Министерство сельского хозяйства республики казахстан



Pdf көрінісі
бет6/42
Дата03.03.2017
өлшемі3,78 Mb.
#7247
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42

Əдебиеттер 
1. Муржанов  И.Т.  Почвозащитное  земледелие  на  каштановых  супесчаныхпочвах
Казахстан – Алматы, 1995. – 89 л.  
2. Конопьянов  К.Е.,  Цекуренко  Л.Н.  Продуктивность  кормовых  культур  в
зависмости от различных предшественников – Павлодарский  ЦНТ, 1992. – 15 л.  
3. Свешников  А.М.,  Свешникова  Н.Н.  Возделывание  суданской  травы  на  севере
Казахстан – 1985. – 13 л.  
4. Тютюнников В.Н. Суданская трава – Алматы, 1978. – 75 л.
Дуйсенова Г., Жоламанов Қ. 
ВЛИЯНИЕ ПРЕДПОСЕВНОЙ ОБРАБОТКИ ПОЧВЫ НА ЗАСОРЕННОСТЬ ПОСЕВОВ 
СУДАНКИ И НА АГРОФИЗИЧИСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ ПОЧВЫ В УСЛОВИЯХ 
ОРОШЕНИЯ  ПРЕДГОРНОЙ ЗОНЫ ЮГО – ВОСТОКА КАЗАХСТАНА 
В  статье  приведены  исследований  предпосевной  обработки  почвы  на  засоренность 
суданки    и  на  агрофизические  показатели  почвы  в  условиях  орошения  предгорной  зоны  
юго – востока Казахстана. 
Duisenova G., Zholamanov Kh. 
INFLUENCE PRESOWING CULTIVATION OF THE SOIL ON A WEEDINESS SOWING 
SUDAN – GRASS AND ON AGROPHYSICAL INDICATORS OF THE SOIL IN THE 
CONDITIONS OF AN IRRIGATION A FOOTHILL ZONE SOUTH – EAST PAST OF 
KAZAKHSTAN 
In the article resulted researches of preseed treatment of soil on the impurity of Sudanese 
and on the agrophysical indexes of soil in a foothill zone of South – east past of Kazakstan. 
ƏОЖ 633.71;631.5;633.37  
Елтай М.Б., Əубакіров Қ.Ə. 
Қазақ ұлттық аграрлық университет 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК – ШЫҒЫС АЙМАҒЫНЫҢ ТАУ БӨКТЕРІНДЕ 
БҰРШАҚТЫ – АСТЫҚТЫ ШӨП ҚОСПАЛАРЫНЫҢ ҰЗАҚЖЫЛДЫҚ  
ӨНІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ 
Аңдатпа  
Мақалада    Қазақстанның  оңтүстік – шығыс  аймағының  тау  бөктерінің  суармалы 
жерінде  күрделі  бұршақты – астықты  шөп  қоспаларының  ұзақ  жыл  бойы  өнімін 
қалыптастыруды  жəне 6- жылы  азот  тыңайтқышымен (N35) қоректендірудің  тиімділігін 
зерттеп мəдени жайылымдар жасауға перспективалы үлгісі ұсынылған. 
Кілт сөздер: мəдени жайылым, шөп қоспалары, бұршақ, астық тұқымдас шөптер. 

42 
 
Кіріспе  
Бұршақты – астықты  шөп  қоспаларын  мəдени  жайылымдар  жасауға  пайдаланудың 
маңызы  көптеген  ғылыми  əдебиеттерден  белгілі: (1-3). Қазақстанның  оңтүстік-шығыс 
аймағында  мал  шаруашылығының  қарқынды  дамуында  сцармалы  мəдени  жайылымдар 
жасап пайдаланудың маңызы зор. Көптеген Еуропа жəне Балтық жағалауындағы елдерде 
қазіргі  кезде  мұндай  технология  кеңінен  қолданылып  сүт  өнімдерінің  көлемін  жəне 
сапасын арттыруда орны ерекше болып отыр. 
Ресейдің  əртүрлі  аймақтарында  жүргізілген  тəжірибелерге  сүйене  отырып,  жалпы 
мəдени  жайылымдарды  мал  шаруашылығын  интенсивтендіруге  пайдалана  отырып, 
келешекте  əр  шаруашылықтың  кешенінде  мəдени,  экономикалық  жəне  экологиялық 
тəртіптерді қатаң сақтауға болатынын теориялық жəне практикалық негізде көрсетті [1]. 
Ғалымдардың  зерттеулері  бойынша  əртүрлі  аймақтарда  қалыптаасқан  топырақ-
климат  жағдайына,  бағылатын  мал  түрі  мен  асыл  тұқымдығына  жəне  алынатын  мал 
өніміне  байланысты  мəдени  жайылымдарды  жасудың,  оны  пайдаланудың  технологиясы 
өзгеріп  отыратыны  анықталды.  Ең  бастысы  мəдени  жайылымдарға  себілетін  шөп 
түрлерін, қоспадағы арақатынасын ғылыми тұрғыда анықтап өндіріске ұсыну. 
Қазақтың  ұлттық  аграрлық  университетінің  оқу  тəжірибе  шаруашылығында 2009 
жылдан бастап күрделі шөп қоспалары зерттелуде [4]. 
Зерттеу нəтижелері  
Далалық  тəжірибеде  төрт  шөп  қоспалары  алынды.  Шөп  қоспаларына  əдетте 
себілетін бұршақ тұқымдастарымен қатар жаңа перспективалы көпжылдық мүйізбас шөп 
енгізілді. Шөп қоспаларында бұршақ тұқымдас шөптер жəне астық тұқымдастар 50% етіп 
алынды.  Мақсатымыз  əр  шөп  қоспаларына  мүйізбас  шөпті  енгізу  арқылы  бұршақ 
тұқымдас  шөп  үлесінің  мəдени  жайылымда  ұзақ  уақыт (8-10 жылдай)  сақтау 
мүмкіншіліктерін  анықтау.  Өйткені  бізге  белгілі  болғандай  шөп  қоспаларында  эспарцет 
пен  жоңышқаның 3-4 жылдай  ғана  сақталып,  одан  кейін  жайылымда  астық  тұқымдас 
шөптер үстемдік құратыны белгілі. Зерттеуде бақылау үлгісі ретінде бұрыннан суармалы 
жайылымда  себіліп  келген  шөп  қоспасы  алынды.  Бұршақты – астықты  шөп  қоспалары 
2009  жылы 20 сəуірде  арпа  жамылғысымен  себілді.  Арпаның  тұқым  себу  мөлшері 30% 
дейін төмендетілді. Арпа көк шөпке толық түтіктенген  кезеңде орылып алынды. Бұршақ 
жəне астық тұқымдас шөптердің өскіндері 7-8 күннен кейін көріне бастады. 
Толық  өскіндері 15-20 күннен  кейін  түзілді.  Шөп  қоспаларында  астық  тұқымдас 
шөптердің далалық өнгіштігі 47-50%, бұршақ тұқымдас шөптердің далалық өнгіштігі 54-
60%  шамасында  болды.  Күзде 70-74% өсімдіктер  сақталды.  Шөп  қоспалары  себілген 
жылы екі рет жайылымға орылды. Келесі жылдары төрт-бес ретке дейін орылды. Себілген 
жылы  шөп  қоспаларының  əр  гектарынан 241,5-282,5 ц  жайылымдық  өнім  алынса, 
төртінші  жылы  бұл  көрсеткіш 390,8-467,1 ц  аралығында  болды.  Бесінші  жылы  шөп 
қоспаларының  өнімі 353,0-424,7 ц/га  болды.  Яғни 5-жылы  барлық  шөп  қоспаларының 
өнімділігінің төмендегенін көреміз.  
 
Кесте 1 – Бұршақ – астықты шөп қоспаларының жайылымдық өнімділігі  
 
Шөп қоспалары 
Көк балауса өнімі , ц/га 
4-ші жылы (2013)  5-ші жылы (2014) 
1-ші  жоңышқа+эспарцет(50%)+қылтықсыз 
арпабас+жиматарғақ+жайылымдық 
үйбидайық (50%) (бақылау) 
390,8 353,0 
2-ші  жоңышқа+мүйізбас  шөп (50%) + 
қылтықсыз  арпабас + жиматарғақ + 
жайылымдық үйбидайық 
460,2 420,4 

43 
3-ші эспарцет+мүйізбас шөп (50%) + қыл-
тықсыз арпабас + жайылымдық үйбидайық
428,2
396,5 
4-ші  жоңышқа+эспарцет+мүйізбас  шөп 
(50%) + қылтықсыз  арпабас + жиматарғақ 
+ жайылымдық үйбидайық (50%)
467,1
424,7 
Алынған  мəліметтерден  түйгеніміз,  жоңышқа  мен  эспарцеттің  шөп  қоспаларында 
алғашқы 1-3 жылдары  пайдаланғанда  үлесінің  жоғары  болғанын,  ал 3-4 жылдан  бастап 
өнімде үлестерінің төмендей бастағанын анықталық. 
Шөп  қоспаларын 6-жылы  зерттегенде  үлгілердің  жарты  мөлдегіне  азот 
тыңайтқышымен  қоректендірілді.  Бұл  тұрғыда  негізгі  мақсат  шөп  қоспаларының 
өнімділін жəне сапасын əрі қарай ұзартуға болатыны зерттелді. 
Барлық  үлгілерден  бақылау  үлгісіне  қарағанда  жоғары  өнім  алынды.  Азот 
тыңайтқышымен (N35 ц/га)  үстеп  үстеп  қоректенбеген  үлгіден  өнімі 5-жылғыдан  аздау 
алынды (30-40 ц/га).  Ал  азот  тыңайтқышымен  үстеп  қоректендірілген  үлгілерден 43-
48ц/га көп жайылымдық азық көп жиналды (кесте 2).  
Кесте 2 - Шөп қоспаларының 6-шы жылғы өнімі, ц/га (2015ж.) 
Шөп қоспалары
1-ші 
орым
2-ші 
орым
3-ші 
орым
4-ші 
орым 
5-ші 
орым 
барлы
ғы
1
2
3
4
5

7
1-ші шөп қоспасы 
(жоңышқа+эспарцет+қылтықсыз 
арпабас+жиматарғақ+біржылдық 
жайылымдық үйбидайық) 
74,6
73,1
67,5
64,2 47,2 325,6
2-ші шөп қоспасы (жоңышқа+ 
мүйізбасшөп+қылтықсыз 
арпабас+жиматарғақ+біржылдық 
жайылымдық үйбидайық) 
83,2
84,7
83,8
74,1 49,6 375,7
3-ші шөп қоспасы ( эспарцет + 
мүйізбас  шөп+қылтықсыз 
арпабас+жиматарғақ+біржылдық 
жайылымдық үйбидайық) 
77,5
78,6
76,4
72,2 47,5 352,2
4-ші шөп қоспасы (жоңышқа+ 
эспарцет+мүйізбасшөп+қылтықс
ыз арпабас+бір жылдық 
жайылымдық үйбидайық) 
86,1
88,1
85,2
74,7 50,1 384,6
N 35 кг/га (қоректендіру)
1-ші шөп қоспасы (жоңышқа + 
эспарцет+қылтықсыз арпабас 
+жиматарғақ+біржылдық 
жайылымдық үйбидайық)  
80,4
81,2
75,6
71,1 60,5 368,8
2-ші шөп қоспасы (жоңышқа 
+мүйізбасшөп+қылтықсыз 
арпабас+жиматарғақ+біржылдық 
жайылымдық үйбидайық) 
87,7
90,4
87,2
79,0 59,6 403,9
3-ші шөп қоспасы (эспарцет + 
мүйізбас шөп + қылтықсыз 
арпабас + жиматарғақ + 
біржылдық жайылымдық 
үйбидайық) 
85,5
88,3
87,4
75,5 58,4 395,1

44 
4-ші шөп қоспасы (жоңышқа 
+эспарцет+мүйізбасшөп+қылтық
сыз арпабас+біржылдық  
үйбидайық) 
95,2 95,7 93,5 81,4 64,3 430,2 
Қорытынды  
Қорыта  келгенде  зерттеуге  алынған  бұршақты-астықты  шөп  қоспалары 6 жылға 
дейін өнімін жəне сапасын сақтайтыны белгілі болды. Əсіресе шөп қоспаларына бұршақ 
тұқымдас  мүйізбас  шөпті  енгізгенде  шөп  қоспасының  өнімі  мен  сапасының  жоғары 
болғандығы анықталды. Бұршақты-астықты шөп қоспаларынын 6-шы жылдан бастап азот 
тыңайтқышымен  үстеп  қоректендіргенде  түсетін  өнімді  біршама  көтеруге  жəне  шөп 
қоспаларының тиімділігін арттыруға болатыны анықталды.  
Əдебиеттер  
1. Зыков  Ю.Д.  проблема  растительного  белка  в  Казахстане // Алматы  «Бастау»,
1990.- 47 с. 
2. Андреев Н.Г. Орашаемая культурная пастбища // Москва, 1987. - 50 с.
3. Асанов К.А., Денисов В.М. Кормовая база Южного Казахстана // Алматы, 1981. –
С. 25-35 
4. Əубəкіров  Қ.Ə.,  Атақұлов  Т.А.  ж.т.б.  Мал  азығын  интенсивтендірудің  өзекті
мəселелері // Халықаралық ғылыми – практикалық конференция «Қазақстанның аграрлық 
секторындағы иновация» Алматы, 2008.- 2 т. - 254 б.  
Елтай М., Аубакиров К. 
ПРОДУКТИВНОСТЬ БОБОВО-ЗЛАКОВЫХ ТРАВОСМЕСЕЙ В УСЛОВИЯХ 
ПРЕДГОРНОЙ ЗОНЫ ЮГО-ВОСТОКА КАЗАХСТАНА 
В  статье  приводятся  результаты  исследований  продуктивности  сложных  бобово–
злаковых травосмесей в условиях орошения предгорной зоны юго-востока республики и 
выявлены перспективные варианты опыта для создания культурных сеяных пастбищ. 
Eltay M., Aubakirov K. 
PRODUCTIVITY LEGUMINOUS-CEREAL GRASSMIXTURES IN THE CONDITIONS OF 
A FOOTHILL ZONE OF SOUTH-EAST OF KAZAKHSTAN 
To the article the results of researches productivity are driven difficult leguminous-cereal 
grassmixtures in the conditions irrigation of a foothill zone South-east of republic and the 
perspective variants of experience are educed for creation of cultural seeding pastures. 

45 
ƏОЖ 633.11:631.527.(574.25) 
Жайнарбай Қ., Баядилова Г.О. 
Қазақ ұлттық агарарлық университеті 
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ҚАРАСАЙ АУДАНЫ ЖАҒДАЙЫНДА КҮЗДІК БИДАЙДЫҢ  
ӨНІМІ ЖОҒАРЫ,  ҚОҢЫР ТАТ АУРУНА ТӨЗІМДІ СОРТ ҮЛГІЛЕРІН  
CҰРЫПТАП АЛУ 
Аңдатпа  
Мақалада  Оңтүстік–Шығыс  Алматы  облысы,  Қарасай  ауданы  жағдайында  күздік 
бидай  сортүлгілерін  қоңыр  тат  ауруына  төзімділігін  зерттеу  бойынша  жүргізілген 
жұмыстардың нəтижелері келтірілген. Зерттеулерде бидайдың келешегі мол сорттарының 
шаруашылық-құнды  қасиеттерінің  белгілі  бір  көрсеткіштері  бойынша  ерекшеліктері 
айқындалған. 
Кілт  сөздер:  СІММYТ, ICARDA, Бидай,қоңыр  тат,  сортүлгілер,  өнімділік,  сорт, 
сапа. 
Кіріспе  
Қазіргі  таңда  азық-түлік  мəселесін  шешу  бүкіл  ғаламшардағы  халықтың  тіршілігін 
қамтамасыз  ету  негізі,  бірінші  кезекте  ауыл  шаруашылығының  оның  негізгі  саласы – 
өсімдік  шаруашылығының  тиімді  жұмыс  атқаруына  байланысты  болып  келеді.  Астық 
дақылдарын  өсіру  Қазақстанның  ауыл  шаруашылығының  дамуының  əлеуетті  бағыты 
болып табылады. Ал бидай тек стратегиялық дақыл болып қана қоймай, сондай-ақ, халық 
шаруашылығында    маңызы  бар,  ұлтымыздың  ең  негізгі  байлығы  болып  табылады.  Ол 
елімізді қаншама жылдар бойы нан өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді [1]. 
Астық  дақылдарына  зиян  келтіретін  саңырауқұлақ,  вирус,  бактерия  ауруларының 
ішіндегі  ең  қауіптісі  тат  аурулары.  Жалпы  оның  сары,  қоңыр  жəне  сабақ  тат  түрлері 
көптеген шығын келтіреді [2].  
Зерттеу материалдары мен əдістері  
Зерттеу жұмыстары 2013-2015 жылдар аралығында теңіз деңгейінен 730 м биіктікте 
Іле  Алатауының  баурайындағы  жазықтықта  орналасқан  Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік 
шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  инстутының  тəжірибе  стационарында (-ашық  қоңыр-
топырақ),  жүргізілді.  Егістік  алқапта  өскіндер  пайда  болғаннан  кейін  фенологиялық 
бақылау  жүргізіле  басталды.  Аурулардың  даму  қарқыны  өскін  шыққаннан  бастап  дəн 
толысып  піскенге  дейін 4-5 рет  есептеледі.  Астық  дақылдарының  өсу  кезеңдерін  Фикес 
ұсынған  шкала    арқылы  анықтауға  болады.  Жасанды  індет  аясын  қолдану 
фитопатогендерге төзімді сəтті селекцияның негізі болып табылады. 
Қоңыр тат  Күздік бидайдың жапырақ қоңыр тат қоздырғышы – Puccinia persistens. 
Plowr. (Puccinia tritici Eriks.) саңырауқұлағы  дəнді  дақылдарда  кең  таралуы  мен 
зияндылығы жағынан ерекшеленеді. Жүргізілген зертеулер бидайда қоңыр тат ауруының 
эпифитотия  дəрежесіне  дейін  дамуы  республикамыздың  оңтүстік-шығыс  аймағында 10 
рет байқалып, 25-30%-ға дейінгі егіс көлемін қамтығандығын көрсетеді [3].  
Бидайдың  қоңыр  тат  ауруы  жапырақтың  төменгі  жағында  дөңгелек,  ұсақ,  ретсіз 
орналасқан бір клеткалы қоңыр қабығы бар, ұсақ тікен тəрізді өскіні бар домалақ немесе 
эллипс  тəрізді  урединиоспоралардан  тұратын  қоңыр  пустулалар  түрінде  көрінеді. 
Өсімдіктің вегетациясының соңына қарай жапырақтың төменгі жағында ұзынша түйреуіш 
тəрізді, жоғарғысы төменгісінен қалыңырақ, екі клеткалы, ашық қоңыр телиоспорасы бар 
жылтыр қара пустулалар түзіледі [4].  

46 
 
Сонымен  қатар  республикамыздың  оңтүстік  жəне  батыс  аймақтарындағы  қоңыр 
таттың 1974-2013 жж.  Анализденген 27 жылдың  ішінде  батыс  аймақта  қоңыр  таттың 
дамуы 8 рет: 1974, 1976, 1979, 1983, 1985, 1990, 1993 жəне 1994 жж., Алматы облысында – 
14 рет байқалды, яғни мұндағы аурудың қалыпты немесе эпифитотиялық дамуы 57,2 %-ға 
сəйкес келді [5, 9]. 
Зерттеу  барысында  ИКАРДА  тізбектері  иммундылығымен  көзге  түсті.  Үлгілер 
арасынан U11AGEC-25; U11AGEC-27; U11AGEC-28 тізбектерінде жапырақтардың қоңыр 
татпен залалдануы 20-30% құраса, аурудың дамуы 58,3% шамасында болды.  
Ал аудандастырылған жергілікті Қазақстандық сорттарға тоқталатын болсақ, зерттеу 
барысында күздік бидайдың Раминал, Южная-12  жəне Стекловидная 24 сорттары қоңыр 
татқа  иммундылығын  көрсетті.  Қалған  сорттардан  Наз 15-20% зақымданса,  Опакс-70, 
Жетысу  мен  Егемен  сорттары 30-40%, ал  Рамин  мен  Қызыл  бидай  сорттары   50-60%  
орташа мөлшерде ауруға шалдыққыш болып шықты (сурет 1).  
 
 
Сурет 1- Қоңыр тат. 
 
1  кестеде  көрсетілген  қоздырғыштардың  қоршаған  ортаға  қоятын  талаптырына  сай 
2014 жылы Алматы облысы жағдайында жүргізілген зерттеу жұмыстарында өсімдіктерге 
инокуляция 4 рет мамыр айының 03, 08, 21 жəне 31 жұлдызында жүргізілді (кесте 5). 
Кесте - 1 Жасанды  індет  аясын  жасау  барысында  өсімдіктерге  тат  ауруларын 
жұқтыру үшін қажетті температура параметрлері 
 
Тат түрлері 
Минимум 
Оптимум 
Максимум 
Сары тат Puccinia striiformis 

10-15 
20-23 
Қоңыр тат Puccinia recondita 
6-10 
18-20 
30 
 

47 
Сурет 2 - Астық дақылдарының қоңыр тат қоздырғыштарына реакциялық типін бағалау 
үшін қолданылатын Майнс пен Джексон шкаласы. 
Ал  күздік  бидайдың  тат  ауруларымен  залалдану  дəржесі  қоңыр  тат  –Русаков 
шкаласымен, сары тат – Маннерс шкаласымен  анықталынды.  
Вегетациялық  кезең  барысында  бидайдың  қоңыр  татының  таралу  қарқындылығын 
анықтау  үшін  сау  жəне  ауруға  шалдыққан  өсімдіктерге  бақылау  жүргізілді. 
Жапырақтардың  залалдану  қарқындылығын  аурудың  таралуы  мен  зақымданған 
өсімдіктердің  пайыздық  мөлшері  мына  формула  бойынша  анықталады  (Дементьева, 
1977):  
P = n x 100/N 
Мұндағы, P – аурудың  таралуы;  
n – ауру өсімдік саны.  
N – сұрыпталған өсімдік саны. Жапырақтардың орташа залалдануы анықталды.              
Аурудың дамуының пайыздық мөлшері  мына формула бойынша есептелінді. 
Аурудың дамуын анықтау кезінде 4 баллдық шкала қолданылды: 0 – сау өсімдіктер 
0%,  1балл- 10% дейін зақымданған,  2 балл - 25% дейін зақымданған, 3 балл - 50% дейін 
зақымданған жəне 4 балл - 50% жоғары. 
Зерттеу жəне талқылау нəтижелері 
Инфекциялық  фонда  күздік  бидай  F

будандарының    тат  ауруларымен  зақымдану 
дəрежесі 
Зерттеуге  алынған  барлық  сортүлгілер  сары  жəне  сабақ  тат  ауруларымен 
зақымдалғанын көруге болады.  
Кесте 2 - Инфекциялық  фонда  күздік  бидай  F

будандарының    тат  ауруларымен 
зақымдану дəрежесі 
Шығу тегі 
Сары тат 
балл/процент 
Қоңыр тат 
балл/процент 
Сабақ таты 
балл/процент 
Тилек х Нуреке
2/20 
3/30 
4/40
 17858 х Наз
3/30 
3/30 
4/40

48 
 
 17301-6 х Жалын 2/40 
2/40 
4/40 
 17301-6 х Наз 2/10 
2/10 
4/40 
 МК 3734 х Жадыра 2/40 2/20 4/40 
Тилек х Нуреке 2/40 
2/40 
3/30 
17858 х Нуреке 3/60 
2/20 
3/30 
MV DALMA х Наз 2/20 
2/30 2/30 
MV DALMA х Жадыра 2/10 
2/20 
2/30 
Beavorg х Нуреке 2/20 
2/30 
2/40 
Beavorg х Наз 2/10 
2/20 
2/30 
9182-5-1х Нуреке 2/20 
2/40 
3/30 
9182-5-1 х Мереке  70 
2/10 
2/40 
2/20 
 9182-5-1 х Жалын 2/20 
2/40 3/30 
9182-5-1 х Жадыра 2/20 
2/10 2/40 
Адыр х Наз 2/30 
2/40 
2/40 
МВГ-03 х Жалын 2/30 
2/20 
2/30 
20944 МК 3734 х Наз 2/10  2/40  2/40 
МК 3734 х Нуреке 2/10 
2/40 
2/20 
9201-19-2 х Наз 2/20 
2/30 
2/40 
20947  
2/40 
2/30 
2/40 
19-2 х Жалын  
3/30 
2/40 
4/40 
20949  
3/60 
3/30 
4/80 
9201-19-2 х Жадыра 2/20 2/40  4/40 
 
Зақымдалу дəрежесі бойынша ең қатты зақымдалған 20949 буданы; 
Орташа зақымдалған 20961 буданы; 
Төмен  дəрежелі  зақымдалған  көрсеткіштер  MV DALMA х  Жадыра  жəне 5-1 х 
Мереке  70 будандары. 
2014  жылы  күздік  бидай    F

будандарының    инфекциялық  фонда  өсіріп,  тат 
ауруларымен зақымдалу дəрежесі анықталды (кесте 6). 
Қорытынды 
1.
 
Бидайдың  саңырауқұлақтар  қоздыратын  ауруларының  ішінде  əлемдегі  ең  зиянды 
өсімдік  патогендері - тат  аурулары.  Тат  ауруларының  ішінде  кеңінен  таралғандарына 
бидайдың  сабақ  таты (Puccinia graminis f. sp. tritici), сары  тат (Puccinia striiformis tritici) 
жəне  қоңыр  тат (P. recondita) жатады.  Тат  ауруларының  əрқайсысына  қолайлы 
жағдайлардың  аздап  айырмашылықтары  болғаныменен,  осы  аурулардың  барлығы 
Қазақстанның бидай егілетін барлық аймақтарында кеңінен таралған. 
2.
 
Тат  саңырауқұлақтары  əбден  маманданған.  Олар  бір  немесе  əртүрлі  өсімдіктерде 
паразиттік  тіршілік  етіп,  өсімдіктердің  физиологиялық  мүшелеріне,  тұқымдарына  еніп, 
оны зақымдайды. 
3.
 
Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми-зерттеу  институтының 
егіншілік  бөлімі  соңғы  он  жыл  көлемінде  өсімдік  шаруашылығын  əртараптандыру  іс-
шарасына  баса  көңіл  бөліп,  ылғалмен  жартылай  қамтамасыз  етілген  тəлімі  аймақ 
жағдайында  бірнеше  егіс  дақылдарын  салыстырмалы  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп 
жатыр.  Институтта  өсірілетін  күздік  бидай  сорттары:  Юбилейная 60, Алмалы,  Ақтерек, 
Баянды, Мариям, Стекловидная 24, Опакс57, Арап, Дархан, Жетісу. 
4.
 
Қазақ  егіншілік  жəне  өсімдік  шаруашылығы  ғылыми  зерттеу  институтының 
«Өсімдіктер  карантині»  бөлімінің  тəжірибелік  танаптарынан  жиналған  індет  материалы 
қолданылды.  Инокулюм  ретінде  бидайдың  сабақ  (P. graminis f. sp. tritici),  қоңыр  (P. 

49 
recondite f. sp. tritici)  жəне  сары  (P. striiformis f.sp. tritici)  таттарының    қоздырғыштары 
пайдаланылды. 
5. Қорыта  келгенде  күздік  бидайдың  тат  ауруларының  зияндылығы  көбінде  шығу
мерзімі  мен  даму  деңгейіне,  сонымен  қатар  бидайдың  сорттық  ерекшеліктерімен  тығыз 
байланыста.  Қазіргі  таңда  ауру  қоздырғыштардың  популяцияларының  үнемі  өзгеріп 
тұруы  салдарынан  оңтүстік-шығыс  Қазақстан  облысындағы  халықаралық  көшеттерінің 
аса  қауіпті  аурулары  бидайдың  сары,  қоңыр  жəне  сабақ  тат  ауруларына  төзімділік  
қасиеттеріне ие жаңа донорлармен бидайдың генетикалық қорын толықтырудың маңызы 
зор. 
Əдебитетер 
1. Кочоров А.С., Дəнді дақылдарды қорғау. Алматы, 2009. Б. 65-70.
2. Абугалиев И.А. Справочник агронома. Алма-Ата, Қайнар,1985. Б. 33-34.
3. Белик В.Ф., Бахчевые культуры. - М., Колос,1980. С. 36-37.
4. Хидиров А.Э., Киреев А.Қ., Жүсіпбеков Е.Қ.// Вестник 04/2011. Б. 12-14.
5. Салямова  Н.Д.  Жаздық  жұмсақ  бидай  сорттары  мен  будандарының  жəне
коллекциялық  үлгілерінің  негізгі  ауруларға  (қоңыр  тат,  септориоз,  қатты  қаракүйе) 
беріктігі. – Автореферат, Алматы, 2005. 25 б.  
6. Айтымбетова  К.Ш.,  Насриддинов  Х.Ф.,  Р.Б.Тогисова.,  Камалов  К.А. // Вестник
04,2012. С. 23-25. 
7. Койшыбаев  М.  Болезни  зерновых  культур:  симптомы,  распространение  и
вредоносность  болезней,  специализация,  биологические  особенности  и  структура 
популяций возбудителей. - Алматы: Бастау, 2002. 367 с. 
8. Турапин  В.П.,  Мостовой  В.А.  Ржавчинные  болезни  зерновых  культур  в
Республике Казахстан и борьба с ними. - Алматы: //  Ғылым, 1995. 141 с. 
9. Абиев  С.А.  Ржавчинные  грибы  злаков  Казахстана.  Алматы  НИЦ: // Ғылым,
2002. 296 с.  
10. Каскарбаева  Ж.А.  Система  защиты  зерновых,  зернобобовых  и  масличных
культур  от  вредителей,  болезней  и  сорняков  в  Северном  Казахстане.  Рекомендация. 
Шортанды, 2005. 71 с. 
11. Хвостова  В.В.,  Шумный  В.К.  Устойчивость  пшеницы  к  бурой  ржавчине.
Новосибирск: // Наука.1978. 316 с.  
Жайнарбай К., Баядилова Г. 
ОТБОР УСТОЙЧИВЫХ СОРТООБРАЗЦОВ ОЗИМОЙ ПШЕНИЦЫ В УСЛОВИЯХ 
АЛМАТИНСКОЙ   ОБЛАСТИ  КАРАСАЙСКОГО РАЙОНА 
В статье приведены данные чувствительности озимой пшеницы к ржавчине зависит 
от наступление всходов, фаз развития и сортовых особенностей культуры. 
Zhainarbai K., Baiadilova G. 
SELECTION OF RESISTANT ACCESSIONS WINTER WHEAT IN THE ALMATY 
REGION KARASAI DISTRICT . 
The article presents data sensitivity of winter wheat rust on the occurrence of shoots, phase 
of development and varietal characteristics of culture. 

50 
 
УДК  631:52.633.633.1:635 
 
Жанбырбаев Е.А., Рысбекова А.Б., Усенбеков Б.Н., Казкеев Д.Т.,  
Беркимбай Х.А., Сарсенбаев Б.А. 
 
Казахский национальный аграрный университет 
Институт биологии и биотехнологии растений 
 
ВЛИЯНИЕ ПОЛОЖИТЕЛЬНО НИЗКОЙ ТЕМПЕРАТУРЫ НА ФИЗИОЛОГО-
БИОХИМИЧЕСКИЕ ПОКАЗАТЕЛИ У СОРТОВ РИСА 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет