраби, жапырақты қырыққабат, пекин қырыққабаты, савой
қырыққабаты, гүлді қырыққабат жəне жапон қырыққабаты.
Аққауданды қырыққабаттың көкөністік дақылдарының арасында алар орны ерекше.
Ол көптеген дəрумендердің қайнар көзі. Аққауданды қырыққабаттың құрамында С, К, В,
В
1
, В
2
, В
3
, Д сияқты адам ағзасына керекті дəрумендер көптеп кездеседі. Əсіресе, ең көп
мөлшерді аскорбин қышқылы (С дəрумені) құрайды-30-100мг%
Сонымен қатар, қырыққабат көптеген емдік қасиеттерге ие. Оның қант диабеті, май
басу, асқазан жəне сəулелі ауруларды емдеп жазуда пайдасы зор [2].
ҚазККШҒЗИ–ның тектік қоры аққауданды қырыққабат топтамасына бай. Олар
əлемнің əр түрлі елдерінен жиналып, институтымыздың тектік қоры журналына тіркелген.
1-кесте ҚазККШҒЗИ тектік қорындағы аққауданды қырыққабат үлгілерінің шыққан
жері
№
Елдер
Жалпы
үлгілер
саны
%
Елдер
саны
Үлгілердің көбірек санын
құрайтын елдер
1
Ресей 73
32,4
1
2
Қазақстан 40
17,7
1
3 ТМД (Ресей мен
Қазақстаннан
басқа)
18 8
6
Белорусь,
Украина,Грузия,Түркменстан,
Өзбекстан, Тəжікстан
4
Еуропа 77
34,2
10
Нидерланды, Болгария, Сербия,
Германия,Румыния,
Финляндия,
Югославия,Польша,Дания,
Италия
5
Азия 17
7,5
3
Китай, Япония, Корея
Барлығы 225
100,0
21
129
Кестеде берілген мəліметтер əлемдегі ғылыми-зерттеу институтары мен ғылыми
зерттеу орталықтарымен тығыз байланыста екеніміздің дəлелі. ҚазККШҒЗИ–ның тектік
қорында əлемнің 21 елінен əкелінген аққауданды қырыққабаттың 225 үлгісі тіркелген.
Оның ішінде: 74- сорт, 88- F
1
, 9- F
2
, 1-F
3
, 31- селекциялық үлгі, 2- сұрыпталған үлгі, 2-
популяция ,18-отандық сорт. Тектік қордағы аталған үлгілерді еліміздің ғылыми-зерттеу
институттары селекциялық жұмыстарда кеңінен пайдалануда. Институтымыздың
қырыққабат селекциясы бөлімінде тектік қордағы аққауданды қырыққабат үлгілерін
бастапқы материал ретінде пайдаланып, селекциялық жұмыстар кеңінен жүргізілуде. Оған
институтымыздың селекцилық жетістіктерін айта кетуге болады. Аққауданды
қырыққабаттың үлгілерін пайдалана отырып, Белоснежка мен Завадовская сорттарын
будандастыру нəтижесінде сұрыптау əдісімен жаңа сорт алынды. 2012 жылы жаңа сорт
Мемлекеттік сортсынақтан өтіп, оған Надюша (селекциялық нөмірі Гибрид №2) атауы
берілді. 2013 жылы Надюша сорты Алматы облысында аудандастырылды. Сонымен
қатар, 2013 жылы Неженка сорты Мемлекеттік сортсынаққа берілді. Аққауданды
қырыққабаттың бұл жаңа сорты сұрыптау əдісімен Завадовская сортынан алынған.
Селекциялық нөмірі 1-12.
Надюша сортының қысқаша сипаттамасы
Кеш пісетін сорт.Топырақ пен ауаның ылғалдылығын қажет етеді, бірақ көп
мөлшердегі ылғалдылық пен топырақтың қатты тығыздығын көтере алмайды. Қаудандары
қысқа мерзімде сақтауға жəне тұздауға арналған. Бір қауданның орташа салмағы 2,44 кг,
қаудан ұзындығы 16,0 см, қауданның диаметрі 17,2 см, қауданның тығыздығы 4,4 балл,
қауданның сыртқы бояуы-ашық-жасыл түсті, қауданның кескендегі ішкі бояуы-ақ түсті,
ішкі қабығының ұзындығы 7,7см, ал ені 2,8-3,2см, өнімділігі 45,0 т/га. Тұқымдықтың
орташа салмағы 2,8 кг, 1 өсімдіктің тұқым беру өнімділігі 59,4 г, 1000 тұқымның салмағы
4,9 г.
1-сурет. Аққауданды қырыққабаттың Надюша сорты
Неженка сортының қысқаша сипаттамасы
Кеш пісетін сорт. Пісу мерзіміне қарай кеш пісетін топқа жатады. Жергілікті
климаттық жағдайға бейімделген, құрғақшылыққа, ауаның жоғарғы температурасы мен
суыққа төзімді сорт. Үлкен өсімдіктері -8
0
-10
0
-қа дейінгі суыққа төтеп береді Бір
қауданның орташа салмағы 2,44 кг, қаудан ұзындығы 17,5 см, қауданның тығыздығы
орташа, қауданның сыртқы бояуы-ашық-жасыл түсті, қауданның кескендегі ішкі бояуы-ақ
130
түсті, ішкі қабығының ұзындығы 7,1см, ал ені 4,5-6,5см. Өнімділігі 36,5-38,5т/га.
Аққауданды қырыққабаттың жаңа сорты Неженка тұздауға арналған.
2-сурет. Аққауданды қырыққабаттың Неженка сорты
Қорытындылай
келсек,
институтымыздың
тектік
қорына
аққауданды
қырыққабаттың жыл сайын жаңа үлгілері əкелініп тіркелуде жəне ғылыми жұмыстарда
кеңінен пайдаланылуда. Осы қарқынмен болашақта өнімділігі жоғары, ауруларға төзімді,
сақтау қабілеті жоғары сорттар шығарылып, еліміздің ғылыми жұмыстарына қосар
үлесіміз мол боларына сенеміз.
ҚазККШҒЗИ тектік қорында əлемнің 20 елінен əкелінген аққауданды
қырыққабаттың 191 үлгісі тіркелген.
2013 жылы Алматы облысы бойынша аққауданды қырыққабаттың жаңа Надюша
сорты аудандастырылды.
2013 жылы тұздауға арналған аққауданды қырыққабаттың жаңа Неженка сорты
Мемлекеттік сортсынаққа берілді.
Əдебиеттер
1.Лизгунова Т.В. Капуста.-Л,1965. 384б.
2. Амиров Б.М., Лукьянец В.Н., Курганская Н.В., Киселева Н.А. Методические
рекомендации по первичному и элитному семеноводству поздних сортов белокочанной
капусты.- с.Кайнар, 2005.30б
3. Китаева И. Е., Орлова В. И. Белокочанная капуста.-М.,1980. 46б.
В генофонде КазНИИКО коллекция белокочанной капусты насчитывает 191
образец из 20 стран мира.
В 2013 году по Алматинской области районирован первый сорт белокочанной
капусты Надюша селекции КазНИИКО.
В 2013 году передан на Государственное сортоиспытание новый сорт
белокочанной капусты Неженка, предназначенный для употребления в свежем виде и
квашения.
131
In the gene pool of KazNIIKO collection of white cabbage counts 191 sample from 20
countries of the world.
In 2013, in Almaty region zoned first grade cabbage Nadia KazNIIKO selection.
In 2013, transferred to the state variety testing a new variety of cabbage Nezhenka
intended for fresh consumption and fermentation.
ƏОЖ 633.2/3:631.529
Райымбеков Б.А., Сеиткаримов А., Оразбаев С.А.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚУАҢШЫЛЫҚ АЙМАҒЫНЫҢ ЖАЙЫЛЫМ
ЭКОЛОГИЯСЫН ЖАҚСАРТУДА ЖУСАН ӨСІМДІГІНІҢ РӨЛІ
Кілт сөздер: ғылыми-техникалық прогресс (ҒТП),жайылым экологиясы, жусан,
қуаңшылық, шөлейттену.
Кіріспе
Қазіргі таңда ғылыми-техникалық прогрестің (ҒТП) қарқынды дамуы мен халық
санының өсуіне байланысты қоғамның табиғатпен етене араласуы жиілей түсуде.
Қоғамның жəне жеке адамдардың табиғи қорларды пайдаланудағы басты мақсаты аз
уақыт ішінде мол табысқа қол жеткізу болып табылады. Осы себепті кейінгі жылдары
жерді тиімсіз пайдаланудың салдарынан топырақтың құнарлығы күнен-күнге нашарлап
барады. Егістік жерлер жəне мал жайылымдарын дұрыс пайдалана алмағандықтан, су
жəне жер эрозияларының əсерлерінен барлық жердің 60 пайызы немесе 180 млн гектарға
жуық жер қуаң шөл далаға айналған. Ондай жерлердің топырағы құнарсыз, көп жерлері
сортаң, тұзды келеді. Табиғатты пайдаланудағы бүтіндей теріс іс-əрекет себептерінің
нəтижесінде нəзік жəне жеңіл жараланатын жайылымдық экология жүйелері құлдырауға
душар болады. Олардың қалпына келуі баяу өтетінін есте сақтау керек [1].
Құмды шөлдік өсімдіктерді, ағаштар мен бұталарды отынға жəне жүйесіз мал жаю
сияқты бақылаусыз жолмен талан-таражға салып пайдалану зиянды. Бұл көгалдардың,
құдықтар айналасы мен елді мекеннің тозуына, құмдардың желмен қарқынды ұшуына,
шөл алаңдарының шамадан тыс кеңеюіне əкеліп соқтырады. Қозғалысқа ұшыраған құмдар
егістік жерлерді көбіне көміп тастайды.Осы құбылыс нəтижесінде шөлдену процесі одан
əрі күшейеді.Қуаңшылық пен шөлейттену – қоршаған ортаның ең маңызды əрі ең қауіпті
мəселелерінің бірі [2].
Қазақстанның оңтүстік өңірінде малға қажетті жемшөптің көзін суармалы жəне
тəлімі жерлердегі біржылдық жəне көпжылдық екпе дақылдар (арпа, сұлы, жүгері,
жоңышқа), шалғындық жəне табиғи жайылымдар құрайды. Өсімдік жамылғысы əр алуан
жəне шөбі құнарлы болып келетін табиғи жайылымдар қуаңшылық аймақтың жемшөп
шаруашылығында басты орын алады. Дегенмен, олардың басым бөлігі шөл жəне шөлейт
аймақтарда жатқандықтан шығымдылығы төмен, маусымды жəне жылма–жыл тұрақты
болмайды. Соңғы жылдары бұл аймақтардың экологиялық жағдайларына мəн берілмей
жүйесіз пайдалану етек алды, сонымен қатар нарықты дамытудың кезеңінде
материалдық–техникалық жəне экономикалық қамтылуы бірдей емес көптеген ұсақ
меншік түрлерінің қалыптасуына байланысты елді мекендердің, су көздері айналасындағы
жайылымдардың шектен тыс пайдалануы күрт өсті, нəтижесінде бұл алқаптардағы өсімдік
байлығы жүдеп, тоза бастады. Сондай-ақ, улы жəне зиянды арамшөптер басуда, топырақ
құрамының нашарлап, қарашірік мөлшерінің төмендеуіне əкеліп соғуда [3]. Белгілі
132
болғандай Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тозған жайылымдардың көлемі 1,3 млн,
Қызылорда облысында 2,0 млн, Жамбыл облысында 1,2 млн гектарды құрап отыр [4].
З.Ш. Шамсутдинов шөл аймақта жайылымдарды жақсартудың нəтижелері болуы
өсірілетін өсімдік түрлерінің биологиялық жəне жақсартылатын алқаптың табиғи
жағдайын ескере отырып тиімді агротехнологиялық тəсілдер жүйесін дұрыс пайдалану
деп көрсеткен болатын [5].
Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағы үшін құрамында ақуызға бай, дəрумені
мол құнарлы қуаңшылық өсімдік түрлерін өсірудің маңызы өте ерекше. Жайылымды
түбегейлі жақсарту мақсатында сол қуаңшылық аймақтың аптап ыстығы мен қысы қатал
аязына экологиялық төзімді, мол өнімді бағалы түрлер мен үлгілерді іріктеп, оларды екпе
дақылға айналдыру, көбейту жəне шаруашылыққа кеңінен енгізу бағытында зерттеу
жұмыстары жүргізілуі тиіс. Сондықтан да, жайылымдардың азып–тозуын тоқтату,
олардың шығымдылығын көтеру мəселелерін шешудің оңтайлы жолдарының бірі
құнарлылығы жоғары, жергілікті жердің ортасына бейімделген мал азықтық дақылдарды
жəне шөп қоспаларын өсіру болып табылады. Қуаңшылық аймақтың мал азығы
құрылымындағы маңызы зор көпжылдық өсімдіктердің біріне жусан туысының түрлері
жатады.
Жусан (Artemіsіa) –күрделігүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір не
екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.
Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі
бар. Олардың арасында көптеген түрлері бағалы мал азықтық қатарына жатады.
Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге
жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тəрізді, шеті тілімденген,
кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, əбден піскен кезде
шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Жемісі – тұқымша. Тамыз-
қыркүйек айларының аралығында гүлдейді. Дегенмен, жусан түрлерінің көп пайдалы
қасиеттеріне қарамастан оңтүстік өңірдің түрлі экологиялық жағдайында оның егістігі əлі
кеңінен таралмай отыр. Оның басты себебі жусан мен оның басқа дақылдармен аралас
егістерін егіп өсіруде агротехникалық тəсілдер жеткілікті зерттелмеген.
Қазақстанның оңтүстік қуаңшылық аймағының Қызылқұм алқабында тамыр жусан
Artemisia terrae-albae, құм жиегінде тұран Artemisia turanica, Сырдария маңы жазығының
сортаңды жерлерінде сораң Artemisia salsoloides, сұр топырақта дермене Artemisia сina,
басты Artemisia diffusa, тау бөктеріне қарай жырық Artemisia tenuisecta жусаны өседі.
Кейінгі кездері байқалған келеңсіз антропогендік, техногендік əрекеттердің, яғни
Сырдариямаңы жазығындағы көшпелі көкөніс өсіру үшін жусанды алқаптарды айдау, елді
мекен айналасындағы оның табиғи жайылымдарын үздіксіз пайдалану, отынға немесе
қысқы сақтық қорға пішен ретінде шауып алу, сондай-ақ жиі қайталанып жатқан өрттер
салдарынан жусандық жайылымдар тозып, жел эрозиясына ұшырауда. Сондықтан
жусанның табиғи қауымдастығын сақтау жəне қалпына келтіру шаралары өзекті мəселе
болып табылады[6].
Жусан түрлерін мал азықтық дақыл ретінде Орта Азия мен Қазақстан аумағында
алғашқы зерттеген Л.П. Сильковский болды [7]. Ол Тəжікстанның қуаңшылық аймағында
өткен ғасырдың 50–ші жылдарынан бастап жусанның үш түрін зерттеп, екі түрін өндіріске
енгізуге ұсынған.
Өзбекстанда жусанды дақылдандыру жұмысы 1982 жылы бұрынғы Бүкілодақтың
қаракөл ғылыми–зерттеу институтында жүргізіле бастаған. Ащы жусанның биологиясы,
экологиясы жəне азықтық құндылығы зерттелген. Жүргізілген жұмыстардың нəтижесінде
сор жердегі жайылымдарды жақсартуға болатыны анықталып, кейбір өсіру тəсілдері
ұсынылған [8]. Жусанды–раңды жайылымдардың өнімділігін көтеру мақсатында басты
жусан түрін басқа қуаңшылыққа төзімді сексеуіл, шоған, изень, күйреуік, қоңырбас
133
өсімдіктерімен араластырып, күзгі–қысқы жəне жыл бойына пайдаланатын жайылымдар
түрін жасау технологиясы зерттелген [9].
Қазақстанда жүргізілген жұмыстардың негізгі бағыты жусан түрлерін жерсіндіруге
арналған. Шөлді–таулы аймақтарында жусанның өсіп–дамуы, азықтық құндылығы жəне
өнімділігі анықталып, бағалы түрлерін жерсіндіру мəселелерін зерттеу жүргізілген
[10,11,12,13]. Көпжылдық зерттеулер нəтижесінде бірінші рет боз жусанның Ақжелкен
түрі шығарылған [14].
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жусанды дақылдандыру жұмысы өткен ғасырдың 70
жылдарының ортасында басталған. Жазық шөл жағдайында бөлшекті, тұран, басты,
ермен, жырық түрлерін зерттеу нəтижесі соңғы екі түрдің жергілікті топырақ–климат
жағдайына бейімді емес екенін көрсеткен [15]. Кейінгі жылдары Қаратау, ащы түрлерімен
қоса Сириядан алынған боз жусанды жерсіндіру жұмысына қамтылып отыр. Сонымен
қатар, жусанның көптеген түрлерімен сорт шығару бағытында жұмыстар жүргізілді.
Нəтижесінде Ырысты жəне жусанның 74 сортүлгілері шығарылып, Мемлекеттік
сортсынаққа тапсырылған. Бүгінде бұл сорттарды өндіріске кеңінен енгізу мəселесі
оларды егіп-өсірудің тиімді тəсілдерін анықтауды қажет етіп отыр.
Қорыта айтқанда, Оңтүстік Қазақстанның қуаңшылық аймағында жусанның бағалы
түрі мен оның басқа шөптермен аралас егістерін мал азығы үшін өсірудің тəсілдерін
зерттеп, өндіріске тиімді технологиясын ұсыну өзекті мəселе болып табылады.
Əдебиетер
1. Біріккен Ұлттар Ұйымьнаң жердін кұмдануына қарсы күрес жөніндегі
конвенциясы. - Алматы, 1996. - 60 б.
2. Өрісбаев Қ. Ауыл шаруашыльиының басты мəселелері //Атамекен. -2003 -10
қаңтар. – Б. 2-3.
3. Төреханов А. Қазақстанның табиғи мал азығына арналған жерлері:
проблемалары мен шешімдері // Жаршы. – 2005. –№ 3. – Б. 52–54.
4. Төреханов А., Алимаев Н.Н., Оразбаев С. Лугопастбищное кормопроизводство.
Учебник, –Алматы: Ғылым, 2008. – 446 с.
5. Шамсутдинов З.Ш. Пути улучшения пустынных и полупустынных пастбищ
средней Азии. «Технология производства продукции каракулеводства». Сб.науч. трудов
ВАСХИИЛ, -М. 1974. –С.177-187.
6. Сеиткəрімов Ə., Кушербаева С., Сүрімбаева К. Оңтүстік Қазақстанның
қуаңшылық аймағында малазығындық өсімдіктерді жерсіндіру ерекшеліктері// Жаршы. -
№3.-2011.- Б. 19-28.
7. Сильковский Л.П. Полыни из подрода Seriphidium как кормовые растения и опыт
введения их в культуру в Средней Азии // Труды Института животноводства и
ветеринарии. –Душанбе, 1959. – Т.З. –170 с.
8. Сальманов Н. Эрман – шуваз – ценное кормовое растение // Луга и пастбища. –
1971. –№ 4. –С. 37– 38.
9. Шамсутдинов З.Ш., Ибрагимов Н.О. Долголетние пастбищные агрофитоценозы
в аридной зоне Узбекистана. – Ташкент: ИЗД–во «Фан» Узбекской ССР, 1983. – 176 с.
10. Егеубаева Р.А., Гармс Э.Н., Алимаев Н.Н. К культуре Artemisia terrae – albae
Krasch в пустыне Южного Прибалхашья // Проблемы освоения пустынь. –1984. – № 1. –
С. 69– 70
11. Нурбаев О.Н. Интродукция дикорастующих видов полыни // Селекция и
интродукция кормовых растений / Сборник научных трудов – Алматы: КазАСХИ, –1993.
– № 1.– С. 113–119
134
12. Иванов А.Н., Сосков Ю.Д., Бухтеева А.В. Ресурсы многолетних кормовых
растений Казахстана. – Алма–ата: Кайнар, 1986. – 220 с.
13. Тогузбаева Г.А. О культуривание некоторых видов полыни // Вестник
сельскохозяйственной науки Казахстана. – 1993.– № 11–12. –С. 39–43
14. Садуақасов С.С., Ахметов К.А. Ақжелкен – боз жусанның алғашқы сорты //
Жаршы. – 2005. – № 1. – Б. 52–53.
15. Сеиткаримов А. Қазақстанның оңтүстік шөл аймағында мал азықтық
өсімдіктерді жерсіндірудің ғылыми негіздері жəне практикалық нəтижелері // Ауыл
шаруашылығы ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған
диссертациялық автореферат. – Қазақстан Республикасы, Алматы, 2006. – 45 б.
Достарыңызбен бөлісу: |