ƏОЖ 378.033
Бакирова К.Ш., Сейлхан А.С.
Қазақ ұлттық аграрлық универсиеті
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПƏНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Андатпа
Аталған мақалада халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аса
маңызды экологиялық пəндерді оқыту əдістемесі қарастырылған. Атап айтқанда: «Су
жүйелерінің экологиясы», «Адам экологиясы», «Экологияның құқықтық негіздері» атты
пəндерді оқыту формалары мен əдістемелік ерекшеліктері қарастырылған.
Кілт сөздер: Экологиялық білім, экологиялық қауіпсіздік, əдістемелік кешен,
экологиялық кешен, экологиялық кешен.
Кіріспе
Аталған мақалада халықтың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде кейбір
экологиялық пəндердің əдістемелік кешендері қарастырылады. Өскелең ұрпақтың
бойындағы экологиялық мəдениетті қалыптастыруда мұғалімнің рөлі басым. Дəл,
мұғалімнің міндетіне оқушылар бойындағы экологиялық білім мен дағдыны
қалыптастыру, соның ішінде қазіргі замандағы алпауыт қатерлердің біріне жататын
экологиялық апаттардың алдын алу мен экологиялық маңызы бар ғылыми жуйелерді əрі
құндылықтарды сіңіре білу керек.
Табиғатты қорғау қызметін меңгерген тұлға, экологиялық білім мен дағдыларды
толық игеріп арнайы оқытудың нəтижесінде алынатын білімге ие болады. Бұндай ірі
экологиялық білім жүйесін меңгеруімен беру барысында мұғалімнің рөлі айрықша. Дəл,
экологиялық біліммен қамданған мұғалім, бастауыш сыныптан-ақ өзінің Жаратылыстану-
ғылыми мамандыруларды (химия, биология, география) пəндерінен барынша хабардар
болуы керек, сол жағдайда ғана ол оқушы табиғатты қорғау дағдыларына қажетті ақпарат
бере алады. Алайда, бүгінде педагогикалық практиканың нəтижесі көрсетіп, отырғандай
мұғалімдердің көпшілігі табиғатты қорғау дағыларын əрі ластанудан қорғану жолдарын
жан-жақты меңгермеген. Қазірде экологиялық білімді жүзеге асыруда теоретика-
əдістемелік кешеннің жеткіліксіздігімен экологиялық мəдениеттің цикл аралық жəне пəн
аралық негізде ғана жүргізілуі бүгіндегі экологиялық мəдениеттің əлсізденуіне əкелуде.
Барлығымыздың ортақ мақсатқа жетуіміздің негізгі қайнар көзі жоғары мектеп
педагогтарының үлесінде, себебі: болашақта орта мектеп мұғалімдерін дайындау міндетті
дəл сол тұлғалардың тікелей мақсатына жатады. Аталған контекстте зерттеудің негізгі
мақсатына адам өміріндегі экологиялық қауіпсіздікпен байланысты мектеп пен ЖОО-ның
оқытушылары жəне жалпыға білім беретін мектеп мұғалімдерінің қызметіне экологияық
мəдениетті кеңінен зерттеу.
Зерттеу материалдары мен əдістері
Бүгінгі таңдағы «Пайдалы қазбаларды барынша үнемдеу» стратегиялық ғылыми
жəне саяси тұрғыда сауатсыз, əрі əлеуметтік жəне экономикалық тұрғыда қауіпті, ал
өскелең ұрпақ алдында рухани жəне құқықтық жауапкершілікті сезіну бір мəселесі өзекті
болып қала бермек.
Бұған қоса, қажетті ғылыми жүйені қамтамасыз етпеген жағдайда, саясаткерлермен
дипломанттар экологиялық қауіпсіздік мəселесінің қаншалықты өткір, əрі көкейісті
мəселелердің қатарында жатқандығын аңғармайтында болар, алайда дəрігерің ауруды
27
емдеу мүмкін болмаса, дəл солай мұғалімсіз оқушыны тұрақты экологиялық
дүниетанымымен тəрбиелеп, əрі мықты тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауісіздігін қамтамасыз етуіміз үшін ең
алдымен елдің тұрақты даму үрдісінде сауатты əрі сапалы ұрпақ тəрбиелегенде ғана
еліміздің іргелі дамуына ықпал етеміз. Сол жағдай ғана қазірде экологиялық апаттардан
зардап шеккендерге төленетін салықтың мөлшерін керісінше табиғатты қорғау жəне
залалардан жоюға бағыттар еді.
Су ресурстарының сапасы Қазақстанның тұрақты дамуында іргелі орын алатыны
мəлім. Елімізде əсіресе, тұщы су ірі проблемалардың қатарына жатады. Бұндай
проблеманың туындау бірнеше себебі табиғи факторлардың (көктем мезгіліндегі өзен
тасуының нəтижесі); көршілес жатқан мемлекеттердің территориясында су сағысының
көп бөлігінің қалыптасуы; ең бастысы қуатты антропогенді күштердің əсері (адамдардың
қажеттілігіне ие жерлердің шектеусіз тұтынылуы). Бұл жердегі экологиялық қауіпсіздік
мəселесіне бірден шешуші міндеттерге адам денсаулығына əрі өміріне қауіпсіз сумен
қамту, əрі гидросфераны қорғау, əрі кепілдендіру. Сонымен қатар, «Су жүйелерінің
экологиясы» пəні бойынша орыс жəне қазақ тілдерінде оқыту-əдістемелік нұсқаулық пен
оқыту бағдарламасы өңделіп 1999ж Халықаралық Сорос-Қазақстан қорының грантын
ұтып алған болатын [1,2,3]. Аталған бағдарлама жаңа оқыту əдісі мен формасына қарай
ерекшеленеді. Мысалы, студенттердің семинар сабақтарында ескірген реферат қорғау
əдісінен қарағанда, студент өздігінен жеке шығармашылық жұмыс етінде өзінің туған
жерінің, қаласының ауданы немесе ауласының су жүйелеріндегі экологиялық проблемасы
жайында видеасюжет дайындауға мүмкіндік алады. Оған қосымша Люк Бэссонның, Жав
Ив Кустоттың, Джордано Клейннің, Роберш Скоттың (Power sport Inernational geograp
vidoe, Best Hollywood), «Теңіздер, мұхиттардың су асты əлемі», «Антарктина мен
Атланттардың, гидросферадағы өзекті проблемалары», «Адам табиғатқа қарсы» жəне т.б.
жоғары кəсіби тұрғыда түсірілген видеобаспалары өтетін сабақтарға үлкен септігін
тигізеді. Бүгінде студенттер «Жасыл қорғау», «Айсар», «XXI-ғасырдың экологтары»атты
қозғалыстардың, қоғамдық акциялар мен семиналарға белсенді қатысады. Бұндай əдістер
əсіресе, дəріктік жəне семинарлық сабақтардың аясын кеңінен ашып қоршаған орта
экологиясының көптеген проблемаларының танымдық жақтарын кеңейте түседі. Əрбір
бөлім бойынша студентке арналған жұмыс дəптерінде əртүрлі формадағы тапсырмалар
мен арнайы дайындалған бақылау жұмыстары берілген. Əр тақырып бойынша
студенттердің білімін пысықтау мақсатында компьютерлік бағдарламалар өңделген.
Аталған пəндер бойынша оқыту процессінде қажет тесттік формада жəне ресей ғалымы
п.ғ.д., профессор В.В Аванесованың əдісімен бақылау тапсырмалары өңделген. Оқыту
процессіндегі əдістердің əртүрлілігімен формасы студенттердің пəнге деген
қызығушылығын арттыра түседі. Бүгінде «Адам экологиясы» атты пəн бойынша
оқытудың модулдік бағдарламасы орыс жəне қазақ тілдерінде шығарылып өз кезегінде
халықаралық ақпараттық-əдістемелік орталықтың «Экология жəне табиғатты пайдалану»
тақырыбының аясында 2000 ж. Сорос–Қазақстанның Халықаралық қорының грантын
ұтып алған болатын. Аталған бағдарламаның жаңалығы, ол модулдерден құрылып, əрбір
модулдің мазмұнында дəрістің қысқаша ақпараты, бақылау сұрақтары, тесттік
тапасырмалар, қажетті əдебиеттердің тізімі, интернеттегі сайт адресі [4]. Оқытушы
барлық модулдар бойынша электронды базаға ие бола отырып, бұл пəнді сырттай жəне
қашықтықтан оқитын студенттердің пəнді өз бетінше меңгеруіне мүмкіндік береді.
«Экологияның құқықтың негіздері» пəні бойынша бағдарлама өңделген. Бұл пəнді оқыту
əдістемесіндегі тиімділікті əсіресе, кесте мен таблицаларда көрсетілген білім
ақпараттардан əрі халықтың экологиялық қауіпсіздіктің бұзылуындағы себеп-салдардың
нəтижесін байқауға болады. Бұндай білімді меңгерген студенттің ойында «экологиялық
моралды кодекстің» ережелері мен бірге күрделі материалдардың қысқаша əрі нақты
28
тезисі ұсынылады. Бұл əдістерді еңгізбес бұрын экологиялық құқықтану бағдарламаларын
түбегейлі зерттеп əрі жан-жақты саралап шықтық. Аталмыш пəннің барысында
экологиялық қауіпсіздік əлемнің бір тұтастылығымен таза қоршаған ортада өмір сүруге,
демалуға əрбір адамның құқылы екенін қарастырылған.
Қорытынды
Зерттеу барысында анықталған жəне енгізілген толықтырулар мен ескетулердің
нəтижесі келесідегі шешімдерде тізбелік ұсынды. Білімнің экологияландырылуы студент
бойындағы экологиялық білім мен дағдыны қалыптастыру, оған қоса тұлға
қалыптастыруында экологиялық сананың кең мағынадағы қолданысқа енуі жəне
табиғатты қорғау тəртібі, экологиялық қорғау əрі қауіпсіздікті ендірудегі əдістердің
ұтымды технологиясын пайдалану. Жоғарыда аталған экологиялық парадигма барлық оқу
орындарының пəндерінде қатысты, əрі тиіс. Қазіргі таңда, экология мəселесін, ғылыми-
əдістемелік, педагогикалық, психологиялық, əр əдістемелік тұрғыда өзектілендіру
қажеттілігі басты мəселелердің қатарына енгендей.
Əдебиеттер
1. Бакирова К.Ш. Учебная программа курса «Экология водных систем» // Сборник
экспериментальных программ и спецкурсов по экологии. Фонд-Сорос-Казахстан.
Алматы.1999. С.64-79.
2. Бакирова К.Ш Сейiтов Н.С. «Сулы жуйелер экологиясы» арнайы курсынын типтiк
бағдарламасы; «География-экология» мамандығы студенттерiне арналған. Халықаралық
«Сорос-Казахстан Коры». 2000.12б.
3. Модульная программа по дисциплине «Экология человека». Сорос-Казакстан.
2001. 34с.
Бакирова К.Ш., Сейлхан А.С.
ПРЕПОДОВАНИЕ ЭКОЛОГИЧЕСКИЕ ДИСЦИПЛИНЫ НА
ДИДАКТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ
В статье рассматривается методология преподавания ряда экологических
дисциплин, которые обеспечивают экологическую безопасность населения. В частности
приводятся специфика и особенности методов и форм преподавания дисциплин:
«Экология водных систем», «Экология человека», «Правовые основы экологии».
Bakirova K.S , Seylhan A.S.
ENVIRONMENTAL OF TEACHING DISCIPLINE DIDACTIC BASES
In article the methodology of teaching of some ecological disciplines which provide
ecological safety of the population is considered examined. In particular are resulted specificity
and features of methods and forms of teaching of disciplines: «Ecology of water systems»,
«Ecology of the person», «Legal bases of ecology».
29
ƏОЖ 632. 7
Бейсен Г., Ысқақ С.
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
АГРОМЕТЕРОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ АЗИЯЛЫҚ ЖƏНЕ ИТАЛИЯЛЫҚ
ШЕГІРТКЕЛЕРДІҢ ФЕНОЛОГИЯЛЫҚ ФАЗАЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫНА ƏСЕРІ
Аңдатпа
Қазақстанда зиянкес шегірткелердің 270-ден астам түрлері тіркелген. Олардың
ішінде тек 15-20 түрлері ғана ауыл шаруашылығы дақылдары мен ауыл шаруашылығына
жарамды жерлерде өсетін табиғи шөптерге, жайылымдықтарға, шабындықтарға зиянын
тигізеді. Олар үйірлі жəне саяқ топтарына бөлінеді. Зиянкес шегірткелердің үйірлі түрлері
өте зиянды болып келеді. Үйірлі шегірткелерге 3 түр – азиялық, мароккалық жəне
италиялық шегірткелер жатады. Азиялық шегіртке популяциясы Шығыс Қазақстан,
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарын мекендесе,
италиялық шегірткенің ірі ошақтары Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан,
Атырау облыстарында орналасқан. Мақалада Алматы облысындағы Алакөл ауданындағы
Балқаш-Алакөл ұяшығын мекендейтін азиялық жəне италиялық шегірткелердің дамуына
агрометеорологиялық факторлардың əсері баяндалады.
Кілт сөздер: Зиянкес шегірткелер, биология, агрометеорологиялық факторлар,
предиктор, ылғалдылық, ауа температурасы, тиімді температуралар жиынтығы,
гидротермиялық коэфициент, фитосанитарлық диагностика, болжау, вегетациялық кезең.
Кіріспе
Азиялық жəне италиялық шегірткелер ауыл шаруашылығы дақылдарына үлкен зиян
келтіреді. Үйірлі шегірткелердің ішінде еліміздің барлық дерлік аумағында тіршілік етіп,
ауыл шаруашылығына елеулі қауіп келтіретін италиялық шегіртке. Оның зиян келтіретін
ареалы шығыс, орталық, солтүстік батыс өңірлерді алып жатыр. Кейінгі жылдары азиялық
жəне
италиялық
шегірткелердің
Қазақстанның
оңтүстік-шығысында
ауыл
шаруашылығына жарамды жерлерде кеңінен таралуы мен дамуына қарсы қорғау
шараларын уақытылы жүргізбеу себеп болды. Жаппай өсіп-өніп көбейген жылдары
шегірткелер осы жерлерден ондаған, жүздеген километр қашықтықта орналасқан егін –
жайларға, пішендікке, мал жайылымдарына ұшып барып орасан зор зиян келтіреді.
Осыған байланысты азиялық жəне италиялық шегірткенің Қазақстанның оңтүстік-
шығысы жағдайында дамуын болжаудың агрометеорологиялық предикторларын анықтап,
оларға қарсы жүргізілетін жою шараларының мерзімін белгілеу маңызды мəселе болып
табылады.
Зерттеу материалдары мен əдістері
Шегірткелердің əрбір түрінің өзіндік өсіп-даму заңдылықтары, популяция
құрылымының өзгеруі, тəуліктік жəне маусымдық белсенділігі, мекен-жайларына
орналасуы, қоректенуі жəне тағы да басқа ерекшеліктері болады. Шегірткелер
популяциясының сан динамикасын білу үшін зиянкестердің систематикалық түрін нақты
білу жеткіліксіз. Осыған орай шегірткелердің қандай жерді мекендейтінін жəне қандай
шөптер түрлерімен қоректенетінін жете білу қажет. Сонымен қатар зиянкес
шегірткелердің бір орында тұрып қалмай, алыс жерлерге орын ауыстыратын
«миграциялық» қасиетін де естен шығармау абзал.
Жалпы шегірткелердің мекен-жайларын анықтау жұмыстары, олардың санын, олар
жайлаған территорияның көлемін білу үшін жəне қажеттілігі туа қалған жағдайда оларға
қарсы жою шараларын дайындау үшін жүргізіледі.
30
Шегірткелердің түр құрамдарын зерттеу жұмыстары көптеген ғалымдардың
əдістемелеріне сай жүргізіледі.
Белгілі бір кезеңдегі ауа температурасының орташа көрсеткіші төмендегі формула
бойынша анықталды:
T
t
t
t
. … … … t
n
мұнда,
t t
t
. … … … t - əр бір жеке күннің орташа температурасы,
0
С; –
кезеңнің ұзақтығы, күндер.
Егер де онкүндіктің температура көрсеткіштері тұтастай пайдаланылатын болса,
онда ол онкүндіктің орташа көрсеткішін 10 немесе 11-ге көбейтеді. Ал онкүндіктен аз
күндер болса, онда сол күндер санына көбейтеді.
Тиімді температуралар жиынтығы (ТТЖ) төмендегі формула бойынша анықталды:
ТТЖ
Т
Т
n,
мұнда, Т – шегірткенің дамуының төменгі температуралық көрсеткіші.
Ауа температурасы мен ылғалдың біріккен əрекетін анықтайтын көрсеткішті ГТК –
гидротермиялық коэффициент дейді. Бұл көрсеткіш ауа температурасының 10
0
С жоғары
болған мерзімдерін ғана сипаттай алады. Ол төмендегі формула бойынша анықталады:
ГТК =
.………
∗
.………
,
мұнда, r
1
- бір кезеңнің жекелеген тəуліктері бойынша түскен жауын мөлшері.
Зерттеу нəтижелері
2015 жылы маусым жəне қыркүйек айларында ғылыми-зерттеу практикасы Алматы
облысы Алакөл ауданы аумағында жүргізілді. Алакөл аудандық аумақтық инспекция мен
аудандық фитосанитарлық диагностика жəне болжау мекемесі қызметкерлерімен бірге
зерттеу жұмыстары Арқарлы ауылдық округінің (италиялық шегірткенің жусан жəне
жабайы шөптер өскен стациясы - Орысбай учаскесі) жəне Алакөл, Сасықкөл көлдерінің
жағалауындағы (азиялық шегірткенің Бесағаш ауылдық округіндегі Башық, Қасқыр жота
Қынашбай, Жағатал ауылдық округіндегі Бесағаш, Есімбек ұяшықтары) аумағында
вегетациялық кезең бойы жүргізілді. Наурыз бен қыркүйек айлары аралығындағы ауа
температурасы, жауын-шашын мөлшері, ауа ылғалдығының көрсеткіштері есепке алынды
(Кесте 1).
Кесте 1 - Алматы облысы Алакөл ауданы бойынша абиотикалық факторлардың (ауа
температурасы, жауын-шашын мөлшері, ауа ылғалдығы) 2015 жылғы вегетациялық
кезеңдегі көрсеткіштері
Айлар
Жауын-шашын
мөлшері, мм
Күндік орташа
температура, t°
Ауа ылғалдылығы,%
I II
III
I
II
III I II III
Наурыз 0,9 0 1,52
-3,6
-1,0
-3,9
80,5
78,8 82,7
Сəуір
0.3
1,8 2,8 4,7 12,2 16,85 63.5 54.4 48.8
Мамыр 2,9 4,0 5,3 20,8 19,4 17,9 45,8 52,9 60,3
Маусым 6,4 8,2 8,2 22,7 22,0 25,1 47,9 50,9 41,8
Шілде
9,1 9,1 8,7 20,8 26,0 29,9 49,8 44,3 44,5
Тамыз
9,5
8,5 11,6 22,9 22,01 19,6 39,95 52,1 54,3
Қыркүйек 13,8 14,1 17,4
16,7 15,6 9,0 56,9 55,9 60,8
Қазан
12,8 12,1 15,4 14,1 9,5 5,0 46,7 73,9 66,0
Наурыз айы бойы ауа температурасы бірқалыпты деңгейді көрсетті, күн ашық, жел
əртүрлі бағытта соқты. Апта соңында ауа-райы күрт бұзылды, 11-ші күнінде қар жауды,
31
оңтүстік-шығыстан аздаған жел соқты. 3-шы онкүндігінде күндік орташа температура -
3,9ºС-ға дейінгі суықтықты көрсетті. Ауа –райының құбылмалы, салқын, суық желдің жиі
соғуына байланысты аса кауіпті жəне зиянды организмдердің шығуы байқалған жоқ.
Сəуір айының соңғы күндерінде жəне апта ішінде ауа температурасының күндізгі
уақыттарда көтерілгені байқалды, түнгі уақыттарда төменгі деңгейде болды, жел əртүрлі
бағытта соқты. Апта соңында күн бұлтты болып, аздаған жаңбыр жауды, солтүстік-
батыстан салқын жел соқты. 2- ші онкүндікте жауын-шашын мөлшері 1,8 мм көрсетті.
Мамыр айының соңғы күндерінде жəне апта ішінде ауа-райы құбылмалы болды, 22-
ші жұлдызында сіркіреген жаңбыр жауды, 26-шы жұлдызында тəулік бойы толассыз
жаңбыр жауды, 3/13 м/сек деңгейінде үздіксіз жел соқты. Апта соңында күн ашылды,
күндік орташа ауа температурасы +20,8ºС болды.
Маусым айының соңғы күндерінде ауа температурасы бірқалыпты деңгейді көрсетті,
күн ашық, оңтүстік-шығыстан аңызақ ыстық жел соқты. Апта ішінде ауа-райы күрт
өзгерді, күн бұлтты болып, 15-ші жəне 16-шы күндерінде толассыз жаңбыр жауды,
солтүстік-батыстан 3/13 м/сек деңгейінде үздіксіз салқын жел қатты соқты. Апта соңында
күндік орташа температурасы +25,1ºС болды.
Шілде айында аптаның соңғы күндерінде жəне апта ішінде ауа температурасы ең
жоғары көрсеткіш деңгейін көрсетіп тұрды, күн ашық, оңтүстік-шығыстан аптап ыстық
жел соқты. Апта соңында ауа-райы құбылмалы болды, күн бұлтты болып, оңтүстік-
шығыстан аздаған жел соқты, күндік орташа температурасы + 29,9ºС болды. Ауа
ылғалдығы 49,8%-ті көрсетті.
Тамыз айында аптаның соңғы күндерінде ауа-райы күрт өзгерді, күн бұлтты болып,
21-ші тамызда жаңбыр жауды, оңтүстік-шығыстан аздаған жел соқты. Апта ішінде ауа
температурасы бірқалыпты деңгейді көрсетті, күн ашық, жел əртүрлі бағытта соқты. Апта
соңында ауа-райы қайта өзгерді, күн бұлттанып, 26-шы тамызда өткінші жаңбыр жауды,
солтүстік-батыстан 4/19 м/сек деңгейінде үздіксіз жел соқты. 3-ші онкүндікте жауын-
шашын мөлшері 11,6 мм ды құраса, күндік орташа температурасы +19,6ºС болды.
Қыркүйек айының соңғы күндерінде жəне апта ішінде ауа-райы құбылмалы, бұлтты
болды, 19-шы жəне 21-ші, 22-ші күндерінде толассыз жаңбыр жауды, оңтүстік-шығыстан
3/10 м/сек, 4/13 м/сек, 9/20 м/сек деңгейінде жел қатты соқты. Апта соңында күн ашылды,
оңтүстік-шығыстан аздаған жел соқты. Ауа ылғалдылығы 55,9 % ті көрсетті.
Қазан айының соңғы күндерінде ауа-райы күрт өзгерді, күн бұлтты болып, 23-ші
жəне 24-ші күндерінде сіркіреп жаңбыр жауды, аздаған қар ұшқындады, солтүстік-
батыстан 4/10 м/сек деңгейінде үздіксіз жел соқты. Апта ішінде жəне апта соңында ауа
температурасы бірқалыпты деңгейде болды, күн ашық, оңтүстік-шығыстан 3/11 м/сек
деңгейінде жел соқты. Күндік орташа температурасы 3-ші онкүндікте +5,0°С болды.
Нəтижелерді талдау
Италиялық шегірткенің алғашқы дернəсілдерінің жер бетіне шыққан кезі мамыр
айының 22-ші жұлдызында Арқарлы ауылдық округі, Шілікті аймағында анықталды, ал
популяцияның жаппай дамуы ауа-райының құбылмалы, үздіксіз салқын желдің жиі
соғуынан 1 онкүндікке кешікті. Ал азиялық шегірткенің дернəсілдердің жер бетіне шығуы
мамыр айының 16-шы жұлдызында Бескөл, Ақтүбек ауылдық округтері, Бесқасқа,
Шұбартүбек аймақтарында анықталды, ал жаппай жер бетіне шығуы 19-шы мамырда
Қамысқала, Бескөл ауылдық округтері, Ұялы, Алеш, Бесқасқа аймақтарында тіркелді.Ауа
райының қолайсыздығына байланысты биылғы жылы италиялық шегіртке дернəсілдерінің
дамуы 30-40 күнге, ал азиялық шегірткенің дамуы 45-60 күнге дейін созылды.
Италиялық шегірткенің қанаттануы 30-шы маусымда Теректі ауылдық округінде,
Шілікті аймағында, ал азиялық шегірткенің қанаттануы шілде айының 8-ші жұлдызында
басталуы анықталды.
32
Италиялық шегірткенің шағылысуы шілде айының 17-ші күні, жұмыртқа салуы 31-
ші шілдеде анықталды. Азиялық шегірткенің шағылысуы 22-ші шілдеде, ал
жұмыртқалауы 21-ші тамызда Қамысқала ауылдық округі, Уялы аймағында басталуы
тіркелді. Мониторинг жұмыстарының нəтижесінде белгілі болғаны, келесі жылы азиялық
шегіртке популяциясының санының күрт өсу динамикасы байқалады.
Италиялық шегірткенің күбіршектері аз мөлшерде байқалды, күбіршектің
паразиттер жəне энтомофагтармен зақымдануы 7-9 пайыз болса, күбіршектегі
жұмыртқалардың саны 42-46 дананы құрады.
Азиялық шегірткенің қоныстану тығыздығының басымдылығы Бескөл ауылдық
округі, Алеш аймағында байқалды жəне оның күбіршектерінің зақымдануы 2-4 пайызды
құрады. Күбіршектегі жұмыртқаның саны 72-95 данаға жетті. Италиялық шегіртке
ересектерінің өле бастауы қыркүйек айының 3-ші онкүндігінде, ал азиялық шегірткенің
өле бастауы 3-ші онкүндігінде тіркелді.
Италиялық шегіртке дернəсілдерінің саны 5-26 экз./м
2
болса, ал азиялық шегірткенің
саны 8-52 экз./м
2
дейін жетті. Италиялық шегірткенің қанаттанған дарақтарының саны 1
шаршы метр жерге 30-50 данадан, ал азиялық шегіртке ересектерінің саны 80-90 экз./м
2
болды.
Италиялық шегіртке дернəсілдерінің дамуы үшін
3855
0
С, азиялық шегіртке
дернəсілдері үшін
2368
0
С тиімді температуралар жиынтығы қажет (ТТЖ). Азиялық жəне
италиялық шегіртке дернəсілдерінің алғашқы жер бетіне шығуы, тиісінше 2015 жылғы 16
жəне 30 мамырға тұспа тұс келді. Алматы облысы Алакөл ауданы аумағындағы
италиялық жəне азиялық шегірткелер тіршілік ететін аймақтың гидротермиялық
коэффициенті (ГТК) тиісінше 1,9 – 1,6 көрсеткішімен сипатталады.
Италиялық шегірткенің 2-жастағы дернəсілдеріне қарсы 10 маусымнан бастап, ал
азиялық шегірткеге қарсы мамыр айының 3-ші онкүндігінде химиялық күрес шараларын
жүргізе бастауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |