Министерство сельского хозяйства республики казахстан


Қорытынды   Осы    мақалада  келтірілген



Pdf көрінісі
бет19/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42

Қорытынды  
Осы    мақалада  келтірілген  Республиканың  əртүрлi  аймақтарындағы  климаттық 
ерекшелiктерiн  ескере    отырып,  су  қорының 90% көктемдегi  мерзiмде  өтеді.  Сонымен 
қатар,  жер  беті  сулары  аумақ  бойынша  біркелкі  орналаспаған,  жылдар  бойында  жəне 
жылдың ішінде өзгеріп отырады. 
Өзеннiң  су  қорларын  экономика  салалардың  мұқтаждықтары  үшiн  толық  қолдану 
мүмкiн  емес, Сырдария  өзені  бойынша  экологиялық,  балық  шаруашылығы  жəне 
санитарлық  талаптарды  қанағаттандыру  үшiн  жылына  берілетін  судың  жиынтық  көлемi, 
29, 0 км
3
 құрайды. Өзендердiң су қоймасы жəне алаптарындағы булану жəне фильтрлеуге 
кететін шығындары 13, 5 км
3
 болатыны анықталды. 
 
Əдебиеттер  
 
1. Bozhinski, A.N., Nazarov A.N., Chernous P.A. A probabilistic model of snow avalanche 
origin and motion //Материалы гляциологических исследований. 2002. Вып.  
2.  Осипов В.И.Оценка  природного  риска// Геоэкология,  инженерная  геология, 
гидрогеология, геокриология. 2004. № 6. С. 483 490. 
3. Каталог селеопасных рек Казахстана, Средней Азии и Восточной Сибири. Алма-
Ата. 1967. Т. 3.327 с. 
4. Гостюшин А. В. Энциклопедия экстремальных ситуаций. 3-е изд.М.1996. 
5. Гостюшин А.В. Человек в экстремальных ситуациях. М.: "Открытый мир", 1995. 

151 
6. Действия работников организаций и членов их семей в чрезвычайных ситуациях.
М": №Ю России, 1999. 
7. Райхард  Г.М.  Стихийные  бедствия.  М. "Слово", 1998. 9. Репин  Ю.В.,  Шабунин
Р.А", Середа В.А, Основы безопасности человека в экстремальных ситуациях. Пособие по 
курсу "Основы безопасности жизнедеятельности". Алматы: "ДЕМЕУ", 1994. 
Сейлхан А.С., Оразова А.Е.,  Куандыкова Э.М. 
ПРОГНОЗИРОВАНИЕ ПАВОДКОВЫХ ВОД ЮЖНОГО РЕГИОНА  
В РЕКЕ СЫРДАРЬИ КАЗАХСТАНА  
       В  водохранилищах  находяшейся  на  верхней  реке  Сырдарьи  зимой  и  весной  объем 
воды  повышается,  в  июле  и  августе  уровень  воды  в  реке  снижается  и  это  отражается 
нехваткой  воды  в  каналах.  Выявилась  причины  разлива  реки  Сырдарье,  наблюдалось 
работа водохранилищ, водоемов  и структура контролируюших инструментов 

Seilkhan A. Orazova A. Kyandikova E. 
PROGNOSTICATION OF FLOOD WATER OF  SOUTH REGIONS ON SYRDARYA RIVER  
IN KAZAKHSTAN 
In the reserveoirlocated on the top of the Syrdarya river in the winter and spring of the 
water volume increases, in July and August, the water level in the riveris reduced and this is 
reflected in the lack of water in the canals.  Identify the causes of the spill in the Syrdarya river, 
observed the work of reservoirs, ponds and structure of regulatory instruments.  
ƏОЖ 635.9 
Сейтбаев Қ.Ж., Абдибеков Б.Т. 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 
ЖЫЛЫЖАЙДА ЦИТРУС ДАҚЫЛЫН ӨСІРУ 
Аңдатпа  
Цитрус  дақылдары  ежелгі  заманнан  бері  белгілі  өсімдіктер.  Пайда  болу  жағынан 
цитрус  өсімдіктері  субтропикалық  дақылдарға  жатады,  олар      қоңыржай  белдеу 
өсімдіктері болып, жапырақтары күзде түсетін дақылдарға қарағанда жылуды талап етеді 
жəне аязға төзімсіз [1,2]. 
Кілт  сөздер:  Цитрус дақылы,  субтропика,  лимон,  субстрат,  жылыжай,  траншеяда 
лимон өсіру,ұластыру арқылы көбейту,қаламшалау. 
Кіріспе  
Жер бетінде цитрус дақылдары 1,5 млн.га астам жерде өседі. Лимон жемістері адам 
ағзасына  өте  пайдалы  саналады.  Оның  шипалы  қасиеттері  құрамында  биологиялық 
белсенді  заттардың  жоғары  мөлшері,  аскорбин  қышқылы - С  витамині  көп  болуында. 
Субтропикалық  жеміс  өсімдік  ретінде  лимон  қазіргі  уақытта  өндіру  көлемі  бойынша 
əлемде бірінші орынды алады. 

152 
 
Лимон – цитрустар тұқымдасына жататын көпжылдық мəңгі жасыл өсімдік. Отаны 
–Үндістан,ҚытайжəнеТынық мұхитыныңтропикалық аралдары. Қазіргі кезде тропикалық 
аймақтарда  ғана  емес,  сонымен  қатар  мəдени  түрлері  субтропикалықКавказ,Орта 
Азия,Калифорния,Флорида,  Жерорта  теңізі  аймақтарында  да  өсіріледі [2-3]. Лимон 
ағашының биіктігі 5-8 метр. Бұтақтарының инелері болады. Жапырағы жұмыртқа пішінді, 
ұшы  сүйірленген.  Жапырағындағы  эфир  майы  əсерінен  өсімдік  жағымды  иіс  бөліп 
тұрады.  Гүлі  ақ  түсті,  хош  иісті.  Лимон  ағашының  жемісі  жұмыртқа  пішінді,  кейбір 
сұрыптарында домалақ түрлері кездеседі. Жемісінің ұзындығы 7-12 см, диаметрі 8-10см, 
салмағы 120 г.  шамасында.  Лимон  жемісінің  қабығының  қалыңдығы 2-5 мм,  сары  түсті. 
Лимонның  шырыны  ақшыл-сарғыш  түсті,  дəмі  ащы.  Қазақстанда  климаттық 
жағдайымызға  байланысты  бақшаға  өсіре  алмағанымызбен,  жылыжайда  өсіруге  болады. 
Дұрыс күтіп баптаса, үй жағдайында да гүлдеп, жеміс береді. Үйде өсірілетін лимонның 
қабықтары жұқа, дəні майда, хош иісі көбірек болады. Дəнінен өсірген лимон 7-8 жылдан, 
кейде 15-20 жылдан  кейін  ғана  жеміс  береді.  Бұл  үдерісті  тездету  үшін,  бір  жылдық 
көшетті жеміс беретін ағаштың бұтағымен телу керек. Мұндай өсімдік 2-3 жылда гүлдей 
бастайды. Бір лимон жемісі толық жетілу үшін сабақ бойында кем дегенде 10-15 жапырақ 
болуы  керек.Жарықты  жақсы  көреді,  тек  жаздың  аптап  ыстық  күндерінде  терезеден 
түскен  күн  сəулесінен  қалқалау  қажет.  Қыста 12ºС  салқын  жерге  қою  керек,  егер  осы 
температуралық  жағдай  туғызылмаса,  өсімдік  көктемде  гүлдемей  қояды.  Оның  себебі, 
салқын жерде өсімдік өсуін тоқтатып, «ұйқыға» кетеді де, көктемге дейін демалады. Дəл 
осы  демалу  кезеңінде гүл  түйнегін  қалай  бастайды.  Демалу  кезеңінде  тыңайтқыштармен 
қоректендіруге  болмайды,  ал  басқа  уақыттарда 10-15 күнде  толық  минералды  немесе 
арнайы  лимонға  арналған  тыңайтқыштармен  қоректендіріп  тұрған  дұрыс.  Су  бүркіп 
ылғалдандырып,  əрі  шаң-тозаңнан  тазартып  тұрған  абзал.  Лимон  гүлдей  бастағаннан 
орнынан қозғап мазалауға болмайды, гүлін, түйінін тастап жібереді. 
Бөлме  лимонының  өмір  сүру  уақыты  жағымды  жағдайда  əжептəуір  ұзақ  болады. 
Мысалы, 35-45 жылға дейін өсіп тұруы мүмкін. 
Оңтүстіктің  өсімдігі  болған  соң,  жақсы  күтім  жасап,  барлық  жағдайын  жасаса, 
лимон  ағаштары  міндетті  түрде  жеміс  салады.  Жылылық  пен  жарықты  аса  қажет  етеді. 
Жапырақтарының  өсіп,  лимон  салуына  ең  қолайлы  температура  шамамен 17°С,  ал 
жемісінің пісіп жетілуіне 21-22°С. Қатты ыстық температура лимонға өте зиянды. Ауаның 
ылғалдылығы  төмен  болып  тұрып,  бірден  температураның  көтерілуі  көктемгі  уақыт  пен 
жаздың бас кезінде болады. Мұндай кезде түйін салған гүлдер түсіп қалады. Ал күз бен 
қыстағы температураның кенеттен түсіп кетуі жапырақтарыныңтүсуіне əкеліп соғады. 
Топырағының температурасы да ауаның температурасына сəйкес болу керек, егер 
топырақ температурасы кенеттен ауаның температурасына қарағанда түсіп кететін болса, 
өсімдікке  зияны  тиеді.  Мұндай  жағдай  жаз  бен  күз  ұзақ  уақыт  далада  тұрып,  күн 
суытқанда  жылы  бөлмеге  ауыстырғанда  байқалады.  Бұны  жапырағы  түскенінен  көруге 
болады. 
Лимон  жылыжайда  ішіндегі  ауа  температурасының  ауытқып  тұрғанын  көтере 
алмайды.  Əсіресе  түйін  салып,  гүл  жарған  кезде  өте  ыстық  болса,  бəрі  түсіп  қалады. 
Лимон  күннің  көп  түсуін  аса  қажет  етпейді.  Ұзақ  күн  түсетін  кездерде  оның  өсуі 
жеделдейді  де,  жеміс  салуы  тоқтайды.  Терезенің  оңтүстік  пен  шығыс  жақ  бетіне 
орналастырған  жағымды.  Жазда  оңтүстік  жақтан  көп  жарық  алады,  сондықтан  қатты 
күннің шуағы түспес үшін терезеге дəкеден көлеңке жасау керек (əсіресе талтүсте).  
Лимон  жарықтың  өзгерісіне  жəне  бір  орыннан  екінші  орынға  ауыстырғанды 
жақтырмайды. Дегенмен ағаш бір ғана жанына қарап өсетін болса, əрбір ай толған сайын 
ыдысын  аздап  бұрып  отыру  керек.  Бұдан  бойы  мен  жапырақтарының  өсуі  сəл 
кешеуілдегенімен,  өсімдік  дұрыс  пішінге  ие  болады.  Лимон  ағашы  жарықтың  өзгеруіне 

153 
сезімтал  келеді.  Ондай  кезде  өсімталдығы  азайып,  жаңа  шыққан  жапырақтары  үлкейіп 
кетеді. 
Қыз  кезінде  лимонға  күндізгі  жарық  артық  етпейді. 5-6сағат  күндізгі  жарықты 
беретін 
электр 
шамдарын 
өсімдіктің 
үстіне 60-80 см 
биіктікте 
орналастырады.Мүмкіндігінше ең жарық жерге қойған дұрыс. 
Лимон ағашын бір топырақта бірнеше жыл өсіреді. Сондықтан оған тыңайтқыштар 
мен субстраттарды дұрыс таңдау керек. 
Жоғары  өнімді  қамтамасыз  ету  мен  жетілген  технологияларды  кеңінен    енгізу 
негізінде цитрус дақылдарынан өнеркəсіптік өңдеу бойынша жеміс консервілерін, цукат, 
ликер-арақ  өнімдерін,  шырындар  мен  балшырындарды  қайта  істеуде  кеңінен 
қолданылады.  Жабық  қорғалған  топырақта  жеміс  дақылдарын  өсіру  агротехникалық  іс-
шаралармен  айқындалады,  олардан    алынған  өнімнің  өнімділігімен  сапасы  өндіру 
технологиясына байланысты болады. 
Өсімдіктерді ашық топырақта жəне жылыжайда өсірудің айырмашылығы негізінде 
жылыжайдың  микроклиматын  реттеуге  мүмкіншілктің  болуымен  белгіленеді.  Өсімдіктің 
əрбір түріне, оның өсуі мен дамуына ең қолайлы оңтайлы температура сəйкес келеді. Оған 
жарық, жылу, желдету жүйесінің жұмысын, көлеңкелеуді, жылуды жоғалтумен күресудің  
жəне т.б. іс-шаралар арқылы қол жеткізуге болады.  
 Өсімдіктердің  кез  келген  тобының  өсіп  дамуы  үшін - оңтайлы  температураны 
қамтамасыз ету. Орташа температуралық режим – 15-25ºС. Қыста жылытуы бір қалыпты 
жылыжайда  ең  төмен  температура 4-5ºС  -тан  төмен  болмауы  керек,  жылытуы  орташа 
болған жылыжайда – 10ºС төмен, ал жылы жылыжайларда – 16ºС төмен болмауы керек. 
Жылыжайда  лимонды өсіру  үшін оның  микроклиматын  барынша    субтропикалық 
жағдайларға  жақындату  қажет.  Негізгі  талаптардың  бірі-жыл  бойы  өсімдікке  қажетті 
температуралық режимді сақтау болып табылады[4]. 
Температуралық  жағдай  əр  түрлі  құрылғылармен  бақыланады  жəне  жылыту 
жүйесімен реттеледі. 
Жылыжайды  жылыту  үшін  қыркүйектен  мамырға  дейін  техникалық  отынымен 
жылытылатын  жерде,  ауа  мен  топырақтың  температурасын    оңтайлы  деңгейге  дейін 
реттеуге мүмкіндік береді.  
Температуралық режимге қоса, оңтайлы ылғалдылықты сақтаудыңмаңызы жоғары 
болып  табылады.  Жоғары  ылғалдылықты  жасау  үшінжылыжайда  жаңбырлатқыш 
қондырғылар пайдаланып, ауаның  ылғалдылығы 80% құрауы керек. 
Блокты  жылыжайларда  лимон  өсімдігін  өсіру  үшін  жыл  бойы  жоғары 
температурамен жартылай көлеңкелеу жəне ауаның жоғары ылғалдылығы қажет болады. 
Сол  себептен  жылыжайда  үнемі  жылыту  жүйесі  қосылып  тұрады,  ал  жаздың  ыстық 
күндерінде  шатырды  көлеңкелейді  жəне  жиі  ылғалдайды.  Жылыжайда,  сонымен  қатар, 
желдеткіш  арқылы  үнемі  ауа  жаңартылады  немесе  жылытудың  құбыр  жүйесі  арқылы 
ылғалдау жүзеге асырылады.  
Күзгі-қысқы  уақытта  жылыны  сақтау  үшін  қосымша  бүйір  əйнек    жабындарға 
қалыңдығы 150-200 мк полэтиленді үлдір тартылады. Оны көктемде алып тастайды. 
Лимон дақылын траншеяларда өсіру 
Цитрус  өсімдіктерін  өсіруге  арналған  траншеялар  салқын  булыжайлар  болып 
олардың  кəсəктері  шыныланған  күңгүрт  баспана  болып  табылады.  Булыжайда  жылу 
тəртібі  топырақтың  жылу  бергіштігі  арқылы  сақталынады.   Жылуды  беретін  шек 
траншеяның қабырғалары мен ұлтаны болып табылады.  Аяз қауіпті болатын аумақтарда 
траншейяның  тереңдігін 1,5 м  кеңдігін 8 м,  ал  ұзындығын 25 м  етіп  жасауға  болады. 
Құрылысты  салып  болғаннан  соң    топырақты  дақылдандырады,  оған  шіріген  көң,  жəне 
қажет болса, құм араластырады.    

154 
 
Цитрус  өсімдігін  траншеяға  егуді  келесі  түрде  өткізеді:  өсімдіктерді 4 қатарға 
отырғызады, қатарлар арасы 2 м-ден қалдырады. Соңғы қатарларды   қабырғадан бір метр 
арақашықтықта  отырғызады.  Көшетті  көң  төгілген  шұңқырларға  отырғызады.  Егіп 
болғаннан  соң  көшетті  жеткілікті  суарады  жəне 2- 3 аптаға  көлеңкелейді.  Топырақты 
ұнемы қопсытып, қажет болған жағдайда суарады. 
Цитрус өсімдіктерін траншеяда өсіруде күрделі қаржы жұмсалымды талап етпейді. 
Лимон өсімдігін жылыжайда құмырыларда өсіру  
Жабық қорғалған топырақ жағдайларында цитрус дақылдарын барлық аймақтарда, 
климаттық  жағдайларға  байланыссыз  өсіруге  мүмкіндіктер  бар.  Оранжерия  (жылы  жер, 
ыссы  жақтың  өсімдіктерін  өсіретін  жылы  үй)  мен    бөлмелерде  температураны,  ауа  мен 
топырақтың ылғалдылығын, сонымен қатар жарықтылықты оңай реттеуге болады. Цитрус 
өсімдіктерін құмыралық   өсіру тəсілі бұрыннан белгілі. Цитрус өсімдіктерін өсірудің осы 
тəсілі  тек  қана  сəндік  мағынада  тұрғын  бөлмелерді  жасылдандыру  (көгаландыру)  үшін 
ғана қолданылған.  
Бөлме  жағдайларда  цитрус  дақылдары  жыл  бойы  хош  иісті  гүлдермен  гүлденетін 
əдемі мəңгі жасыл сəндік өсімдік болып табылады. 
Дұрыс  күтім  жасаған  кезде  лимон  өсімдігін  құмырыларда  сəндік    өсімдік  ретінде 
емес, сонымен қатар олар жоғары сапалы жеміс беретін дақыл ретінде де өсіруге болады. 
Лимонның қыстауы үшін ауаның біркелкі  ылғалдығында қажетті температура +15 -18ºС. 
Жас  өсімдіктерді  бір-екі  жылдан  кейін  басқа  орынға  отырғызуға  болады,  бес  жылдық 
жəне  одан  да    көп  жасты  лимон  ағаштарын 3-4 жылдан  кейін  орнын  ауыстырып 
отырғызуға болады. 
Ал бүрлену үшін оңтайлы температура +14-17º С, жемістердің өсуі мен  жемістенуі 
үшін +19-25º С қажет болады. 
Лимондарды  сəуір  мен  тамызға  дейін  екі  аптада  бір  рет,  ал  қыста    айына  бір  рет 
органикалық жəне минералды тыңайтқыштарымен  азықтандыру керек.  
Жылыжайларда лимон ағаштарын 2,5-3 м арақашықтықта қатарлап егеді. 
Лимон ағашын көбейту 
Қаламша  арқылы  өсіргенде  лимонның  бір  жылдық  сабақтарын  кесіп  алып, 
тамырландырады. Алынған сабақтың 12-15 см, кемінде 3-4 жапырағы болуы керек. Шым 
топырақ,  шым  тезек,  құм  қосылған  қоспаны  қаламше  отырғызылатын  ыдысқа  салып 
бетіне 3 см  таза  құм  төсейді.  Сол  құмға  қаламшені  отырғызып  бетін  полиэтиленмен 
немесе  шынымен  жабады.  Құм  қабатында  тамырланған  қаламше  өсе  келе  астыңғы 
қабаттағы топырақтан нəр алып, өсе бастайды
Лимондарды көбейтудің ең оңтайлы тəсілі - ұрықтар арқылы егу.  Көптеген жеміс 
дақылдарына қарағанда лимон ұрық арқылы көбейткен кезде  жақсы сапалы мəдени типті 
екпе  көшетті  береді.  Ұрықтардан  сау,  төзімді,   жергілікті  жағдайларға  бейімделген 
ағаштар  өседі.  Мұқият  күтім  болған  кезде  екпе  көшеттерден,  олардың  алғашқы 
формаларынан да жақсы өсімдік алуға болады.  
Ұрық  арқылы  көбейтудің  жолы  ұзақ.  Ұрық  арқылы  көбейген    өсімдіктер 5-6 
жылдан кейін жемістене бастайды.Лимон өсімдігінің жемістену кезеңі екпе көшетттердің 
сұрыпына,  оларға  жасалған  күтімге    жəне  көптеген  басқа  себептерге  байланысты. 
Лимонның екпе көшеттерінің  дамуы жəне олардың жемістенуі өте ақырын жүреді. 
Ұрықтарды мол жемістенетін ағаштардан жақсы дамыған жемістен ғана алу керек. 
Ұрықтарды  жемістен  ала  салысымен  егу  керек,  əйтпесе  олар  көктеу  қасиетінен  тез 
айрылады. Топыраққа егуді қатарлармен жасайды  жəне жүйекке, тереңдігі 2-3 см дейін, 
қатарда ұрықтардың арақашықтығы  10-15 см, ал  қатарлар арасында - 20-25 см қалдырып 
егеді. 
Екпе  көшеттерді  көшеттеу  жəшіктерінде  өсіріп,  содан  кейін    құмыраларға 
отырғызуға болады. Ұрықтар өну үшін ең қолайлы температура  шамамен +25º С. Суару 

155 
үшін  су  температурасы +25-27ºС.  Осындай  жағдайларда  ұрықтар 2-3 аптадан  кейін  өне 
бастайды.  
Лимонның  көктеулері  өте  нəзік.  Оларды  тік  күннің  сəулесінен  көлеңкелеу  қажет 
жəне  суық  сумен  суаруға  болмайды.  Топырақты  үнемі  қопсытып,  ылғалды  күйде  сақтау 
қажет. Жазда екпе көшеттерді 2-3 рет  селитраның бір пайыздық ерітіндісімен жəне айына 
бір рет садырамен  суарады. 
Ұластыру арқылы көбейту
Цитрус  дақылдарын  ұластыру  арқылы  көбейтуінің  ең  таралған  тəсілдері - 
копулировка (шыбықпен, саппен ұластыру) жəне бүршіктеу, көзсабақтау болып табылады. 
Ұластырудың  алдында  екінші  жазғі  өсімнің  қаламшаларын  (саптарын)  
тармақтанудың 5-7 тəртібіндегі  бұтақтардан  дайындайды.  Қаламшаларды  астыңғы 
бұтақтан  жəне  өгей  бұтақтардан  алуға  болмайды.  Қаламшалардан  жапырақ  тілімшілерін 
алып тастайды жəне тек қана жапырақтардың қысқа шыбықтарын (саптарын) қалдырады, 
қаламшаларды ылғалды мүкте немесе құмда сақтайды. 
Ұластыруға арналған екпе көшеттерді (екпе) алдына ала дайындайды.  Екпе ретінде 
бөлме  жағдайларда  өсірілген  жасы 1-2, ең  болмағанда, 3 жылдық,  тамырлардың  түбі 
жағында  діңінің  қалыңдығы  шамамен 5-7 мм  қолданады,  бүйір  бұтақтарын  жұлып 
тастайды, ал ұштарын шырпыйды.  
Ұластыраудың  алдында  екпелердің  діңдерін  суланған  шүберекпен    сүртіп  алады. 
Содан  кейін  басында  жерден 3-5 см  биіктігінде  өткір    көзсабақтау  пышақпен  қабықты 
көлденең тіледі, ал одан астыға  ұзындығы 2-3 м бойлық тілік жасайды, бұл жерде ағашқа 
зақым келтірмей, тек қана  қабығын тіледі. Ұластыру үшін қаламшадағы көздің ортаншы 
жағынан  алады,  ол  жерде  көздер  жақсы  қалыптасқан.  Кесіп  алған  көзшені  екпедегі  
қабықтың  Т-тəрізді  тілігіне  салады.  Жеміс  беретін  ағаштан  өркенін  кіргізіп  байлап 
тастайды. Ұластыру орнын жөке немесе рафиймен байлап қояды.  Таңу материалы ретінде 
оқшаулағыш таспаны қолдануға болады.  
Ұластыруды тез, мұқият, таза жəне өткір пышақпен жасайды. Бүршік  өскен кезде 
(2-3  аптадан  кейін),  таңғышты  босаңсытады,  ал  тағы 2-3 аптадан  соң  екпені  ұластырған 
жерден 2-3 мм  жоғары  кесіп  алады,  жараны  боямен  немесе  бақша  қарамайымен  сылап 
тастайды. 
Қаламшалау арқылы көбейту 
Қаламшалау-  лимонды  көбейтудің  қарапайым  жəне  қол  жетімді  тəсілі  болып 
табылады.  Қаламшалардан  (саптардан)  өсірілген  лимондар  үшінші  жылы  жемістене 
бастайды.  Лимон  қаламшалары  тамырларын  тез  жаяды.  Бөлме  жағдайларында  жəшік 
жəне  құмыраларға  отырғызылған  қаламшалар    жазда  маусым-шілде  аралығында  жақсы 
тамырланады. 
Қаламша ретінде екпе көшеттерден өсірілген ең жақсы жеміс беретін қалыңдығы 4-
5  мм  жетілген  жас  бұтақтар  алынады.  Қаламшаның  ұзындығы 8-12 см  болып  жəне 
əрқайсысында 3-5 бүршік  болуы  қажет.  Қаламшаның  үстіңгі  тілігін  бүршіктен 2-3 мм 
жоғары,  ал  астыңғысын  бүршікке  қарама  қарсы  немесе  одан 2-3 мм  төмен  кеседі. 
Отырғызуға  дайындаған    қаламшалардың  астыңғы  жапырақтарын  кесіп  тастайды,  ал 
үстіңгілерін  олардың ұзындығынан буын аймағын төмендету үшін 2/3 қысқартады. 
Көптеген  əуесқойлар  жапырақтарын  кеспей  жəне  қысқартпай    қаламшаларды 
отырғызады, бұл жағдайда қаламшада қоректі заттектердің қоры сақталады. 
Ылғалдың  артық  булануын  алдына  алу  үшін  қаламшаларды  əйнек    ыдыстармен 
жауып қояды. Осындай жағдайда қаламшалардан қуатты  тамырлар жүйесі пайда болып 
жəне жақсы дамиды. 

156 
 
Көшетханалар мен жылыжайларда қаламшаларды 15-20 см қабатпен  төселген таза 
өзен құмына отырғызады, жəшіктер мен құмыраларға  топырақпен құм қоспасын қосады. 
Қаламшаларды диаметрі 10-12 см болған құмыраға бірнеше данадан отырғызады.  
Отырғызылған  қаламшалар  температураның  кенет  ауытқуларына  жəне  тік  күн 
сəулелерінің  əсеріне  өте  сезгіш  болады.  Сол  себептен      сақтандырушылық  үшін 
жылыжайлардың  əйнектерін ішінен əк немесе бор ерітіндісімен ағартады, ал қаламшалар 
тұрған  құмыраларды  көлеңкелейді.  Сонымен  қатар,  қаламшаларды  суық  сумен 
суармайды.  
Қаламшалар  тамырлануы  үшін  оңтайлы  температура +20-25 º С,  суару  мен 
бүріктендіру үшін судын температурасы +22-27º С болуы керек.  
Қолайлы жағдайларда тамырлар 3-4 аптадан кейін жайылып өсе бастайды, осыдан 
кейін температураны төмендетеді. 
Лимон ағашына күтім жасау 
Лимонның  қыстауы  үшін  ауаның  біркелкі  ылғалдығында  оңтайлы  температура 
+15-18 º С болып табылады. Осындай жағдайларда өсімдіктер жақсы өседі, жапырақтары 
сақталынады, жемістері піседі. Лимондар   ылғалды температурада тым құрғақ ауаны өте 
нашар көтереді, əсіресе  топырақта өсірілген көшеттер.  
Оңтүстікте  бөлме  лимондарын  терезелері  оңтүстікке,  оңтүстік-батысқа  жəне 
оңтүстік-шығысқа  қараған  жақта  өсіреді.  Көктем – лимонға  қараудың      өте  жауапты 
кезеңі. Бұл уақытта лимондарға басқа да өсімдіктер сияқты, өсу жолына түседі, бүрлену 
кезеңіне кіреді. Бітеугүлдер жақсы дамиды жəне  пайдалы жатындарды температура +14-
17º С болғанда береді.  
Вегетация  кезеңіне  кірген  лимон  ағашын  ең  жарық  жерге  қою  керек,  əйтпесе 
бұтақтары ұзарып кетеді. 
Жазда ағаштарды күту дегеніміз тыңайтқыштарды, суаруды дұрыс еңгізу, өсімдікті 
дұрыс  қию  болып  табылады,  осының  барлығы  лимон  ағашының  бөрік  басының 
қалыптасыуна жəне өнім беруге қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді. 
Өсу мен жемістердің пісуі үшін оңтайлы температура +19-25º С. Одан артығырақ 
температура өсімдіктерге жағымсыз əсерін  тигізеді.  
Лимондарды жылыжайларда өсірудің ерекшеліктері 
Лимонның  жоғары  жəне  тұрақты  өнімін  алу  агротехникалық  іс-шаралар  жəне 
жылыжайдағы ауаның температуралық-ылғалдылық режиміне байланысты. 
Жылыжайларда жабынды топырақтың үстінен жылыту, минералды тыңайтқыштар 
ерітінділерін  беру,  терезе  желдеткішті  (желкөз)  ашу  мен  жабу    жоспарлы  тұрде 
жұргізіледі. 
Мамыр  мен  тамыз  айларында  қалыпты  температура  жəне    ылғалдылықты  сақтау 
үшін,  жылыжайды  желдету  арқылы  ауасы  желдетіледі,  азаңғы  жəне  кешкі  сағаттарда 
жапырақтардың шаңын сүрту жұмыстары жұргізіледі. 
 
Əдебиеттер 
 
1.
 
ВитковскийВ.Л.  и  др. (ред.)  Культурная  флора.  Цитрусовые  культуры  (лимон, 
апельсин,  мандарин,  грейпфрут,  помпельмус,  дикорастущие  сородичи).  ВНИИР,          
1998. - 415 с.  
2.
 
Жуковский П. М., Культурные растения иих сородичи, 3 изд., л., 1971. 
3.
 
Капцинель М. А. Выращивание цитрусовых культур в Ростовской области.Ростов-
на-дону -1953, с 80  
4.
 
КустовойВ.А.  Все  о  лимонах.  Особенности  выращивания  цитрусовых  культур 
2006. 
 

157 
ƏОЖ 631.3 
Сейтбаев Қ.Ж., Абдибеков Б.Т 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті 
ҚОЗЫҚҰЙРЫҚТЫ ӨСІРУДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
Аңдатпа  
Қозықұйрық – дəмдік  жəне  азықтық  сапасы  жоғары,  бағалы  азықтық  өнім.  Жас 
қозықұйрықтарды  жаңа  піскен  (қайнатады,  қуырады)  жəне  консервіленген  (тұздайды, 
кептіреді, маринаттайды) күйі азыққа қолданады. Олардың шикі түріндегі құрамында 86% 
су, 6,4% ақуыз (белок), 3% көмірсутегі, 0,5% май, 2% жасұнық (клетчатка) жəне 1,5% күл 
бар;  қозықұйрықтың 1 кг-да 86 мг%С,  Ві-6-55  дəрумендері  жəне  А-11  мг%  дəрумендер 
негізі  бар.  Уызында  адамға  қажетті  таптырмайтын  аминоқышқылдардың  барлық 
жиынтығы кездеседі. Саңырауқұлақтарда калий, кальций, темір, фосфор көп [1,3].  
Кілт 
сөздер: 
сапрофит,субстрат,мицелий,термофильды 
микрофлора, 
культивациялық бөлмелер, ферменттеу. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет